Мердігерлік шарттардың құқықтық реттелуі
Рахымжанов Медет
Мердігерлік – экономикалық агенттердің құқықтық қатынасы.
Мұнда бір тарап екінші тараптың (тапсырыс берушінің) тапсырысы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға және оның нәтижесін тапсырыс берушіге өткізуге, ал ол өз кезегінде жұмысты қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндеттенеді. Мердігерлік шарты өнімді дайындауға не өңдеуден өткізуге (қайта өңдеуге) немесе жұмысты орындап, нәтижесін және осы нәтижені меншіктену құқығын тапсырыс берушіге табыстау үшін жасалады. Әдетте мердігерлік жұмыс мердігердің материалдарынан жасалады, соның күшімен және қаражатымен орындалады. Тапсырыс беруші мердігердің өз міндеттерін орындауға қосалқы мердігерлер деп аталатын басқа адамдарды тартуына рұқсат етуі мүмкін. Мұндайда мердігер бас мердігер рөлін атқарады. Мердігер қосалқы мердігердің міндеттемелерді орындамағаны не жеткіліксіз орындағаны үшін тапсырыс беруші алдында, ал тапсырыс берушінің міндеттемелерді орындамағаны не жеткіліксіз орындағаны үшін қосалқы мердігер алдында жауап береді.
Мердігерлік шартында мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы тәуекел былайша бөлінеді: Мердігерлік жұмысты орындаған кезде пайдаланылатын материалдардың, жабдықтардың және басқа да мүліктердің кездейсоқ зақымдануын оларды берген тараптар көтереді, ал жұмыс нәтижелерінің тапсырыс беруші қабылдап алғанға дейін кездейсоқ зақымдануын мердігер көтереді. Мердігерлік шартта жұмысты орындаудың басталуы мен аяқталу кезеңі міндетті түрде көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімі (аралық мерзім) де көрсетіледі. Жұмыстың бағасы, әдетте Мердігерліктің сметасын жасау жолымен айқындалады, бұл орайда мердігердің үнемдеген қаржысы орындалған жұмыстың сапасына әсер етпейтін болса, оның өзінде қалады. Тапсырыс беруші Мердігерлік шартында көзделген мерзімде және тәртіппен мердігер орындаған жұмыстың нәтижесін қарап, қабылдауға, шарттан ауытқушылық байқалған жағдайда мұны мердігерге дереу хабарлауға міндетті. Жұмысты тексермей қабылдаған тапсырыс беруші жұмысты қабылдаған кезде бірден байқауға болатын кемістіктерді сылтау ету құқығынан айрылады. Егер Мердігерлік шартта басқаша көзделмеген болса, тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін өткізгенге дейін шартты орындау-дан бас тартуына болады, мұндай жағдайда ол мердігерге жұмыстың орындалған бөлігінің ақысын Мердігерлік баға бойынша төлейді.
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi, өйткенi ол тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды. Сондықтан мердiгерлiк шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетiлген қызметтi реттеу бойынша ережелерiмен елеулi ерекшеленсе де, жасалған мүлiктiң өзi және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердiгерлiк шартының тараптардың құқықтары мен мiндеттерi бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетiнiн тануымыз мүмкiн. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердiгерлiк қатынастардың жақындығы жөнiнде айтылады. Бiрақ негiзiнен мердiгерлiк қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және мiндеттерi жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрiнедi.
Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi.
Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары “тез” фотосуреттер дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.
Мердiгерлiкке арналған нормалар, көбiнесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (616-683-б) ұстанылып келедi. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң 22.09.1996ж. №9/7-қаулысымен бекiтiлген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртiптерiнде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн Ерекше бөлiмiн қабылданғаннан кейiн құрылыс аясында мердiгерлiк қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлiгiнiң 3 наурыз, 1994. №5-5-өкiмiмен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының күрделi құрылыста мердiгерлiк шарттарының уақытша тәртiптерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiнiң 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекiтiлген, бас мердiгерлердiң ұйымдарының қосалқы мердiгерлiк қатынастарымен өзара қатынастарының ережелерi күшiн жойды.
Мердiгер шартта келiсiлген жұмысты өзiнiң тәуекелiмен орындауға мiндеттi. Яғни мердiгердiң мойнында ол кәсiби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетiнiң мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мiнез құлығы ескерiлiп тиiстi дәрежеде өзгертiлуi мүмкiн. Оған жұмысты орындамағаны үшiн немесе дұрыс орындамағаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiктен босататын жағдайлар да әсер етедi.
Мердiгер жұмысты өз материалдарымен, күштерiмен және құралдарымен орындауға мiндеттi. Егер материал онымен берiлсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиiстi сапасы үшiн жауапты болады. Жұмыстың өзi тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек. Мердiгерлiк шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиiстi орындауының негiзгi белгiсi ретiнде тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердiгер мемлекеттiк стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртiптерiн сақтауға және нормативтi-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi. Осындай талаптар бiрiншi кезекте кәсiпкер ретiнде жұмыс жасайтын мердiгерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 632-б. 2-тармақ), бiрақ кәсiпкер емес мердiгердiң де жұмыс орындау кезiнде мiндеттi қойылған талаптарынан шегiнуiне құқығы жоқ, егер мiндеттi талаптарды орындамаса оның қызметiне тиым салынуы тиiс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |