Тлеков Мереке Жолдыбаевич
учитель математики,
ЗКО, р-н Теректи,
п. Улкен Еңбек, СОШ Еңбек.
МӘТІН ЕСЕПТЕРДІ ТЕҢДЕУ ҚҰРУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРУ.
Сабақтың тақырыбы: Мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару.
Сыныбы: 6 (алтыншы), 8 (сегізінші)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шешу алгоритмін іс жүзінде қолдана білу бейімділіктерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және ойын жинақтау қабілетін, зейінін тұрақтандыру, сұраққа нақты жауап беру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өмірмен байланыстыра отырып, ұлттық дүниетанымын, танымдық ой-өрісін кеңейту; оқушыларды ізденімпаздылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Өз бетінше жұмыс істеуге және уақытты тиімді пайдалануға білуге үйрету.
Көрнекілігі: Жылжымалы тақта, смайликтер, есеп шартына сай суреттер, үлестірмелі топтамалар (тест тапсырмалары, өзін-өзі бағалау парағы)
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, қызығушылығын ояту, талдау, тест, ой қозғау, өзін-өзі бағалау.
І. Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау-мотивациялық кезең. Мұғалім басшылығымен.
Бұл сондай бір нәрсе, әуелі бірдеңені білмейсің, білгің келсе, іздеп тауып аласың. Кейде есептер тек соның көмегімен шығарылады. Мен оны шығаруды ұнатпаймын. Өйткені нашар білемін. Олардың жапырақтары мен сабақтары бар ма екенін білмеймін, ал түбірлері бар. Кейде жоқ болуы да мүмкін. Бастауыш сыныптарда олар -қарапайым, алтыншы сыныпта – сызықтық, ал сегізінші сыныпта квадраттық деп аталады. Бұл не? Жауабы: Теңдеу
1-тапсырма:
Бір ерігіп отырған бай Алдаркөсені мазақ ету үшін үйіне қонаққа шақырыпты. Тамақ ішіп болған соң,бай жұрт көзінше: «Алдаркөсе, сені жұрт «жақсы есеп біледі» деп жүр. Менің жасым 26-да. Ал ұлым 6 жаста. Мен неше жылдан кейін ұлымнан үш есе жас үлкен боламын?
2-тапсырма: Сурет бойынша сызықтық теңдеу құрыңдар. Мұндағы 1 орамжапырақтың массасы у кг. Теңдеуді шешіп, 1 орамжапырақтың массасын анықта.
Достарыңызбен бөлісу: |