Менің ойымша, бақыт- әрбір адам ұмтылатын ұлы мақсат. Бақыт сөзінің астарында жатқан мағынаны әр адам әрқалай түсінеді



Дата30.09.2023
өлшемі91,41 Kb.
#183093
Байланысты:
Срс
Философия пәні және ерекшелігі

Бақыт
Менің ойымша, бақыт- әрбір адам ұмтылатын ұлы мақсат. Бақыт сөзінің астарында жатқан мағынаны әр адам әрқалай түсінеді. Дегенмен, менің ойымша бақыт деген- ол адамның барлық арман-мақсаттарының орындалуы, ойлағанына қол жеткізуі, қымбат адамдарының жанында болуы. Әр адамның басына қонған бақыты мен несібесі болады, бірақ оны көп адамдар байқай бермеуі мүмкін. Кейде адамдар материалдық дүниенің ізінде жүріп, бақытты материалдық дүниеге теңеп, шын бақытын қолдан жіберіп алып жатады.
Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби бабамыз бақытқа білім мен игілік нәтижесінде ғана жетуге болады деп тұжырымдаған. Ғұлама бұл ойын шоқтығы биік «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» еңбегінде жан-жақты дәлелдеген.
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» Әл-Фарабидің саяси көзқарастарын білдірген негізгі енбектерінің бірі. Трактатта әлеуметтік әділеттілік пен еркіндікті орнықтыратын ізгілікті қоғам туралы ойлар айтылады. Автор кітапты жазуды Бағдадта бастаған. 330 жылдың соңында қолжазбасын өзімен бірге Шамға алып келеді. Сөйтіп енбекті 331 жылы Дамаск қаласында аяктайды. Тексеріп шығып, оған тараулар қосады. Кейін келе тағы бірнеше бөлім қосып, 337 жылы Мысырда аяқтап, кітабына косымша етіп енгізеді.
Бұл еңбектің негізгі ойы- жеке адам болып емес, қоғам болып бақытқа, қайырымды іс жасауға ұмтылу қажет. Әрине, әр адам бақытты болсам дейді, бірақ жеке адамға бұл қиынға соғады,-дейді автор. Сондықтан, қайырымды қала дегеніміз, қаланың әрбір тұрғынының бойында әділеттілік, жақсылық жасауға ұмтылыс болу қажет, ал елдің басқарушысы қайырымды, мәдениетті философ болуы қажет, себебі ел бастаған адамнан барлығы үлгі алады. Елді надан, қайырымсыз адам басқарған жағдайда, ел тек теріс жолмен жүріп, теріс қылықты болады. Әл-Фараби бабамыз бақытты игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені деп сипаттайды және әр адамның оған толық құқығы бар деп айтады. Сонымен қоса, қайірімді қаланың басқа қалалардан айырмашылығы олардың мәдениеттілігі мен жоғары тәртібінде, билеушілердің ақыл-парасаттылығы мен қайырымдылығында.
Ойшыл өз еңбегінде қайырымды қала тұрғындарының ең сыйлыларын 5 топқа жіктейді олар:
1)Ақылды адамдар,пайымды кісілер мен қайырымды іс жасап, еңбегі сінген қайраткерлер;
2)Шешендер, діни қызметкерлер, хатшылар ,музыканттар мен ақындар;
3)Өлшеушілер, есепшілер, математиктер, дәрігерлер мен астрологтар;
4)Жауынгерлер;
5)Байларды жатқызады. Байлар дегені байлық табатындар, егіншілер, малшылар, саудагерлер мен қолөнершілер.
Әл-Фараби өзінің «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбегінде бақыт ұғымының этиканың ең жоғары категориясы екенін және игіліктерің басында тұратынын айтады. Әл-Фараби бақытты болудың 5 рухани жолын атап көрсетеді. Бақытқа жету үшін және бақытқа ие болу үшін адамға қажет болатын нәрселердің бәрін игілік деп атайды. Ал бақытқа жетуде кедергі болатын нәрселерді абсолютті зұлымдық деп атайды.
Бұл еңбектің ерекшелігі игілік пен зұлымдық қандай және қайда болатыны, оларды қалай айыру қажет екендігі мазмұндалады. Біріншіден, бақыт-әрбір адам ұмтылатын мақсат. Адам талпынатын қалаулы игіліктер мен мақсаттардың саны көп, солардың арасында бақыт ең пайдалысы,- дейді ғұлама-ғалым. Қадірлі игіліктер мақсатқа жету үшін таңдап алынады. Мәселен білім. Адамға білім не үшін қажет?
Ғұлама өз еңбегінде адамның екі типін атап көрсетеді, бірі- білімді шын мәнінде түйсіне отырып, ақылды болсам деп оқу оқитындар; екінші бір типі- білім алып, мансап қуып, байлық пен бахуатқа қол жеткізсем дейтіндер. Ғұлама бұны былайша түсіндіреді. Адам білім жолын қуып, өзі үшін оқыған жағдайда оның алдынан мүмкіндікке толы даңғыл жолдар ашылады. Ал білімді байлыққа не билікке жету үшін таңдайтын адам, жетістіктерге жеткен күннің өзінде қанағатшылықты сезінбейді және өзіне көңілі толмайды. Ал тіпті өзінің жалқаулығы мен білместігі үшін жұмыстан шеттетілген жағдайда, әрі қарай өз жолын табу қиынға соғады. Бұл-бақытқа жетуге кедергі келтіретін зұлымдық және ол адамның бұрыс тірлігінен шығып отыр.
Сондай-ақ ғалым өнерді екі түрге бөледі. Бірінің мақсаты- барша көркемдікке кенелу, ал екіншісінің мақсаты- пайда, табыс көру. Мақсат ететін өнерде даналық болуы хақ.
Әл-Фараби мадақтауға және жазғыруға болатын жайттарды үшке бөледі. Олар:

  1. Қажетті әрекеттер (жүріп-тұру, көру, тыныс алу, есту және т.б).

  2. Сезімдер (құштарлық, рахат, қуану, ашу, қорқыныш, жабырқау).

  3. Ақыл мен парасат.

Адам жақсылықты кездейсоқ немесе ықтиярсыз жасаса, бұл бақытқа


кенелтпейді. Сонымен қатар, адамда парасаттылық болмаса, қанша жерден жақсы адамдардан ақыл алып, білімге ұмтылса да, ол адам бақытқа жете алмайды деседі.
Ғұламаның айтуынша әдеттер уақыт өте келе мінез-құлыққа айналады. Яғни, жағымсыз әдеттері мінезіне айналған адам ашушаң, құбылмалы, өзгелерге еліктегіш келеді. Әлихан Бөкейханұлының «ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» дегені де осыдан болар. Осылайша бақыт мінезге де байланысты екен.
Шама туралы ғалым былай сөз қозғайды. Әр нәрсенің шамасы болуы қажет; ішіп отқан тамағыңнан бастап, адам бойындағы қасиеттерге дейін. Тамақты аз немесе шамадан көп ішу денсаулыққа зиян, сол секілді шектен тыс батылдық көзсіз ерлікке ал батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа әкеліп, оны жаман адамгершілік сапа деп атайды.
Доскерлік қарым-қатынаста да шама сақтау қажет деп ескертеді, артық кету жарамсақтыққа, достықтың жетіспеуі тәкаппарлыққа әкеледі. Біз өзіміздің мінезіміздің жақсы-жаманын ажыратуға тиіспіз. Көзсіз батырлық ерлікке ұқсас, ысырапшылдық жомарттыққа ұқсас, әзілқойлық өткір тілділікке ұқсас, жарамсақтық доскерлікке ұқсас, өзін-өзі кемсіту кішіпейілділікке ұқсас, көлгірсу адалдыққа ұқсас болып шығады,- дейді ғалым. Дегенмен, ұқсас дегеннің нақты нәрсе емес екенін және ұқсас болған нәрсені анық деп танудан сақтануға шақырады.
Сезімдік рахат және сана азабы. Біз қандай әрекет істесекте содан рахат табу мақсатында істеп жатамыз, тіпті қарапайым иіс сезуде де, тамақ ішкен кездегі жан рахттары. Бұл өмірлік мақсат па деген сауал туындайды, себебі өсіп-өрбу, кобею, көздің, естудің рахаты тек бақытқа жетуді тежейді деп тұжырымдайды автор.
Адамның парасаты мен батылдығы теңдей болу қажет, себебі парасаты артып, батылдығы жоқ адам, ол-құлға тең деседі.
Менің, ойымша адам бақытқа жету жолында айтылған қасиеттердің барлығын қатар алып жүруі қажет, себебі әр істің алтын ортасы, шамасы болады. Асыра байбалам салып немесе керісінше қол сілтеп жасалған істің қайыры да, бақытқа жеткізетін мүмкіндігі де болмайды деп білемін.


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті



СӨЖ

Тақырыбы: Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе




Орындаған: Дипломатиялық аударма мамандығының 2 курс студенті Сейдалы Бибізада.
Тексерген: Сембаева Г. М.
Алматы.2023 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет