Мәмбет Қойгелдиев «Алаш қозғалысы». Мәмбет Қойгелдиев алаштанушы ретінде кеңінен танымал және оның «Алаш қозғалысы» атты кітабі бар. Кітап 6 тараудан тұрады. Мұнда қозғалыс туралы егжей тегжейлі жазылған
СӨЖ Тақырыбы: «Аннотация. Алаш қозғалысы Қойгелдиев.» Орындаған: Жәдігерқызы Айна Тексерген: Әбілдос Рамазан
Аннотация Мәмбет Қойгелдиев «Алаш қозғалысы». Мәмбет Қойгелдиев алаштанушы ретінде кеңінен танымал және оның «Алаш қозғалысы» атты кітабі бар. Кітап 6 тараудан тұрады. Мұнда қозғалыс туралы егжей тегжейлі жазылған. Көп жерде жоқ мәліметтер осы кітапта.
Кітаптың 1 тарауында «Патшалық биліктің XIX ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы отарлау саясаты». Бұл тарауда Қазақ жерін отарлаудың жаңа жолдары туралы айтылған. Бұл тараудың өзін Қойгелдиев 2 бөліп қарастырған. 1) Қазақ жерін отарлаудың негізгі кезеңі және оның қорытындылары 2)Қазақ облыстарындағы отаршыл әкімшілік қызмет. Тараудың ішінде отаршыл орыс әкімшілігінің қазақ қоғамындағы хандық бтлікті жоюдағы түрлі саясаттары баяндалған. Атап айтсақ: «Сібір қырғыздары туралы жарлығы» құжаты. Олар осы құжатқа сүйеніп басқарудың жаңа апаратын құруға жетті. Олар мұнымен тоқтамады, өздерінің айтуы бойынша хандық билікті жоюдың “ең сенімді” жолына көшті. Яғни олар Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту сол арқылы қазақтың егіншілік жерлерін, мал жайылымдарын азайтып, сонан соң тіпті тартып алды. Осылайша қазақты орыстандырғысы келді. Жалпы тарауда статистикалар қазақтар мен қоныстаған шаруалардың саны. Оларға берілген жер туралы мәліметтер толығымен көрсетілген. Цифрлық фактілер тарауда көп берілген. Швецовтың жазған статискиларыда осы тарауда. Қазақтарға көрсетілген мазақ көп. Мысалға тарауда 1909-1912 жылдары дала облыстарының генерал губернаторы Шмит Зайсан уезіне барғанда, оған орыс шаруалары еш дәлелсіз тек құр сөзбен “қазақтар малымызды ұрлайды” деседі. Ал Шмит дәлелсіз, құр сөз үшін орыс шаруаларына малды көрші қазақ ауылдарынан төлетіп әкелдірген. Қазақтар бұл шешімге ештеңе айталмады, себебі 17 бап бойынша ұрлықшы атанар еді. Тараудың 2 бөлімінде Тройницкийдің проект “национализаций края” жобасы туралы да айтылған. Сонымен осы тарауда құнарлы қазақтың жерін қазақтың өзіне емес басқаларға бергендігі жайлы жазылды. Мемлекеттік дума және қазақ интелегенциясы тақырыбы ашылып жазылады тарауда.
2 тарау. Ұлттық езгіге қарсы наразылықтың күшеюі және қазақ интелегенциясының 1905-1916 жылдардағы қоғамдық саяси қызметі. Тарау 2 бөлімге бөлініп қарастырылған. 1 бөлімде Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциясының қазақтарға да қоса әсер еткендігі туралы сө қозғалған. Және осы кезде қазақ интелегенциясының атқарған қызметі жайында. Қазан төңкерісіне дейін қанша қазақ оқуды аяқтады, қандай училищелерде оқыды деген тақырыпта қозғалады. Себебі ол жылдары қазақ интелегенциясы аз болды. Оларды халықты саяси тұрғыда үгіттеді деді. Мысалға осы бөлімде М.Тынышбаевтың Жетісу облысы Лепсі уезіндегі жандарм орындары Тынышбаевты азаттыққа үндейтін түрлі баспа матриалдарын үйіне тасып, оны жергілікті сауатты қазақтар арасында таратты деп жеткізген. Қазақ зиялыларының халықтың көзін ашуға қалай тырысқандары, осы жолда қандай кедергілерге тап болғандығы жөнінде баяндалады.
3 тарау. Ұлттық интелегенцияны қудалау саясаты. Үшінші тарауда Орыс әкімшілігі қазақ зиялыларын қудалауды қолға алғандығын айтады. Мысалға алар болсақ Әскери генерал Романов қазақ тілмаштарын жұмыстан босатып орына орыс-казактарды қабылдайды. Бокейхановтың Выборг манифесіне қол қойғаны үшін жауапқа тартылғандығы да сөз етілген. Байтұрсынов ісі де қарастырлған. Жалпы алғанда зиялылардың ісі оларға жабылған жала барлығы дерлік қамтылған тарау осы үшінші тарау.
4 тарау. Қазақ демократиялық интеллигенциясы бірінші дүниежүзілік соғыста және 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі тұсында. Бұны 3 ке бөліп қарастырамыз. 1 бөлімі Қазақ зиялыларының бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында атқарған қызметі туралы баяндалады. 2 бөлімде Демократиялық интеллигенцияның 1916 жылғы көтерліс қарасаңындағы қызыметі болса, 3 бөлімде Қазақ интеллигенциясының майдандағы жұмысшылар арасында деген тақырыпты ашып айтқан.
5 тарау. Ақпан революциясын жеңуі және ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа қызметтері. Қазақ комитеттерінің құрылуы және оның қызметі. Әлихан Бөкейхановтың Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары болуы, Уақытша үкіметтің жер саясаты, Тынышбаевтың уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі, қырғвз босқындарына көмек ұйымдастырушы деген тақырыпшалар ашылып талқыланады.
Ең соңғы 6 тарауда Бірінші және Екінші жалпы қазақ сьезі. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы айтылды.