Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметін көрсету шарты



бет1/7
Дата01.11.2023
өлшемі37,47 Kb.
#189025
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Договор(ПР-3509 от 25082023 Версия 1)
1ЛД-2 журнал список, АйгерімР кейс маркетинг, АйгерімР кейс маркетинг, B5Fp2uy8UOUfxnxwWr55mIc7jAl0H0xjfMnQiCer (4), ЛФ 5 курс госпитальная терапия, клин.фармакология КФ антигипертензивных, антиангинальных, антиромбоцитарных...




№ ПР-3509 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру қызметін көрсету шарты




Алматы қ. 25.08.2023.




Осы Шарт (бұдан әрі мәтін бойынша - Шарт) келесілердің арасында:
«Қазақстандық-Ресей медицина Университеті» МЕБМ, Жарғы негізінде әрекет етуші ректоры тұлғасында Джайнакбаев Н.Т. тұлғасында, бұдан әрі «Университет» деп аталып, бір тараптан, және
аз. Емберді Сания
(Білім алушының толық Т.А.Ә.)
бұдан әрі «Білім алушы» деп аталып, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар, ал жеке жоғарыда аталғандай немесе «Тарап» деп аталып, төмендегідей туралы осы Білім беру қызметін көрсету туралы шартты (бұдан әрі - –арт) жасасты.




  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ




1.1. Осы Шарт шеңберінде Университет Білім алушыны
5В130100, Общая медицина
(код, білім беру бағдарламасының атауы)
мамандық/білім беру бағдарламасы бойынша интернатурада даярлау (оқыту)
және интернатурада толық курсты аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен Білім алушыға оқытылған пәндер мен бағалары, кредиттер саны көрсетілген дипломға қосымшамен қоса дәрігер біліктілігін берумен жоғарғы медициналық білім туралы диплом және интернатураны аяқтау туралы куәлік беру бойынша міндеттемені қабылдайды.




1.2. Интернатурада дайындық Университеттің оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшелерінің базасында және Университеттің клиникалық базаларында жүргізіледі. Алматы қаласы шегінде, сондай-ақ Білім алушының жазбаша келісімімен Қазақстанның басқа өңірлерінде бейінді білім беру ұйымдарында және Университеттің клиникалық базасы болып табылмайтын емдеу-профилактикалық ұйымдарда пәндердің жекелеген түрлері бойынша тағылымдама (даярлық) өткізуге жол беріледі.




1.3. Оқыту түрі – күндізгі.




1.4. Интернатурада даярлау және қорытынды аттестаттаудан өту тәртібі мен шарттары Университеттің интернатурасын ұйымдастыру туралы ережемен, тиісті мамандық бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен (бұдан әрі – МЖМБС), білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар шығарған нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.




1.5. Оқытудың нормативтік мерзімі оқытудың МЖМБС айқындалады.




1.6. Білім алушы білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдануға тиіс.




1.7. Жас мамандарды және философия докторларын (PhD) жұмысқа бөлу жөніндегі комиссиялар жыл сайын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның жанынан - ауыл жастары қатарындағы азаматтарға берілетін квота шегінде медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтардың және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтар бойынша оқуға түскен азаматтардың жұмысына дербес бөлу үшін құрылады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет