Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинеті



бет1/12
Дата12.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#157858
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Ìåðê³ àóäàíû ?ê³ìä³ã³í³? á³ë³ì á?ë³ì³í³? ?ä³ñòåìåë³ê êàáèíåò³
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ презентация (1)


Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинеті

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруына арналған есептер жинағы


Меркі ауылы
2013 жыл

Меркі аудандық математика пән мұғалімдерінің әдістемелік-үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітілген.


Бұл жинақта 5-11 сыныптарға арналған оқулықтарда берілген оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын есептер жинақталған.Қосымша логикалық,аралас есептер т.б. есептер қарастырылған.



Компьютерде терген: №34 орта мектептің математика пәні мұғалімі Күзембекова Р.
Көркемдеген: №21 орта мектептің математика пәні мұғалімі Болотин А.



  1. Тік төртбұрыш пішінді жер учаскесінің қабырғаларының қатынасы   тең.Оның ұзындығы 420 м. Тік төртбұрыш пішінді жер учаскесінің ауданы неше гектар?

  2. Көшенің ені 50 м.Оның ұзындығының еніне қатынасы 200-ге тең. Көшенің ұзындығы неше километр?

  3. Гүлзарға егілген 90 раушан гүлдері тұқымының 72-сі гүлдеді.Гүлзарға егілген раушан гүлдері тұқымының шығымдылығы неше процент?




  1. Компот қайнату үшін алынған алма,алмұрт және қара өріктің массаларының қатынасы 12:5:3 қатынасындай болды.Компот қайнату үшін алынған жемістердің неше проценті қара өрік?

  2. Тракторшы жыртуға тиісті жердің 76 % -ін жыртқанда,6 га жер жыртылмай қалды.Тракторшы барлығы неше гектар жер жыртуға тиіс еді?

  3. Массасы 0,9 кг жіптен ені 1,5 м,ұзындығы 3 м мата тоқылады.Массасы 6,3 кг жіптен тоқылған ені 1,2 м матаның ұзындығы неше метр болады?

  4. Жұмысшылар 3 күнде ені 10 м көпірдің 360 метірін жасап бітірді. Олар 8 күнде ені 12 м көпірдің қандай ұзындығын жасап бітірді?

  5. Ауданы 5 м2 пісіретін бөлімнің еденіне төсеу үшін ені   м тақтайдан ұзындығы 15 м тақтай жұмсалды. Ауданы 8 м2 бөлімінің еденіне төсеу үшін ені 0,25 м неше метр тақтай қажет болды?

  6. Цехтағы 8 жұмысшы 6 күнде тапсырманың   -ін орындады. Қалған тапсырманы 5 күнде орындау үшін цехқа тағы да неше жұмысшы қабылдау керек?

  7. Ұзындығы 18 м,ені 0,75 м матадан 15 жастық тысы тігілді.Ені 1,2 м матадан 22 жастық тысын тігу үшін ұзындығы неше метр мата керек?

  8. Шаруашылық бірлестігіндегі әрбір 34 бас малдың 14-і сиыр.Жалпы мал басы 272.Әрбір 16 сиыр 25 га жайылымдық жердің шөбін жейді.Шаруашылық бірлестігіндегі барлық сиыр неше га жердің шөбін жейді?

  9. Ұзындығы енінен 2,5 есе ұзын тік төртбұрыш пішінді бақты айландыра қоршау үшін 105 баған керек.Осы бақтың ұзындығын 1,4 есе,енін 1,2 есе ұзартқанда,оны қоршау үшін неше баған керек болар еді?

  10. Масштабы 1:7500000 картаны пайдаланып,Астана мен Қарағанды қалаларының арақашықтығын табыңдар.

  11. Масштабы 1:10 000 картада тік төртбұрышты жер алқабының ұзындығы 12,5 см,ені 8 см.Осы жер алқабының ауданын табыңдар.

  12. Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді.Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе,осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді?

  13. Бауыржан ақшасына әрқайсысының бағасы 120 теңгеден аквариуміне бірдей 9 балық сатып алады.Егер бір балықтың бағасы 25 % -ке арзандщатылса,Бауыржан сол ақшасына неше балық сатып ала алады?

  14. Гүл егілген гүлзардың дөңгелек жиегінің ұзындығы 18,84 м.Гүлзардың ауданын табыңдар.

  15. Өткен жылы үй жанындағы 105 м2 жерге гүл егілген еді.Осы жылы гүл егілген жердің ауданын 20 % -ке ұлғайтып,оның 16 %-іне раушан гүлдері егілді.Раушан гүлдері егілген жердің ауданы неше квадрат метр?

  16. Массасы 2 кг қорытпаның 40 %-і мыс.Осы қорытпада 500 г мысты қосып қорытқанда,ондағы мыс неше процент?

  17. Алғашқыда егін 200 га жерге егілді.Егін егілген жердің ауданы келесі жылы 20 %-ке,одан кейінгі жылы тағы да 20 %-ке өсті. Соңғы жылы неше гектар жерге егін егілді.

  18. Жерге себілген 180 қант қызылшасы тұқымының 126 –сы көктап шықты.Қант қызылшасы тұқымының өнімділігі неше процент?

  19. Тік төртбұрыш пішінді футбол алаңыныңи периметрі 350 м.Оның енінің ұзындығына қатынасы 2:3 қатынасындай.Футбол алаңының ауданын табыңдар.

  20. Ұзындығы 160 м,ені 90 м тік төртбұрыш пішінді жер ұзындығы оның ұзындығынан 40 м артық,бірақ ауданы сондай жермен ауыстырылды.Соңғы жердің ені қандай?

  21. Су 4 құбырдан қатар ақса, хауыз 30 минутта толады. Су сондай мөлшермен 3 құбырдан қатар ақса, хауыз неше минутта толакды?

  22. Жеміс сусынын дайындау үшін алма, өрік және шие сатып алынды.Олардың массаларының қатынасы 5 : 4 : 3 қатынасындай. Алма шиеден 1,2 кг артық. Сусын дайындау үшін барлығы неше килограмм жеміс сатып алынды?

  23. Аудандары 15 га, 30 га, 45 га үш егістік жердің егінін 123 комбайн жинады.Комбайндар саны егістік жерлердің аудандарына турапропорционал бөлінді. Бірінші егістік жерді, екінші егістік жерді, үшінші егістік жерді неше комбайн жинады?

  24. Үш учаскеден 20,16 т бидай алынды. Бірінші учаскеден алынған бидай массасының екінші учаскеден алынған бидай массамына қатынасы 5 : 9 қатынасындай. Үшінші учаскеден алынған бидай бірінші учаскеден алынған бидайдан 40% артық. Учаскелердің әрқайсысынан қанша бидай алынды?

  25. Сыныпта 16 ұл бала бар. Олардың 14-і бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады, 9 –ы шахмат ойнағанды ұнатады. Бұл ойындарға сыныптағы барлық ұл балалар қатысады. Сыныптағы неше ұл бала бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнатады?

  26. Бір аптада дүкеннен 19 адам теледидар сатып алды, 13 адам мұздатқыш сатып алды. Олардың 8-і мұздатқыш та, теледидар да сатып алды. Неше адам теледидар ғана сатып алды? Неше мұздатқыш қана сатып алды?

  27. Сыныптағы 15 оқушы көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысады. Олардың ішінде 9 оқушы домбыра тартады, 10 оқушы өлең айтады. Неше оқушы домбыра да тартады, өлең де айтады? Осыны Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеңдер.

  28. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар. Теплоходтың меншікті жылдамдығы ағыс жылдамдығынан 9 есе артық. Егер теплоход ағыспен жүзсе, 1 сағ 15 мин уақытта 45 км қашықтыққа барады. Теплоходтың ағысқа қарсы жылдамдығын табыңдар.

  29. Бір топтағы туристердің 10-ы қазақ тілін біледі, 8-і орыс тілін біледі, олардың 3-еуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топта барлығы неше турист бар?

  30. Жасыл, қызыл және сары түсті шарлардан тізбе жасалған. Ондағы сары түсті емес шарлар саны 23. Қызыл түсті емес шарлар саны 20. Жасыл түсті емес шарлар саны 15. Тізбеде барлығы неше шар бар? Жасыл түсті шар нешеу? Сары түсті шар нешеу?

  31. Арман мен Жандос бірдей қашықтыққа жүгірді. Межелеген уақыттан Арман 2 с бұрын келсе, Жандос 1,5 с кейін келді. Межелеген уақытты 0 (нөлдік уақыт) деп алып, балалардың келген уақыттарын сәйкесінше оң санмен немесе теріс санмен жазыңдар.

  32. Арақашықтығы 120 км бірінші қаладан екінші қалаға мотоциклші 4 сағатта бару керек. Ол 2 сағат жүрген соң тоқтап, 0,5 сағ демалды. Мотоциклші екінші қалаға уақытында бару үшін, демалған соң қандай жылдамдықпен жүруі керек?

  33. Қазақстанның физикалық картасында: Қарақия ойысы – 132 м, Тарбағатай жотасы 2930 м, Жетісу (Жоңғар) Алатауы 4442 м деп жазылған. Картадағы бұл сандарды қалай түсінесіңдер?

  34. Асхат 50 тг-ге марка, 120 тг-ге бояу, 100 тг-ге ойын билетін сатып алды. Ол марканы 70 тг-ге, бояуды 100 тг-ге, ойын билетін 130 тг-ге сатты. Асхат заттардың әрқайсысынан қанша пайда, қанша шығын жасады?

  35. Айдос мектептен үйге сағат 2-ні көрсетіп тұрғанда келді. Самал үйге одан 10 минут бұрын, ал Шынар үйге одан 0,5 сағ кейін келді. Самал үйге сағат нешеде келді? Шынар нешеде келді? Мұндағы көрсетілген 10; 05, сандарының қайсысы оң сан, қайсысы теріс сан?

  36. Арақашықтығы 124 км екі станциядан бірдей уақытта бір –бірінен қарама-қарсы бағытта екі пойыз шықты. Пойыздар 1 сағ 45 мин жүрген соң олардың арақашықтығы 369 км болды. Бірінші пойыздың жылдамдығының екінші пойыздың жылдамдығына қатынасы 3 : 2 қатынасындай. Пойыздардың жылдамдықтарын табыңдар?

  37. Назерке, Мерует, Әлихан, Жандос және Бауыржан бір-бірімен қол алысып сәлемдесті. Олар неше рет қол алысып сәлемдесті?

  38. Мектеп кітапханасында оқулықтар және әдеби кітаптар бар. Мектеп кітапханасындағы кітаптардың 30% -і әдеби кітаптар, ал қалған1806 кітап – оқулықтар. Мектеп кітапханасында барлығы неше кітап бар?

  39. Ұзындығы 510 м пойыз ұзындығы 750 м көпірден 1 мин 10 с уақытта өтті. Бірнеше сағаттан соң пойыз сол жылдамдықпен тоннельден 1,5 минутта өтті. Тоннельдің ұзындығы неше метр?

  40. Үй айналасындағы қоршауды әкесі 3 сағатта, ал баласы 6 сағатта сырлайды. Егер осы қоршауды әкесі мен баласы бірлесіп сырласа, неше сағатта сырлайды?

  41. Сүңгуір қайық 270 м тереңдікте жүзіп жүріп, жүзу деңгейін – 42 метрге өзгертті, сонан соң тағы да – 27 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық неше метр тереңдікте жүзді?

  42. Аңшы иті қоянды көрді. Олардың алғашқы арақашықтығы қоянның 15 рет секіру ұзындығына тең еді, бірақ қоян итті көріп қаша жөнелді. Ит 2 рет секірген уақытта қоян 3 рет секіреді. Иттің 3 секіру ұзындығы қоянның 7 секіру ұзындығына тең. Ит неше секіргенде қоянға жетеді?

  43. Біз базардан 590 теңгеге қауын, қарбыз, асқабақ және ананас сатып алдық. Қарбыз, асқабақ және ананас 350 тг. Қауын, қарбыз және ананас 540 тг. Қауын және ананас 420 тг. Қарбыз неше теңге?

  44. Арна суының тереңдігі 7 м болатын. Осы арнадан егістік алқапты суғаруға байланысты арна суының деңгейі – 0,8 метрге өзгерді. Арна суының тереңдігі енді неше метр болды?

  45. Кәсіпкер 300 000 тг пайдасының 5% -ін салық үшін төледі, 3 % -ін қамқорлық қорына салды. Кәсіпкердің тапқан пай дасының неше теңгесі қалды?

  46. Қайық екі айлықтың арасын, егер ағыспен жүзсе, 1,2 сағ жүзеді, ал ағысқа қарсы жүзсе, 1,8 сағ жүзеді. Сал осы қашықтықты неше сағат жүзді?

  47. Қорапшадағы кәмпиттер 4 түрлі. Қорапша ішіне қарамай, бір түрден 2 кәмпит алу үшін, одан кем дегенде неше кәмпит алу керек?

  48. Фермер сатуға 8 ц картоп әкелді. Ол бірінші күні сатуға әкелген картоптың 60 % - ін сатты. Екінші күні қалғанының 50 % -ін сатты. Үшінші күнге сатуға қанша картоп қалды?

  49. Заттың бағасы бірінші рет 20% - ке, екінші рет 10 % -ке арзандатылған соң 540 тг болды. Заттың алғашқы бағасы неше теңге болған?

  50. Саябақтағы шырша ағаштары қайын ағаштарынан 20% кем , ал ондағы емен ағаштары шырша ағаштарынан 15% кем. Саябақтағы емен ағаштары қайың ағаштарынан неше процент кем?

  51. Бір көйлекке 2,4 м мата жұмсалды. 64 м матадан неше көйлек тігілді?

  52. Бақтағы бес алмұрт ағаштарының өнімдері: 25 кг, 30 кг, 34 кг, 28 кг және 31 кг. Бақтағы осы алмұрт ағаштары өнімдерінің медианасы неше килограмм? Бақтағы осы алмұрт ағаштары өнімдерінің өзгеріс ауқымы неше килограмм?

  53. Асан мен Үсен балық аулады. Асанның аулаған балықтарының саны барлық балық санынан 9-ға кем, ал Үсеннің аулаған балықтарының саны Асанның аулаған балықтарының санынан 7- ге кем. Асан мен Үсен екеуі барлығы неше балық аулады?

  54. Гүлзарға әр түпке a гүлден, әр қатарға b түптен с қатар раушан гүлі отырғызылды. Гүлзарға барлығы неше түп раушан гүлі отырғызылды? Есептің шығару өрнегін жазыңдар. а = 3; b= 12; с = 9 болғандағы әріпті өрнектің мәнін табыңдар.

  55. Аулада a қозы және 9 тауық жайылып жүр. Олардың барлығында неше аяқ бар?

  56. Құйманың құрамында мыс, қалайы және мырыш бар. Ондағы қалайы m кг, ал мыс одан 5,2 есе көп, мырыш 0,08 кг. Құйманың массасын табыңдар. Мұндағы m = 0,6.

  57. Інісі х жаста, ағасының жасы одан 1,5 есе, ал әкесінің жасы 3,5 есе үлкен. Атасының жасы баласы мен немерелерінің жастарының қосындысына тең. Атасы неше жаста? Мұндағы х=12

  58. Компьютерде терушілердің біреуі сағатына шығарманың х бетін терді, ал екіншісі одан 2 бетті кем тереді. Олар қатар жұмыс істесе, 3 сағатта шығарманың неше бетін тереді? Мұндағы х =5.

  59. Жүзім сусынын құятын сыйымдылығы 2 л және 3 л банкалар бар. Егер сусынды 2 литрлік банкаларға құйса, 3 литрлік банкаларға құйғандағыға қарағанда 2 банка артық қажет болды. Дайындалған жүзім сусыны неше литр?

  60. Көгалдандыру үшін екі көше бойына ағаштар отырғызылды. Бірінші көшедегі ағаштар саны екінші көшедегі ағаштар санынан 1,4 есе көп. 13 ағашты бірінші көшеден екінші көшеге ауыстырып отырғызғанда, екі көшедегі ағаштар сандары бірдей болды. Алғашқыда бірінші көшеге неше ағаш отырғызылды, екінші көшеге неше ағаш отырғызылды?

  61. Қазір әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болды?

  62. Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегі бүлдірген түптерінің санынан 2,5 есе артық. Бірінші жүйектен 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды. Алғашқыда екінші жүйекте неше түп бүлдірген болды?

  63. Дүкенге әрқайсысы 1,5 кг-нан және 1,8 кг-нан барлығы 11 орам өрік әкелінді. 1,5 кг-нан оралған барлық өріктің массасы 1,8 кг-нан оралған барлық өріктің массасына тең. Дүкенге әрқайсысы 1,5 кг-нан неше орам өрік әкелінді?

  64. Алдаркөседе жасыл, қызыл және ақ қалпақтар, сұр, көк және қара шапандар, бір пар етік және бір пар бәтеңке бар. Алдаркөсе көршілерін таңырқату үшін неше түрлі киіне алады?

  65. Рая мен Маржан дәптерлер сатып алды. Рая бір дәптерді 6 тг-ден, ал Маржан бір дәптерді 8 тг-ден сатып алды. Маржанның сатып алған дәптерлерінің саны Раяның сатып алған дәптерлерінің санының жартысына тең. Қыздардың қайсысы көп ақша төледі?

  66. Бірінші құмырада 7 л, екінші құмырада 5 л сүт бар еді. Құмыралардың әрқайсысынан 3 л сүт құйылып алынды. Қай құмырада көп сүт қалды?

  67. Бірінші астық қоймасында 210 т, екінші астық қоймасында 280 т бидай бар еді. Астық қоймаларының әрқайсысына тағы да 75 т астық әкелінді. Қай астық қоймасындағы астық артық?

  68. Бидай егілген егістік жердің бір гектарынан а ц өнім алынады. 4 га жерден неше центнер өнім алынатынын бағалаңдар.13

  69. Бағдат пен Марат бақтан алма теріп алды.Бағдат бақтан 11-ден артық, бірақ 15-тен кем алма терді.Марат бақтан 9-дан артық,бірақ 13-тен кем алма терді.Бағдат пен Мараттың терген алмаларының өздері және екі достары тең бөліп алды.Балалардың әрқайсысының неше алмадан алғандарын табыңдар.

  70. Аңшы қояннан 60 метрден артық емес қашықтықта, ал итінен 70 метрден артық емес қашықтықта тұр. Ит қояннан неше метр қашықтықта болатынын бағалаңдар?

  71. Қауынның массасы 4 кг-нан кем емес, бірақ 6 кг-нан артық емес. Қарбыздың массасы 8 кг-нан кем емес, бірақ 10 кг-нан артық емес. Қауын мен қарбыздың массаларын бағалаңдар?

  72. Бірінші құбырдан 2 минутта 15 шелек су ағады, екінші құбырдан 5 минутта 32 шелек су ағады. Су қоймасын толтыру үшін екі құбырдан қатарынан 1,5 сағ су ағызу керек. Су қоймасының сыйымдылығын шелек есебімен анықтаңдар.

  73. Жүзім егілген жер учаскесінің әрбір гектарынан төрт жылда: 5 ц; 8 ц; 6 ц; 9 ц өнім алынды. 1) Жүзім өнімінің графигін сызыңдар. 2) Учаскедегі орташа жүзім өнімінің неше центнер екенін анықтаңдар; 3) Жүзім өнімінің медианасы неше центнер? 4) Жүзім өнімінің өзгеріс ауқымы неше центнер?

  74. Кітап беттері 559 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері оның 3- бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше бет болғаны?

  75. Ағаштан дайындалған кубтың массасы 44,8 г. Қыры осы кубтың қырынан 4 есе кіші осындай ағаш кубтың массасы неше грамм?

  76. 10 кг бидайдан 8 кг ұн алынады. 2 кг ұннан 3 кг нан алынады.150 кг бидайдан неше килограмм нан алынады?

  77. Балалар бақтан алма,алмұрт,шабдалы және өрік жинады.Жемістердің барлығының массасы 38 кг.Балалар жинаған алма мен алмұрт 25 кг,алма мен шабдалы 17 ег,алма мен өрік 16 кг.Балалар жемістердің әрқайсысынан неше кг жинады?

  78. Үш бала бақтан терген алмаларын бөліп алды. Бірінші бала барлық алманың 25 %-ін және 5 алманы алады.Екінші бала қалғанының 60 %-ін және 2 алманы алғанда 20 алма қалды.Балалар бақтан барлығы неше алма терді?

  79. Қыры 9 см текшенің бетін бояу үшін 117 г бояу керек.Қыры 3 см текшенің бетін бояу үшін неше грамм бояу керек?

  80. Екі трактор 7 күнде 147 га жер жыртты. Бірінші трактор 3 күнде қанша жер жыртса,екінші трактор 4 күнде сонша жер жыртты. Бір күнде бірінші трактор неше гектар жер жыртады,екінші трактор неше гектар жер жыртады?

  81. Жеміс ағаштары егілген жердің ауданы көкеніс егілген жердің ауданынан 6 га артық болған.Жеміс ағаштары егілген жердің ауданын 25%-ке,ал көкеніс егілген жердің ауданын 20%-ке арттырғанда барлығы 32 га болды.Алғашқыда жеміс ағаштары егілге н жердің ауданы қандай болды? Көкеніс егілген жердің ауданы қандай болды?

  82. Өткен жылы 50 га жерге бидай және 30 га жерге қара бидай егіліп,990 ц өнім алынды.Осы жылы 20 га жерге бидай және 40 га жерге қара бидай егіліп,760 ц өнім алынды.Екі жылдағы егіс өнімдері бірдей деп есептегенде 1 га жерден неше центнер бидай және 1 га жерден неше центнер қара бидай алынды?

  83. Тікбұрышты гүлзар қоршауының жалпы ұзындығы 30м, ал ауданы 56 м2.Гүлзар қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.

  84. Жер телімі ұзындығы 40 м болатын тікбұрышты шарбақпен қоршалған.Жер телімінің ауданы 96 м2 .Жер телімінің ұзындықтарын табыңдар.

  85. Су толтырылған флягтың массасы 29 кг. Ондағы судың жартысын құйып алған соң, флягтың қалған сумен массасы 16 кг болды. Бос флягтың массасы неше килограмм?

  86. Фермер бақша өнімдерін егуге бөлінген жердің жартысына кортоп екті. Ол қалған жердің жартысына қауын екті. Қалған 2 га жерге пияз екті. Фермер бақша өнімдерін егуге неше гектар жер бөлді .Оның неше гектарына қауын екті?

  87. Гүл сатушы 68 гүл әкелді. Ол кейбіреуінде 5 гүлден және кейбіреуінде 3 гүлден, барлығы 18 гүл шоғын даярлады. Гүл сатушы әрқайсысында 5 гүлден неше гүл шоғын даярлады? Әрқайсысында 3 гүлден неше гүл шоғын даярлады?

  88. Бассейнге бірінші құбыр арқылы минутына х л су ақса, екінші құбыр арқылы минутына одан 2 есе артық су ағады. Бассейнге су екі құбырдан қатар ақса, 30 минутта аған неше литр су құйылады? Мұндағы х=60

  89. Тракторшылардың бірінші бригадасы күніне а га жер жыртса, екінші бригадасы күніне одан 5 га жерді кем жыртты. Тракторшылардың екі бригадасы қатар жұмыс істесе, 3 күнде неше гектар жер жыртады?Мұндағы а=24

  90. 100 кг магнитті теміртас кенінің құрамындағы темірдің массасы 44 кг артық.100 кг магнитті теміртас кенінде неше килограмм тас бар?

  91. Дүкендегі орам матадан 16 м мата сатылды. Қалған матадан әрбір көйлекке 3 метрден жұмсап, 8 көйлек тігілді.Дүкендегі орам мата алғашқыда неше метр болған?

  92. Дүкенде үш күнде 1400 кг көкеніс сатылды. Екінші күнге қарағанда бірініші күні 170 кг көкеніс артық сатылды, ал үшінші күні 120 кг кем сатылды. Екінші күні неше килограмм көкеніс сатылды?

  93. Елдостың тауықтары мен қозылары бар. Қозылар тауықтардан 3 есе кем. Қозылар мен тауықтардың барлығында 40 аяқ бар. Елдостың неше қозысы, неше тауығы бар?

  94. Жеміс сусынын дайындау үшін кептірілген алма, алмұрт және өрік алынды. Ондағы алмұрт өріктен 3 есе артық, ал алмадан 500г кем. Кептірілген жемістердің құрамындағы алма мен алмұрт 2 кг. Жеміс сусынын дайындау үшін алынған өріктің массасын, алманың массасын табыңдар.

  95. Ұзындығы 75 м, ені 30 м тік төртбұрыш пішінді жер телімін қоршау үшін қадалар қағылды. Қадалар тік төртбұрыштың бұрыштарына және қабырғалары бойына әрбір 3 м арақашықтықта қағылды. Жер телімі 5 қатар сыммен қоршалды. 1) Тік төртбұрыш пішінді жер телімін өоршау үшін неше қада қағылды? 2) Жер телімі барлығы неше метр сыммен қоршалды?

  96. Жауған жаңбырдан су қоймасының әрбір 5м2 ауданына 350 л жаңбыр суы жауды. Жаңбыр суымен су қоймасындағы су деңгейіне неше сантиметрге көтерілді?

  97. Гүл егетін тік төртбұрыш пішінді гүлзардың ауданы 300м2 .Осы гүлзарды қоршайтын қоршаудың ұзындығы ең аз болуы үшін, тік төртбұрыштың өлшемдері қандай болу керек?

  98. Үй жанындағы ұзындығы 7м, ені 3 м гүл егілген жерге жауған жаңбыр суының көлемін еептеу үшін тікше шелек қойылды. Жаңбыр жауып болған соң, шелектегі судың деңгейі 8 см болды. Үй жанындағы гүл егілген жерге неше литр жаңбыр суы жауды?

  99. Бақта бір-бірімен 6 м қашықтықта 15 алма ағашы қатар орналасқан. - Екі шекті алма ағаштарының арақашықтығы неше метр? - 7-алма ағашы мен 12-алма ағашының арасы неше метр?

  100. Алма мен шабдалы 430 г. Шабдалы мен алмұрт 410 г. Алмұрт пенбанан 420 г. Бананның массасы 240 г. Алманың массасын табыңдар.

  101. 65 түп ағаш көшеттерін, әр қатардағы көшеттер санын бірдей етіп, неше қатарға отырғызуға болады?

  102. Бала себетті толтырып қояндарға сәбіз әкелді. Ол себеттегі сәбіздерді 4 қоянға, 6 қоянға немесе 8 қоянға тең бөліп бере алады. Бала қояндарға кем дегенде неше сәбіз әкелді?

  103. Терезенің замазкасы ұнтақталған бор мен олифа майынан дайындалады. Замазкадағы бордың массасы олифа майының массасынан 4 есе артық болады. Алынған заттар мөлшерін дұрыс сақтағанда, замазканың қандай массасы алынуы мүмкін?

  104. Жеміс сусынын дайындау үшін кептірілген алмұрт және қара өрік алынды. Оның 5 бөлігі алмұрт, 3 бөлігі қара өрік.- Алмұрттың қара өріктен 425 г артық болуы мүмкін бе, әлде 500 г артық болуы мүмкін бе?- Жеміс сусынын дайындау үшін барлығы неше килограмм кетірілген жемістер алынды?

  105. Бір адамның таза ауамен дем алуы үшін 45м2 жерге өсімдік өсіру керек. Ол үшін өлшемдері 1-ден өзге қандай натурал сандармен өрнектелетін тік төртбұрыш пішінді жерді көгалдандыру керек?

  106. Тоқыма тоқу үшін алынған жіптің жартысынан және 100 грамынан кеудеше тоқылды. Жіптің қалғанының жартысынан және 50 грамынан шалма тоқылды. Одан қалған жіптің 200 грамынан қолғап тоқылғанда 50 г жіп артылып қалды. - Тоқыма тоқу үшін қанша жіп алынған? - Шалма неше грамм жіптен тоқылған?

  107. Тіркемесі бар машинамен бірнеше рет қатынап, бірінші күні 35 т, екінші күні 21 т, үшінші күні 14 т тас көмір әкелінді. Тіркемесі бар машинаға әрбір ретте тиелген тас көмірдің массалары бірдей. Машина бір рет қатынағанда неше тонна тас көмір әкеледі?

  108. Туристер межелеген 162 км қашықтықтың 108 километрін автобуспен жүрді. Туристер межелеген қашықтықтың қандай бөлігін автобуспен жүрді?

  109. Жолды тегістеу үшін екі грейдер машинасы бөлінді. Олардың біріншісі жолды 45 сағатта тегістейтін болса, екіншісі 36 сағатта тегістейді. Олар бірлесіп жолды 15 сағтегістеген соң, қалған жолды екінші грейдер машинасы тегістеді. Қалған жолды екінші грейдер машинасы неше сағат тегістеді?

  110. Қалампыр гүлінен дайындалған барлық гүл шоқтарында 28 гүл бар. Жасмин гүлінен дайындалған барлық гүл шоқтарында 35 гүл бар.Егер гүл шоқтарының әрқайсысындағы гүлдер саны бәрдей болса, әрбір гүл шоғында неше гүл бар? Қалампыр гүлінен неш гүл шоғы дайындалды? Жасмин гүлінен ше?

  111. Мұнай қоймасына мұнай тиелген 3 тіркес цистерналар әкелінді. Цистерналардың бірінші тіркесінде 504 т, екінші тіркесінде 288 т , ал үшінші тіркесінде 648 т мұнай бар. Цистерналардың барлығы мұнаймен толтырылған және цистерналардың әрқайсысындағы мұнайдың массалары бірдей. Әрбір цистерналардағы мұнайдың ең көп мүмкін массасы неше тонна? Цистерналардың бірінші т іркесінде,екінші тіркесінде, үшінші тіркесінде неше цистерна бар?

  112. Таңертеңгі сағат 8-де элеватордан астық таситын үш машина шықты. Машиналардың біріншісі 3 сағатта, екіншісі 4 сағатта, ал үшіншісі 6 сағатта элеваторға қайтып оралып отырады. Егер машиналар бір қалыпты жүріп тұрса, олар сағат нешеде элеваторда қайта кездеседі?

  113. Велосипедтің жетектеуші шестерниясының 32 тісі бар. Оның жетектелуші шестерниясының 18 тісі бар. Шестерниялар бастапқы қалпына келгенде жетектеуші шестерния ең аз дегенде неше айналым жасайды? Жетектелуші шестерния ше?

  114. Ұзындықтары бірдей поезд бір-біріне қарама-қарсы жүріп келеді. Бірінші поездің жылдамдығы 54 км/сағ, ал екінші поездің 36км/сағ. Бірінші поезда отырған жолаушының тұсынан екінші поезд 14 секундта өтті. Поездардың әрқайсысының ұзындығы неше метр?

  115. Шағын орманда барлығы 169 шырша. Қарағай, емен және қайың ағаштары өсіп тұр.ондағы ағаштардың 5 бөлігі шырша, 6 бөлігі қарағай. Ормандағы қарағай ағаштарынан емен ағаштары 3 есе кем, ал қайың ағаштары 17-ге артық. Шағыр орманда неше қарағай, неше емен, неше қайың ағашы өсіп тұр.

  116. Балалар бақшасындағы топтарға тарату үшін 28 ойыншық машина, 35 қуыршақ және 77 доп сатып алынды. Балалар бақшасындағы әрбір топқа ойыншық машиналар тең бөлініп, қуыршақтар,доптар тең бөлініп берілді. Ойыншықтар балалар бақшасындағы неше топқа бөлініп берілді?

  117. Гүл шоғында 5 қалампыр гүлі, 13 түймедақ гүлі және бірнеше раушан гүлі бар. Егер гүл шоғында барлығы 27 гүл болса, ондағы раушан гүлі барлық гүлдердің қандай бөлігі?

  118. Жәшікте 48 кубик болды. Төрт бала бірінен соң бірі келіп, әрқайсысы жәшіктегі қалған кубиктердің 2/1-ін алуға уәделесті. Ең соңғы төртінші бала жәшіктен неше кубик алады?

  119. Автотұрақта барлығы 48 машина тұр. Оның 6/1-і автобустар, қалғанының 4/3-і жеңіл машиналар. Автотұрақтағы машиналардың нешеуі жеңіл машиналар?

  120. Бақта 42 жеміс ағашы өсір тұр. Оның 14-і алма ағаштары. Бақтағы жеміс ағаштарының қандай бөлігі алма ағаштары?

  121. Балықшылардың аулаған балықтарының жартысы және үшеуі сазан. Қалған балықтардың жартысы және 5-еуі алабұға. Одан қалғандарының жартысы және 2-еуі шортан. Одан қалған 7-еуі табан балық. Балықшылар неше сазан, неше алабұға, неше шортан аулады?

  122. Бақтағы алама және өрік ағаштарының барлығы 22. алма ағашының өрік ағашынан 6-ы артық. Осы жазда бақтағы барлық алма және өрік ағаштарынан 4 алма ағашы және 2 өрік ағашы жеміс бермеді. Осы жазда бақтағы алма және өрік ағаштарының қайсысысның өнім беруі көп болады?

  123. Қайық көлде жүзіп, 3 сағатта қандай қашықтыққа барса, өзенде ағыспен жүзіп, 2 сағатта сондай қашықтыққа барды. Сал осы өзенде 1 сағатта осы қашықтықтың қандай бөлігіне жүзіп барады?

  124. Туристер белгіленген пунктке 2 күнде барды. Олар бірінші күні екінші күнге қарағанда барлық жолдың 3/7-ін артық жүрді. Туристер жолдың қандай бөлігін бірінші күні жүрді, қандай бөлігін екінші күні жүрді?

  125. Екі айлақ арасын катер ағыспен жүзсе, 6 сағат жүзеді, ал сал 24сағат жүзеді. Катер осындай қашықтықты көлде неше сағат жүзеді.

  126. Саяхатшы түске дейін межелеген қашықтықтың жартысын жүрді. Ол түстен кейін қалған қашықтықтың 3/2-сін жүргенде, межелегн жерге дейін 4 км қалды. Саяхатшы неше километр қашықтықты жүруді межелеген еді?

  127. Жіптен қалпақ, шалма және қолғап тоқылды. Қалпақ пен шалма 650 г жіптен, шалма мен қолғап 430 г жіптен, қалпақ пен қолғап 580 г жіптен тоқылды. Қалпақ неше грамм жіптен тоқылды? Шалма ше, қолғап ше?

  128. Мұздатқыш вагонның массасы 28,5 т, ондағы мұз 4,6 т. Мұздатқыш вагонның мұзсыз массасы қанша? Мұздатқыш вагонның массасын табуға кері есеп құрастырыңдар.

  129. Жәшікке алма салынған.ондағы алманың массасы 9,75 кг. Жәшіктің массасы алманың массасынан 7,9 кг жеңіл. Алма жәшігімен неше килограмм.

  130. Картоп, орамжапырақ және пияз барлығы 7 га жерге егілді. Картоп пен орамжапырақ 5,2 га жерге егілді. Пияз егілген жердің ауданы орамжапырақ егілген жердің ауданынан 0,35 га артық. Картоп неше гектар жерге егілді.

  131. Үш жәшікте алма бар. Бірінші жәшікке тағы 3,6 кг алманы салғанда, ондағы алма 9,5 кг болды. Екінші жәшіктен үшінші жәшікке 2,5 кн алманы салып, үшінші жәшіктен 1,75 кг алманы сатқанда, үш жәшіктегі алманың массасы бірдей болды. Алғашқыда жәшіктердің әпқайсысында қанша алмадан болды?

  132. Мыс пен мырыштың қоспасының массасы 4,7 кг. Ондағы мырыш 1,9кг. Қоспа құрамындағы мыстың массасын табыңдар.

  133. Жолаушылар поезында 15 вагон бар. Оның 0,6-сы купелі вагондар, қалғандары плацкарт вагондар. Жолаушылар поезында неше плацкарт вагон бар?

  134. Ұжымдық шаруашылықта 200 қой бар. 1 қойдан шамамен 4,3 кг жүн қырқылады. Жүнді жуғанда, ол массасының 1,3 килограммын жоғалтады. 1 кг таза жүннен 0,7 м мата тоқылады. Ұжымдық шаруашылықтағы барлық қойдан қырқылған жүннен неше метр мата тоқылды?

  135. Аулада жайылып жүрген қаздардың саны қояндардың санына тең. Олардың барлығында 54 аяқ бар. Аулада неше қаз жайылып жүр?

  136. Май зауытынан бірінші рет 28 т, екінші рет одан 1,3 есе көп күнбағыс әкелінді. Барлық әкелінген күнбағыстан оның ,035-індей күнбағыс майы алынады. Зауытқа әкелінген күнбағыстан барлығы неше тонна күнбағыс майы өндірілді?

  137. Бірінші қапта 46,3 кг, ал екінші қапта 38,5 кг қант бар. Екі қаптағы қанттың массаларын теңестіру үшін неше килограмм қантты бірінші қаптан екінші қапқа ауыстырып салу керек?

  138. Екі бидонға 8,9 л май құйылды. Бірінші бидонға құйылған май екінші бидонға құйылған майдан 2,5 л артық. Екінші бидонға неше литр май құйылды.

  139. Саяхатшы екі күнде 27,4 км жол жүруі керек еді. Екінші күні ол бірінші күнге қарағанда 2,3 км кем жүрді. Саяхатшы бірінші күні неше километр жол жүрді?

  140. Жеміс сусынын дайындау үшін 7 бөлік кепкен алма, 3 бөлік өрік және 2 бөлік жүзім алынды. Ондағы кепкен алма өрік пен жүзімнен 0,6 кг артық. Жеміс сусынын дайындау үшін барлығы неше килограмм жеміс-жидек алынды?

  141. Оқушылар жол бойына араларын бірдей етіп, 37 түп ағаш отырғызды. Ең шеткі екі ағаштың арасы 198 м. Жол бойындағы 15 ағаш 9 ағаштан неше метр қашықтықта отырғызылған?

  142. Поезд 2,5 сағатта 190,5 км қашықтыққа барды. Поезд қандай жылдамдықпен жүрді? Кері есепті құрастырыңдар:1) поездың жүрген жолының ұзындығын табуға; 2) поездың берілген қашықтықты жүруге кеткен уақытын табуға;

  143. Жеңіл машинаның бензин багының сыйымдылығы 60 л. Ол тұрақты жылдамдықпен жүргенде 1 км жолға 0,15 л бензин жұмсайды. Жеңіл машина тұрақты жылдамдықпен жүргенде оның багы толы бензин неше километрге жетеді?

  144. Картоп отырғызатын машина 12 күнде 102 га жерге картоп отырғызды. Осы машина 1 күнде неше гектар жерге картоп отырғызды?

  145. Картоп отырғызатын машина 59,5 гектар жерге картопты неше күнде отырғызады?

  146. Трактор жасайтын зауыт тапсырмасының 0,8-ін орындады. Зауыт тапсырманы толық орындауы үшін тағы да 48 трактор шығаруы керек. Зауыт тапсырма бойынша барлығы неше трактор жасауы керек?

  147. Поезд екі қала арасындағы қашықтықтың 0,32-сін жүргенде орта жолға жеткенше әлі 72 км қалды. Екі қаланың арақашықтығы неше километр?

  148. Аулада ақ және сұр қояндар жүрді. Барлық қояндардың 0,6-сы сұр қояндар, қалғандары – ақ қояндар. Сұр қояндардың ақ қояндардан 5-еуі артық. Аулада барлығы неше ақ және сұр қояндар жүрді?

  149. Баласына шешесі екі күнге жеуге бірнеше алма қалдырды. Бала бірінші күні шешесі қалдырған алмалардың жартысын және жарты алма жеді. Екінші күні қалған алмалардың жартысын жеді. Сонда 1 алма қалды. Шешесі баласына неше алма қалдырған еді?

  150. Вагонда 56 жолаушы және 2 жолсерік бар. Вагонда шамамен 50адам бар ма, әлде 60 адам бар ма? Қай жуықтау дәлірек?

  151. Дүкендегі сатылған орам матадан қалған қалдықтың құны 500тг. Осы матаның 1 метрінің бағасы 800 тг. Мата қалдығының ұзындығын жүздік үлестерге дейін дөңгелектеп табыңдар. Мата қалдығы неше сантиметр?

  152. Мектепте 733 оқушы оқиды. Олардың туған күндері жыл бойындағы барлық күндерде. Бір күнде кем дегенде 3 оқушының туған күндері өтілуі мүмкін бе? Қалайша?

  153. Поезд екі қала арасындағы қашықтықтың бірінші жартысын 72,75 км/сағ жылдамдықпен 2,4 сағ жүрді, ал екінші жартысын 3,6 сағ жүрді. Поездың орташа жылдамдығын табыңдар.

  154. Кітапхананың оқу залында орташа жасы 21-ге тең 24 адам бар. Оқу залынан бір адам шыңып кеткенде, қалғандарының орташа жасы 20-ға тең болады. Оқу залынан шығып кеткен адам неше жаста?

  155. Шаруашылық бірлестігі үш жерге бидай егіп, 16 га жерден 280 ц, 12,5 га жерден 225 ц, 11,5 га жерден 197,8 ц өнім алды. Шаруашылық орташа есеппен 10га жерден қанша бидай өнімін алды?

  156. Алма егілген үш бақтың әрқайсысының ауданы 12 га. Бірінші бақтан 1029,6 ц, екінші бақтан – 918 ц, ал үшінші бақтан 1166,4 ц алма жиналды. Алма бақтарынан алынған орташа өнім неше центнер?

  157. Машина жолда 3 сағ жүрді. Ол бірінші сағатта 54 км жүрді, екінші сағатта одан 1,5 есеартық жүрді. Машина үшінші сағатта екінші сағатта жүрген жолдың 0,8-ін жүрді. Машинаның орташа жылдамдығы сағатына неше километр?

  158. Дүкенге барлығы 8,2 т картоп, сәбіз, пияз, және қызанақ түсті. Катоп пен сәбіз 4,75 т, картоп пен пияз 6,37 т, картоп пен қызанақ 4,28 т. Дүкенге бақша өнімдерінің әрқайсысынан неше тонна түсті?

  159. Бағбан жинаған жүзімді екі жүшікке салды. Бірінші жәшіктегі жүзім 8,4 кг, ал екінші жәшіктегі жүзім одан 1,2 есе кем. Екі жәшікте неше килограмм жүзім бар?

  160. Жеміс сусынын дайындау үшін алынған кептірілген жемістердің 35%-і алма, 30%-і алмұрт, 25%-і өрік, қалғаны алхоры. Кептірілген жемістердің неше проценті алхоры?

  161. Бағасы 420 тг ойыншық машиналар 15%-ке арзандатылып сатылды. Балалар бақшасы 7 ойыншық машинаны арзандатылған бағамен сатып алса, неше теңге үнемделеді?

  162. Ауылдағы 620 үйдің 80%-інде ит бар, 50%-інде мысық бар. Ауылдағы неш үйде ит те, мысық та бар?

  163. Саяхатшылар межелеген 180 км қашықтықтың 40%-ін автомашинамен, ал қалған қашықтықтың 65%-ін мотоциклмен жүрді, одан қалған жолды орман ішімен өтетін болғандықтан, жаяу жүрді. Саяхатшылар неше километр қашықтықты жаяу жүрді.

  164. Тігін фабрикасы киімнің алғашқы бағасын 5%- ке қымбаттатты да, жыл соңында 20%-ке арзандатып, 8400 теңгеге сатты. Киімнің қымбаттақанға дейінгі алғашқы бағасы неше теңге?

  165. Сатып алынған сырдың 40%--і бірінші бөлмені, қалғанының 60%-і екінші бөлмені сырлауға жұмсалды. Одан қалған 1,2 кг сыр үшінші бөлмені сырлауға жұмсалды. Үш бөлмені сырлауға неше килограмм сыр жұмсалды?

  166. Токарь осы аптада 300 бөлшек дайындауды межелеген еді. Ол осы аптада межелеген жоспардан 60 бөлшекті артық дайындады. Токарь жоспарын неше процентке артық орындады?

  167. Бақшаның ауданы 11,25 га. Егер бақшаның пішіні тіктөртбұрышты және бір қабырғасы екіншісінен 200 м ұзын болса, онда бақшаның периметрі неге тең?

  168. Тіктөртбұрышты жер телімінің ауданы 84м2 . Егер оның ұзындығы енінен 8м-ге артық болса, онда осы жер телімінің периметрін табыңдар?

  169. Қабырғалары 4 м және 5 м-ге тең тіктөртбұрышты алаңның айналасына салынатын жолдың ауданын қосқанда 56 м2 -ге тең және ені бірдей болатын жол салу керек. Салынған жолдың ені қандай болады?

  170. Құрылыс жүргізуге тіктқртбұрышты жер бөлінді. Ұзындығы енінен 25 м артық болатын құрылысты салужоспарын бекіту кезінде бөлінген жердің ұзындығы 5 м-ге , ені 4 м-ге ұзартқанда, бөлінген жердің ауданы 300 м2 -ге көбейді. Жоспар бекітілгеннен кейінгі құрылыс салатын жер бөлігінің ауданын табыңдар?

  171. Екі ыдыстағы судың мөлшері 100 л. Бірініші ыдыстағы судың 80%-ы, ал екіншісінің 60%-ы қолданылғанда, барлығы 30 л су қалды. Бастапқыда әр ыдыста қаншалитр су болған?

  172. Мәдениет үйінің көрермендер залында 160 орын бар. Әрбір қатардағы орын санын бірге, ал қатар санын екіге арттырды. Егер орындар саны 38-ге артса, онда арттырғанға дейін көрермендер залында неше қатар болған?

  173. Екі бригада бірігіп жұмыс атқарғанда, су қондарғасының құрылысын 12 күнде бітіреді. Егер бұл жұмысты әр бригада жеке орындаса, онда бірінші бригада екіншісіне қарағанда 10 күнге ерте бітіреді. Әр бригада жұмысты жеке неше күнде бітірер еді?

  174. Екі бригада бірлесіп астықты 2 күнде жинады. Егер бірінші бригада астықтығ 3/1 бөлігін, ал қалған бөлігін екінші бригада жинаса, онда барлық астықты жинауды 4 күнде бітірер еді.әр бригада астықты жеке неше күнде жинайды?

  175. Екі құбырдың көмегімен бак 2 сағ 55 мин-та суға толады. Бірінші құбыр жеке жұмыс істегенде, екінші құбырға қарағанда 2 сағ бұрын бакты суға толтырады. Әр құбыр жеке жұмыс атқарғанда бакты қанша уақытта толтырар еді.

  176. Екі құбырға жалғанған бассейн екінші құбырға қарағанда бірінші құбырмен 5 сағ бұрын толады. Егер алдымен екінші құбырды ашып, 8 сағ-тан кейін бірінші құбырды іске қосса, онда бассейн 18 сағ-та толады. Егер әрбір құбыр жеке жұмыс атқарса, онда бассейнді қанша уақытта суға толтырады?

  177. Каспий теңізінің ауданы шамамен 317 000 км2 , Арал теңізінің ауданы 13 900 км2 , Балкаш теңізінің ауданы 16 400 км2 . Бірінші сан 1000-ға деәінгі, ал қалған екі сае жүзге дейінгі дәлдікпен берілген деп есептеп, үш су қоймасының жалпы ауданын табыңдар?

  178. Жемісті массасы 2,24 кг болатын жәшіктерге салып, салмағы 0,6 кг болатын ағаш жоңқасымен толтырды. Сонда жәшіктің жалпы массасы 18,5 кг болды. Жәшікте неше килограмм жеміс бар?

  179. 32,4 га ауданын 4580 ц қара бидай жиналды. Бір гектардан орташа есеппен қанша қара бидай жиналған?

  180. Бассейндегі суды 1 сағат бойы бірқалыпты ағызған соң онда 400 м 2 су қалды, ал тағы да 3 сағат ағызған соң бассейндегі су мөлшері 250 м3 болды. Бассейндегі бастапқы су мөлшері қандай болды?

  181. Бір егін алқабынан 2880 ц астық, ал ауданы одан кіші жерден 2160 ц бидай жиналды. Бірінші алқапты әрбір гектарынан екіншісіне қарғанда 4 ц бидай артық жиналса және бірінші алғаптың ауданы екіншісінен 12 га артық болса, әрбір алқаптың ауданын табыңдар.

  182. Тік төртбұрышты жер алқабының ұзындығы енінен 5 есе үлкен. Оның енін 9 метрге ұзартқанда, ауданы 4 есе өсті. Жер алқабының бастапқы өлшемдерін анықтаңдар.

  183. Бір-бірінен 24 м қашықтықта орналасқан және биіктіктері 5 м және 12 м болатын бағандардың ұштарына сым керілген. Осы сымның ұзындығын табыңдар.

  184. Ауыл шаруашылық бірлестігі арпа егілген егістіктен 3570 ц арпа жинап алды. Егер арпаның әрбір гектарынан алынатын өнімді 8 центнерге өсіруге мүмкін болса, онда 3570 ц өнім жинау үшін бастапқы егіс алқабынан 20 га кем егіс алқабы қажет болар еді. Бірлестік неше гектар жерге арпа еккен және өнімділігі қандай болған?

  185. Бір комбайншы екіншісіне қарағанда егістіктің белгілі бір бөлігін 24 сағ ертерек жинайды. Егер екі комбайншы бірігіп істесе, онда бұл егістікті жалғыз екінші комбайншы жинайтын уақытында 49 сағ ертерек жинап біткен болар еді. Әрбір комбайншы егістіктің осы бөлігін қанша уақытта жинап бітіреді?

  186. Егер екі құбырмен су жіберілсе, онда цистернаны 12 минутта толтыруға болады. Егер цистернаның жартысын тек бірінші құбырдығ көмегімен, ал екінші жартысын тек екінші құбырдың көмегімен толтырса, онда цистернаны 25 минутта толтыруға болады. Әрбір құбырмен жеке-жек цистернаны қанша уақытта толтыруға болады?-





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет