Сабақ Тақырыбы: Азықтар құрамында микотоксиндерге токсикологиялық талдау жасау



бет1/3
Дата18.09.2024
өлшемі20,44 Kb.
#204579
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
15 ЗТС


№15 Зертханалық тәжірибе сабақ
Тақырыбы: Азықтар құрамында микотоксиндерге токсикологиялық талдау жасау
Сабақтың мақсаты: Азықтардың балаусалық дәрежесінде органолептикалық бағалау, химиялық реакция және биологиялық сынама жолымен микологиялық талтаудың зертханалық әдістерін игеру.
Жабдықтар, техникалық және аспаптық құралдар:әр түрлі дәрежеде зақымданған азықтар, фарфор ыдыс, бу моншасы, шпатель, хим. стакан, ацетон, ыстық су, гуппи балығы 10 шт.
Жұмысты орындау тәртібі: ветеринарлық медицина кафедрасының зертханасында, сабақтың ұзақтығы 2 сағат
Қауіпсіздік техникасы ережелері: әрбір білім алушы жеке зертханалық үстел алады, тез тұтанатын және теріні және шырышты қабықтарды тітіркендіретін құралдармен жұмыс істеу кезінде жеке қауіпсіздік ережелерін сақтайды, бетке арналған көп қабатты масканы және резеңке қолғаптарды пайдаланады.
Жұмыстың мазмұны:
Бидайдағы қара күйе саңырауқұлақтарды анықтау әдісі
Аналитикалық таразыға 10,0 бидай өлше алып, бөгде қоспаларынан, сыртқы қапшығынан босатылған және оны сүзгіш қағаз арасына салып абайлапұқалайды. Қара күйе споралары қағазда қалады, олар қағазды түске бояйды. Тазартылған бидайды қайтадан таразыда өлшеп, бірінші өлшегендегі-бидай мөлшерімен салыстырып, ұсақ қара күйе салмағын анықтайды.
Жарма азығында қастауышты сапалы әдістімен белгілеу
(Зимин әдісі)
Шыны цилиндрге 4,0 зерттелетін азықты салып 12-13 минут 90%-дық этил спиртін құяды да 5-6 минут араластырады, одан кейін 10-15 тамшы 20%-дық күкірт қышқылы ерітіндісін қосады, сосын 5 минутке қояды. Егер қастауыш болса, онда сұйықтық алқызғыл түске боялады, ал оған натрий гидрокарбонаттың қаныққан ерітіндісін қосса алқызыл түс күлгін түске ауысады. Қастауышты азықтағы жіберілген мөлшері 0,1 ден аспауы керек.


Саңырауқұлақтармен зақымданған жемдік астық уыттылығын биологиялық экспресс-әдісімен анықтау
Бұл әдістің принципі саңырауқұлақтардың құрамындағы майда және суда еритін улы заттардың фракциясын ацетонмен ажыратып, оны ацетонның 1% судағы ерітіндісіне сезімтал гуппи аквариум балықтарының көмегімен уыттылығына зерттейді.
Зерттеу барысы:50 г мөлшердегі бидай сынамасын зертханалық диірменде үгітіп жалпақ колбаға салады, үстінен 100 мл ацетон құйып, 2 сағат бойы шайқап сығынды дайындайды. Сығындыны дәке арқылы фарфор ыдысқа сүзеді де бу моншасында /50-60°/ кепкенше буландырады.
Құрғақ қалдықтарды 5 мл ацетонда ерітіп, 500 мл суы бар /температурасы 17-20 градус/ шыңы ыдысқа аударады. Ерітіндіге 3-4 айлық жастағы 5 гуппи балығы салынады да бір тәулік бойы бақыланады, және әр 1,2,3,4,5,6,7,12,16 және 24 сағат сайын өлгендері саналады.

Зерттелген азықтың улылық дәрежесін бағалау кестесі







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет