Мен не үшін бұл шәкіртақыға лайықтымын?



Pdf көрінісі
Дата18.09.2023
өлшемі102,98 Kb.
#181435
Байланысты:
Мен не үшін бұл шәкіртақыға лайықтымын» (3)
СӨЖ теория 12 (


Мен не үшін бұл шәкіртақыға лайықтымын? 
Мен, Шахмарданова Алтынай, 2003 жылы қыркүйек айының 16-шы жұлдызында 
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласында дүниеге келдім. Алға 
қойған өмірлік ұстанымым: “Сен жолға шық,жол өзі апарады”-Мәулана. 
274 ші орта мектептің түлегімін. Қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда 
университетінің “Шетел тілі:Екі шетел тілі” мамандығы бойынша 2-ші курс студенті 
болып табыламын.
Таңдауымдағы екінші шет тілі-кәріс тілі. Кәріс тілін оның мәдениеті үшін 
таңдадым. Жалпы тіл деңгейлеріме тоқталып өтсем, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 
еркін сөйлеймін. Қазақ тілі-мен үшін ең қымбатты, қастерлі ана тілім. Орыс тілі- 
Байқоңыр қаласының тумасы болғандықтан, кішкентайымнан естіп, көріп жүргендіктен 
меңгеріп кету қиындық тудырмады.Ағылшын тілінен деңгейім-B2 (Upper Intermediate), 
Кәріс тілі-A2 (Pre Intermediate). Қазіргі уақытта қосымша араб тілін меңгеру үстіндемін 
(A0) . Мұндағы мақсатым- Қасиетті Құран Кәрімді өздігіммен оқи алу.
Жалпы тіл үйренуге деген құштарлығым мектеп қабырғасынан бастау алды. 
Сегізінші сыныптан бастап ҰБТ-дағы таңдау пәнім ретінде ағылшын тілін таңдадым. 
Мектеп қабырғасынан бастап ағылшын тілі пәнінен белсенділік танытып, көптеген 
жетістіктерге қол жеткіздім. Атап өтер болсам, ағылшын тілінен түрлі халықаралық 
жарыстардың, республикалық сайыстардың мектепішілік және облыстық кезеңінің
мектепішілік дебаттардың жүлделі орындар иегерімін.
Мен өзімнің жеке қасиеттерімнің арасында еңбекқорлығымды, еңбек сүйгіштігімді 
бөліп көрсетер едім. Өз өмірлік тәжірибемде көзім жеткен түйін -адам баласы еңбекпен 
ғана барлығына қол жеткізбек. Оған мысал ретінде,менің мемлекеттік грантты ұтып 
алуым болды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге белсенді дайындығым,оның ішінде 
мақсатыма жету жолындағы ұйқысыз түндер, үздіксіз дайындықтың арқасында 
қалыптасқан дисциплина, өздігіммен дайындалудың ең тиімді жолдарын құрып алуым, 
өзімді босатпау және табандылықтың арқасында мен мақсатыма жеттім. Бұл толасыз 
еңбек. Менің бұл күш-жігерім бекер болмады-емтиханды сәтті тапсырып (116 
балл),мемлекеттік грантты ұтып алдым.
Университет қабырғасында да шығармашылығым мен еңбекқорлығымның 
нәтижесінде, 1-ші курстан бастап университеттің жоғары шәкіртақысына ие болдым. 
Сондықтан, мен әрбір ізденіс пен еңбектің нәтиже беретініне сенемін.
Қазіргі уақытта менің арманым-шетелге шығып,қосымша білім алу. Арманым мені 
үнемі алдыға жетелейді. Бұл арманымды шетел жоғары оқу орындарына түсу 
мүмкіндіктерін іздестіру, қандай құжаттар қажет екендігін іздестіру, яғни ұстанымыма 
сай “жолға шығу” арқылы мақсатқа айналдырдым.
Бүгінгі таңда алдыма қойған мақсатым Польшаның Лодзь университетінде 
академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып келу. Осыған байланысты 
ағылшын тілімнің деңгейін растау үшін 11.05.23 ж Халықаралық TOEFL емтиханын 
тапсырмақшымын. Бұл үшін қазіргі сәтте белсенді, жүйелі дайындық үстіндемін. Тағы 
да тынымсыз еңбегімнің арқасында үздік нәтижеге қол жеткізетініме сенімдімін! Және 
осы емтиханның нәтижесі арқылы академиялық ұтқырлық бағдарламасына құжаттар 


жинап, 3-ші курсымның 1-ші оқу семестрнда Польшаға жол тартамын деген анық 
мақсатым бар.
Жалпы шетелде білім алып келудегі негізгі көздегенім- біліктілігімді 
арттырып,болашақтағы ұстаздық кәсібімде жас буынға лайықты білім бере алатын 
абыройлы,құзыретті маман болу және де өз көкжиегімді кеңейту. 
Осы орайда «Dauletten» қайырымдылық қоры» ұйымдастырып жатқан «Білім 
жұлдызы» шәкіртақысынан хабардар болдым. Өз мүмкіндіктерім мен әлеуметтік 
жағдайымды ескере отыра бұл байқауға қатысуға бел будым. Менің осынша 
жетістіктерім мен табыстарым-әуелі, Алланың нығметі болса, содан кейін анашымның 
қолдауы деп білемін. Менің қандай да болсын бастамамды, ынта-ықыласымды әрқашан 
қолдап, қолынан келгенше көмек қолын созып, бетімді қаққан емес. Анашым-өмірдің 
ешбір қиындығын сезіндірмей, тек білім жолын қуып, жеке дамуыма барынша қолайлы 
жағдай жасады. 
Өз кезегінде жастарға осындай мүмкіндік беріп отқан «Dauletten» қайырымдылық 
қорына» алғысымды білдіремін. Мұндай байқаулар жастардың талабын жандырып, 
ынта мен жігер берері анық.
Мен бұл бағдарламаның қолдауына лайық екендігіме сенімдімін және осы 
шәкіртақыға неліктен лайық екендігім туралы ойымды бөлісе өтсем: 

Мен ешқашан қол жеткізген жетістіктермен тоқталмаймын, әрқашан өз 
біліктілігім мен білімімді жетілдіруге тырысамын. 

Мен түрлі іс-шараларға қатысып өзімнің шығармашылық қырымды жетілдіріп, 
жеке тұлға ретінде дамуыма мән беремін. 

Еңбекқор, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін, ізденімпаз, жаңашылдыққа 
құмар, амбициозды,тез үйренетін, дисциплинаға берік, харекет етуші,тәуекелге 
бел буушы және сабыр етуші ретінде өзімді сипаттай аламын. 
«Білім жұлдызы» шәкіртақысы менің армандарым мен мақсаттарымды жүзеге асыруда 
және мансапқа жетуіме бір қадам жақындатары анық.
Егер менің бұл шәкіртақыға өтінішім мақұлданса, мен оны академиялық және кәсіби 
мақсаттарыма жету үшін қолданар едім. Мысалы, қосымша білім. Мен деңгейімді 
жетілдіру үшін тілдік курстар алар едім, сондай-ақ мен психология саласына өте қатты 
қызығамын және осы салады білімімді кеңейту үшін сабақтар/курстар алар едім. Бұны 
да бір Алланың ризығы деп біліп, мұсылман ретінде шәкіртақының белгілі бір бөлігін 
садақа етер едім. 
Қорыта келе, мен өз мақсаттарыма жету жолында талмай еңбек етуге дайынмын 
және бұл байқауға қатысу мүмкіндігі үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен бұған 
лайық екендігімді дәлелдеймін! 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет