Академиялық жазу 1-аралық бақылау сұрақтары Арепбаев Нұрлыбек ВИЗ-301
Ғылым дегеніміз – уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы.
Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін қажетті элементтерден тұрады, олар: ғылым субъектісі, объектісі, әдістер мен тәсілдер, өзіндік қолданбалы тілі
Әдіс дегеніміз – зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі
Ғылымның дамуындағы үш негізгі теориялық әдіс: аксиома, болжау, сипаттау
Аксиома дегеніміз – логикалық дәлелсіз қолданылатын, эмпириялық айғақтар негізінде теріске шығаруға болмайтын ереже
Болжау әдісі – Оқиға мазмұны арқылы баланы қиыалдату, ойын, сыны көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу
Абстракциялау әдісі – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу
Жалпылау әдісі – жалпылау әдіске қарсы жөніндегі әдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы-іріден ұсақтату.
Индукция әдісі – тұжырымның жалпы анықтамасын анықтамалардағы жалған немесе тым тар анықталған жағдайларды қоспағанда, белгілі бір жағдайларды салыстыру арқылы болжайды.
Дедукция әдісі – сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше алғышарт (premise) пайымдардан жаңа бір логикалық қорытынды (logical consequence) шығару әдісі.
Аналогия әдісі – әр түрлі объектілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы.