1.Еңбек қорғаудың нормативтік-құқықтық құжаттары
1. ЕҚ бойынша негізгі нормативтік құжаттар МЕСТ-тер;
«Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің МЕСТ (ЕҚСЖ);
Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар;. Құрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНмЕ);
Құрылыс және жобалау бойынша ережелер жиыны;
ЕҚ бойынша сала аралық ережелер, ЕҚ бойынша сала аралық типтік нұсқаулама;
ЕҚ бойынша салалық ережелер, ЕҚ бойынша типтік нұсқаулама;
Қауіпсіздік ережесі, қауіпсіздік бойынша нұсқаулама.
2. ҚР. Еңбек кодексі мазмұны, маңызы.
3. Қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
3.. Жұмыс беруші — жұмыс күшін жалдаушы. Қазақстанда жұмыс берушіге жалдамалы еңбекті пайдаланушы, заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен кез келген отандық және шетелдік заңи немесе жеке тұлға (соның ішінде шетелдік азамат, елде тұратын азаматтығы жоқ адам және еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдаушы жеке кәсіпкер, т.б.) жатады.
Жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілерінің бірі болып табылады.
Жұмыс берушінің негізгі құқықтары
ҚР Еңбек кодексінің 23 б. 1 п.Дереккөз алу қатесі: Жарамсыз белгішесі; мағлұматсыз дерекөздерде атау болуы қажет сәйкес жұмыс берушінің:
жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар.
Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілер шығару осы Кодекстің 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге;
қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға;
еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге;
еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
ызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;
егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.
Жұмыс берушінің негізгі міндеттері
ҚР Еңбек кодексінің 23 б. 2 п.Дереккөз алу қатесі: Жарамсыз белгішесі; мағлұматсыз дерекөздерде атау болуы қажет сәйкес жұмыс беруші:
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге;
қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен және жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және дәйекті ақпарат беруге;
қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға;
қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;
қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге;
қызметкерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және олардың біліктілігін арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге;
қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;
еңбек жөніндегі уәкілетті органның және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкілдерін, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігінің, еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жай-күйін және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиға мен кәсіптік ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге;
жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;
жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған күні көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
Жұмыс беруші алдап кетпес үшін және "құлдықтан" сақтанудың заңды жолдары бар. Кез келген қазақстандыққа өз қалауы бойынша жеке еңбек шартын өзгертуге болады.
– Жұмыскердің міндеттері Еңбек кодексінің 22 бабында айтылған. Ол –ең бірінші еркіндік. Сонымен қатар, жұмыс беруші сияқты еңбек шартын өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға, бұзуға құқы бар. Еңбек қауіпсіздігін, еңбекті қорғауды талап етуге құқылы. Бұл шарттар келісімшартта да көрсетілуі тиіс. Міндеттерге келетін болсақ: еңбек міндеттерін толық орындап, еңбек тәртібін сақтауы керек, жұмыс берушінің мүлкіне ұқыппен қарауы тиіс, егер нұқсан келтірсе, ҚР заңнамасы негізінде шығынды өтеуі міндеттеледі. Бұл да еңбек шартында көрсетілуі тиіс
4. Қауіпті және зиянды өндіріс факторлары, олармен күресу жолдары.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
Зиянды өндірістік фактор — жұмыскерге әсері ауруға немесе жұмыс жарамдылығының төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсеріне алып келуі мүмкін өндірістік фактор, белгілі бір жағдайларда (қарқындылық, ұзақтық және т.б.) жұмыс істеушіге әсері кәсіптік ауру, жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуін тудыруы, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігін арттыруы, ұрпағының денсаулығының бұзылуына алып келуі мүмкін орта және еңбек процесінің факторлары. Сандық сипаттамасына (концентрация және т.б. деңгейне) және әсер ету ұзақтығына байланысты зиянды өндірістік қауіпті болуы мүмкін.
Қауіпті өндірістік фактор — жұмыс істеушіге әсері жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуіне (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлім-жітімге алып келуі мүмкін өндірістік фактор, әрекет ету табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизикалық болып бөлінеді.
Қауіп дегеніміз адамдардың іс әрекеті негізінде және табиғаттан келетін, тіршілік ортаның қалпын бұзатын,нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін процесс, құбылыс, обьект, субьект. Қауіпсіздік дегеніміз қоршаған ортаның бір қалыпты тұрақты болуы ,адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін қауіп-қатердің болмауы не аз болуы, адамдардың ауқатты тұрмысының сақталуына қолайлы жағдайдың болуы.
Өндірістегі қауіптердің жүйеленуі 1.Физикалық 2.Химиялық 3.Биологиялық 4.Психофизиологиялық
Тіршілік қауіпсіздігі-ғылым ,адамдарды олардың өмір сүретін ортасына туатын қауіпті және зиянды факторларынан қорғау,денсаулықты сақтау және қауіпсіздік жолдарын теориялық және практикалық жағынан қамтитын білім саласы.
Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б. 2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.
Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады.
5. Еңбек қорғаудың теориялық негіздері
Еңбек жағдайы дегеніміз-еңбек ету кезінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетіне әсер ететін өндірістік факторлардың жиынтығы.
Өндірістік факторлар үш топқа бөлінеді:
-Әлеуметтік-экономикалық факторлар
-Техникалық және ұйымдастыру факторлары
-Табиғи факторлар
Егер жоғарыда аталған факторлар еңбекшінің жарақат алуына әкеліп соқтырса,онда ол факторлар қауіпті өндірістік факторлар деп аталады.Қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен жұмысшының кездейсоқ оқиғаға ұшырауы өндірісте болған қайғылы оқиға деп аталады.Егер жұмысшы жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан жарақат алса,ол өндірістік жарақаттану деп аталады.Жұмыстан бос уақытта алған жарақаттар тұрмыстық жарақат болады.
6. «Эргономика», «Инженерлік психология» және басқа еңбек қорғау
ғылымдарының зерттеу объектілері.
Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді пен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативні модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анынаау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің "эргон" жұмыс жене "номос" - заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында катынас орнатудың түйінді мєселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді ісі, оның психологиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен еңбек гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші рөлі, техникалық құрал жабдыктар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сыр сипаты зерттеледі. Эргономика, негізінен, "адам - машина - орта жағдайын" қарастыру отырып, олардың неғұрлым өнімді болуы мен нәтижелерін жүйелі түрде үйлестіруді басты міндет етін қояды.
7. Өндірісте жүргізілетін нұсқаулардың түрлері. Мақсатты нұсқау.
1. Кіріспе нұсқау -Кіріспе нұсқау. Жұмысқа жаңадан алынагын барлық адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды арнайы программа бойынша еңбек қорғау инженері немесе басқа бір техникалық Қызметкер жүргізеді. Нұсқауды жүргізу барысында жұмысшылар мынандай жайлармен танысады: Өндірістің өзгешелігі, қауіптілік пен зияндылықтың көздері, еңбек қорғау заңдарының негіздері, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігінің мәселелері, жеке қорғаныш құралдары, жарақаттан ған адамдарға бірінші (жедел) медициналық көмек көрсету әдістері тағы басқа жағдайлар Нұсқау өткізілгеннен кейін жұмысшылардың білімі тексеріліп, нұсқау өткендігі жөнінде арнайы журналға тіркелінеді. кіріспе нұсқауды еңбекті қорғау инспекторы немесе қауіпсіздік техникасының инспекторы жүргізеді. Ол: 1) өндірістің түрімен таныстырады; 2) Өндірістегі қауіпті жӘне зиянды заттар бөлетін бөлмелермен таныстырады; 3) Өндірістің жұмыс тәртібімен таныстырады; 4) жеке басының гигиенасымен.
2. Бірінші нұсқау - Жұмысқа алынған барлық адамдармен немесе бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауысқанда және командировкамелген адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды мастер немесе басқа жұмыс басшыларының біреуі жүргізеді. Ол әр жұмысшыны жеке тікелей жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Мұнда жұмысшылар технологиялық процесспен, құрал-саймандармен, жұмыс орнын қауіпсіздендіру жолдарымен, жұмысқа кірісуге дайындық ретімен, қорғану құралдарын пайдалану ережелерімен, өрт жӘне электр қауіпсіздік шараларымен тағы басқа мәселелермен танысады. Нұсқау Өткеннен кейін жұмысшылардың білімі сыналып, олар 2-3 ауысым бойынша мастердің (бригадирдің) бақылауымен жұмыс істейді, содан соң оларға өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл нұсқаудың жүргізілуі журналға тіркеледі. БіріншіБірінші нұсқауды цех немесе бөлім бастығы кейде мастер жүргізеді. Ол: 1) жұмыс орнымен таныстырады; 2) жұмыс істейтін жабдықтардың түрімен таныстырады; 3) жұмыс орнының дұрыс және қәуіпсізідік түрін ұйымдастыруды үйренеді; 4) цехтағы немесе сол бөлімдегі қауіпсізідік техникасы жөнінде түсінік береді.
3. Қайталама нұсқау-мамандақ дәрежесі мен еңбек стажына қарамай барлық жұмысшылармен Өткізіледі. Мамандықтардың өзгешелігіне сәйкес бұл нұсқау әрбір 3-6 айда жүргізілуі керек. БұлБұл нұсқаудың мақсаты - жұмысшылардың еңбек қорғау ережелерінен білімдерін тексеру және оны жоғарлату болады.Нұсқау өткендігі жөнінде журналға жазылу керек. қайталама нұсқауды цех бастығы немесе еңбекті қорғау инспекторы әр 3 немесе 6 айда жүргізеді. Барлық жұмысшылар және қызметкерлер нұсқауды қабылдау керек.
4. Кезектен тыс нұсқау - еңбек Қорғау ережелері немесе технологиялық процесстер өзгергенде, жұмыскерлер қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайларда, жұмыста үлкен үзіліс (30-60 күн) болғанда Өткізіледі. Бұл нұсқау да журналға тіркелінеді. 1) егер Өндірісте технологиялық процесс Өзгерсе немесе жұмысшыны бір жабдықтан, екінші жабдыққа ауыстырған кезде жүргізіледі; 2) егер берілген нұсқаулар жеткіліксіз болып, Өндірісте төтенше жағдай болған кезде нұсқау жүргізіледі; 3) егер қәуіпсіздік техникасының құжаттарының талаптары бұзылса, осы кезде кезектен тыс нұсқау жүргізіледі.
5. Арнайы нұсқау- жұмыстың бір-ақ түрін орындайтын кезде жүргізіледі.
Мақсатты нұсқама Мақсатты нұсқама мамандық бойынша міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды (жүк арту, түсіру, аумақты жинау, ұйымнан, пехтан және учаскеден тыс біржолғы жұмыстар) орындаған кезде техникасы - еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының құрамдас бөлігі.
Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп (төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы,сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалықұрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың негізінде жүргізіледі.
Еңбек қауіпсіздігі ұғымымен қызметкердің, еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерлерді болдырмайтын іс шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қорғалу жағдайы түсініледі. Қауіпсіз еңбек жағдайларына жұмыс беруші жасаған, қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтын немесе олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын еңбек жағдайлары жатады.
Бұл тетке өндірістік құрал- жабдықтардың қауіпсіздігі – өндірістік жабды тапсырылған функцияларды нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасымен белгіленген жағдайларда орындаған кезде еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі.
8. Кіріспе, қайталама нұсқаулардың мазмұны, өткізілу жолы
Кіріспе нұсқау -Кіріспе нұсқау. Жұмысқа жаңадан алынагын барлық адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды арнайы программа бойынша еңбек қорғау инженері немесе басқа бір техникалық Қызметкер жүргізеді. Нұсқауды жүргізу барысында жұмысшылар мынандай жайлармен танысады: Өндірістің өзгешелігі, қауіптілік пен зияндылықтың көздері, еңбек қорғау заңдарының негіздері, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігінің мәселелері, жеке қорғаныш құралдары, жарақаттан ған адамдарға бірінші (жедел) медициналық көмек көрсету әдістері тағы басқа жағдайлар Нұсқау өткізілгеннен кейін жұмысшылардың білімі тексеріліп, нұсқау өткендігі жөнінде арнайы журналға тіркелінеді. кіріспе нұсқауды еңбекті қорғау инспекторы немесе қауіпсіздік техникасының инспекторы жүргізеді. Ол: 1) өндірістің түрімен таныстырады; 2) Өндірістегі қауіпті жӘне зиянды заттар бөлетін бөлмелермен таныстырады; 3) Өндірістің жұмыс тәртібімен таныстырады; 4) жеке басының гигиенасымен.
Қайталама нұсқау-мамандақ дәрежесі мен еңбек стажына қарамай барлық жұмысшылармен Өткізіледі. Мамандықтардың өзгешелігіне сәйкес бұл нұсқау әрбір 3-6 айда жүргізілуі керек. БұлБұл нұсқаудың мақсаты - жұмысшылардың еңбек қорғау ережелерінен білімдерін тексеру және оны жоғарлату болады.Нұсқау өткендігі жөнінде журналға жазылу керек. қайталама нұсқауды цех бастығы немесе еңбекті қорғау инспекторы әр 3 немесе 6 айда жүргізеді. Барлық жұмысшылар және қызметкерлер нұсқауды қабылдау керек.
9. Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың, кезектен тыс нұсқаудың мазмұны, өткізілу жолы
. Бірінші нұсқау - Жұмысқа алынған барлық адамдармен немесе бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауысқанда және командировкамелген адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды мастер немесе басқа жұмыс басшыларының біреуі жүргізеді. Ол әр жұмысшыны жеке тікелей жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Мұнда жұмысшылар технологиялық процесспен, құрал-саймандармен, жұмыс орнын қауіпсіздендіру жолдарымен, жұмысқа кірісуге дайындық ретімен, қорғану құралдарын пайдалану ережелерімен, өрт жӘне электр қауіпсіздік шараларымен тағы басқа мәселелермен танысады. Нұсқау Өткеннен кейін жұмысшылардың білімі сыналып, олар 2-3 ауысым бойынша мастердің (бригадирдің) бақылауымен жұмыс істейді, содан соң оларға өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл нұсқаудың жүргізілуі журналға тіркеледі. БіріншіБірінші нұсқауды цех немесе бөлім бастығы кейде мастер жүргізеді. Ол: 1) жұмыс орнымен таныстырады; 2) жұмыс істейтін жабдықтардың түрімен таныстырады; 3) жұмыс орнының дұрыс және қәуіпсізідік түрін ұйымдастыруды үйренеді; 4) цехтағы немесе сол бөлімдегі қауіпсізідік техникасы жөнінде түсінік береді.
Кезектен тыс нұсқау - еңбек Қорғау ережелері немесе технологиялық процесстер өзгергенде, жұмыскерлер қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайларда, жұмыста үлкен үзіліс (30-60 күн) болғанда Өткізіледі. Бұл нұсқау да журналға тіркелінеді. 1) егер Өндірісте технологиялық процесс Өзгерсе немесе жұмысшыны бір жабдықтан, екінші жабдыққа ауыстырған кезде жүргізіледі; 2) егер берілген нұсқаулар жеткіліксіз болып, Өндірісте төтенше жағдай болған кезде нұсқау жүргізіледі; 3) егер қәуіпсіздік техникасының құжаттарының талаптары бұзылса, осы кезде кезектен тыс нұсқау жүргізіледі.
10. Қауіпті, зиянды өндіріс факторларының топтастырылуы
Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б.
2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б. Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады
11. Кәсіпорындағы еңбек қорғауды ұйымдастыру және бақылау реті.
Еңбекті ұйымдастыру - жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндіріс барысында адамдарды тиісінше орналастыруды, еңбек бөлінісін, әдістерін, оны біріктіруді, нормалауды, ынталандыруды, жұмыс орындарын ұйымдастыруды, оларға қызмет көрсетуді, қажетті еңбек жағдайын қамтиды.Тиімділік пен ғылыми негізделудің түрлі дәрежесімен сипатталады. Өзара байланысты экономикалық, психофизиологикалық және әлеуметтік міндеттердің топтарын қамтамасыз етуге тиіс. Экономикалық міндеттер, еңбек өнімділігін арттыруға, өндіріс құрал-жабдығын толық пайдалануға, өзіндік құнды төмендетуге, өнім сапасын жақсартуға бағытталған; психо-физиологиялық міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші - адамның денсаулығын сақтауды және жұмыс істеу қабілетін артты руды қамтамасыз ететін қолайлы ондірістік жағдай жасауға бағыттап ан, әлеуметтік міндеттер - еңбекті материалдық және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға, жұмыссыздықтан қорғауға, жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған. Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі мазмұны - мына бағыттар бойынша шаралар кешенін жобалап, енгізу: жұмыс орындарын мамандандыру, қызметкерлер құрамын ұтымды іріктеу, олардың еңбегін жұмыс түрлері мен біліктілік бойынша бөлу негізінде еңбек бөлінісі мен бірігуі нысандарын жетілдіру: жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетудозық нысандарын енгізу; еңбек тәсілдері мен әдістерін оңтайландыру, еңбек жағдайын жақсарту; еңбекті нормалау мен оған ақы төлеу і жетілдіру; кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
Қоғамда еңбекті қорғау және қауімтамасыз ету ұйымдастырушылық, техникалық, методикалық, өндірістік, санитарлық-гигиеналық кеткен терінен және басқа шаралардан құрылада. Шаралардың негізгі бағыттары - бұл:
прогрессті технологияны, комплексті механизацияны, ауыр және ауыр еңбек жұмыстарын енгізу, өндіріс мәдениетінің деңгейін арттыру;
қол көмегімен жасалатын еңбекті қысқарту үшін кіші механизация құралдарын енгізу;
еңбек жағдайларын жақсартуға бағыталған техникалық құралдарды енгізу және қызметкерлерді қауіп жоғарылаған венадан шығару;
еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне сәйкес, қоршаған ортаның шаң болуын, газ болуын томендету, жұмыс орындарында шуыл деңгейін және
температуралыҡ режимді келтіру, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау;
қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту;
қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандартарын енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |