Мұғалім: Байраханов Н



Дата11.03.2020
өлшемі68,5 Kb.
#59868
Байланысты:
Ашық сабақ Байраханов

Оқу орны: №14 колледжі

Мұғалім: Байраханов Н.

Әдістемелік жетекшісі: Есболов Е.
Оқу жылының І жарты жылдығына

«Білім шыңын бағындыру» сабақтан тыс іс-шара



Мақсаты:

Оқушылардың барлық пәндер бойынша білімдерін жүйеге келтіру

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұйымшылдыққа, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу

Дамытушылық:

Оқушылардың теориялық, шығармашылық және оперативті ойлау, яғни жылдам шешім қабылдай алу қасиеттерін дамыту

Барысы:


Қайырлы күн, құрметті оқушылар және оқытушылар! «Білім шыңын бағындыру» интеллектуалдық марафонына қош келдіңіздер!

«Теориялық сұрақтар» сайысы



5 ұпай:

  1. Орындаушыға түсінікті тілде жазылған командалардың тізбегі қалай аталады? (Алгоритм)

  2. ЭЕМ-ның неше буыны бар? (5 буыны)

  3. ЭЕМ-да есеп шығарудың соңғы кезеңі қалай аталады?

(Есептеу және нәтижелерді өңдеу)

  1. Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі (Террабайт)

  2. Төмендегі блок-схеманың қызметі

(Берілген деректерді енгізу және нәтижесін шығару)


10 ұпай:


  1. Паскаль тілін құрастырған ғалым (Никлаус Вирт)

  2. Паскаль тіліндегі бүтін типтерді атаңыз.

SHORTINT, INTEGER, LONGINT, ВУТЕ, WORD

  1. «Алгоритм» атауы қай ғалымның есімімен байланысты (Әл-Хорезми)

  2. Шарт=Ақиқат болғанда орындалатын цикл түрі (Шарты алдынан берілген цикл)

  3. Программалық құралдардың екінші даму кезеңі (Ассемблер тілі)

15 ұпай:


  1. MS Word-тағы шрифтің көлемі қалай аталады (кегль)

  2. Microsoft Word-тағы «автоподбор» пункті қандай менюде орналасқан (Таблица менюінде)

  3. Экрандық бейне нүктесі қалай аталады? (пиксель)

  4. Excel-дегі кестелік процессордың құжаты қалай аталады (кітап)

  5. Мәтіндегі синтаксистік қате қалай сызылады? (жасыл толқынды сызықпен)

20 ұпай:

  1. Ішкі анықтамалықты экранға шығарудың функционалды пернесі (F1)

  2. 1 пайдаланушы 1 тапсырмалы операциялық жүйе (MS DOS)

  3. Операциялық жүйеге өзге құрылғымен жұмыс істеуге көмектесетін бағдарлама (драйвер)

  4. Уақытша жойылған объектілер сыятын арнайы папка (корзина, себет)

  5. Колонтитулдар қандай менюдің ішінде орналасқан? (Вид, түр)


Шарты: қойылатын сұрақтар бойынша

Есептеу техникасының даму тарихы
Машина Дөңгелек Француз

1642 жылы дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырған француз математигінің есімі.


Қосымша көмек: Бұл адамның атымен аталатын бағдарламалау тілі бар

(Блез Паскаль)


Оқымысты Алгоритм Станок

Бұл ағылшын оқымыстысы 19 ғасырдың бірінші жартысында әмбебап есептеуіш машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаларды қолдануы керек еді. Ол бағдарламалық басқару принципін қолданып, кез-келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады. Бұл Жаккардтың тоқыма станогы сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиіс еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.



Сұрақ: Бұл оқымысты кім?

Қосымша көмек: ол кісі дүние жүзіне «компьютердің атасы» ретінде танымал адам.

(Чарльз Бэббидж)


Цифр Амалдар Машина

1694 жылы ататқты неміс математигі Блез Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын құрастырды. Дөңгелектің орнына цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын орындайтын болды. Кейін бірнеше рет жетілдірілді. Осы машинаның пайда болуымен есепші мамандығы пайда болды. 1969 жылы бұрынғы кеңестер одағында бұл машинаны шығару ең жоғары деңгейге 300 мың машинаға жетті.



Сұрақ: бұл машина қалай аталады?

Қосымша көмек: ХХ ғасырдың 70-ші жылдары бұл машинаны элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.

(Арифмометр)


Құрал Көбейту кестесі

Бұл құралдың дәл қашан пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, оның жасы 2 мың – 5 мың жылдар шамасында, ал пайда болған жері Қытай немесе Египет, тіпті Греция болуы да мүмкін. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. Ол құрал Ресейде XVI – XVII ғасырларда пайда болған. Осы құралды көбейту кестесімен біріктіру жолымен жетілдіруге соңғы талаптану 1921 жылға жатады.



Сұрақ: Бұл құрал қазір қалай аталады?

Қосымша көмек: XX ғасырда есептеулерді осы құралдың көмегімен жүргізген

(Есепшот)


Капитандар сайысы


  1. Компьютердің миы. (Процессор).

  2. Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)

  3. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)

  4. Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)

  5. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)

  6. Іске қосу - батырмасын ата. (Пуск)

  7. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)

  8. Баспа құралы. (Принтер)

  9. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)

  10. Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және принтерлерді брігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)

1. Бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. (Логика).

2. Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)

3. Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді? (4 түрге)

4. Дербес компьютер неше топқа бөлінеді? (3 топқа)

5. Процессор қандай қызмет атқарады? (Қозғалтқыш)

6. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)

7. Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама. (Компьютерлік вирус)

8. Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)

9. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)

10. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы. (Модем).



  1. Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)

  2. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

  3. XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер)

  4. Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян)

  5. Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)

  6. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы)

  7. ЭЕМ неше буынға бөлінеді? (Бес буынға)

  1. PAINT қандай редактор? (графикалық)

  2. Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)

  3. ЭЕМ-ның неше буыны бар? (5 буыны)

  4. Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер, курсор)

  5. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)

  6. Вирустың кері әсерін жоятын программа(антивирус)

  7. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарльз Бэббиджді)

  8. Адамның алғаш рет космос кеңістігіне ұшуы қашан? (1961 ж.12 сәуір)

  9. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)

  10. қағаздағы көріністі мониторға түсіруші құрылғы ( сканер)

  1. Принтердің қандай түрлерін білесіңдер? (матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік)

  2. Компьютер жанына қойылатын өсімдік (кактус)

  3. PAINT редакторын іске қосу амалын айт ( Іске қосу- программалар- стандартты – PAINT)

  4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  5. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (Сидером)

  6. Бэббидж машинасына алғашқы программа жазған кім? (Ада Лавейс)

  7. «Информатика» нені зерттейді? (ақпарттық процестерді)

  8. меню жолындағы жұмыс кезінде ұқпай қалған нәрсені сұрайтын команда (сұрақ-спаравка- help)

  9. батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың( тышқан, мышка, mouse)

  10. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны (файл)



  1. Оны ұрылардан қорғау үшін кейбір өнертапқыштар оған сиренасы бар детектор қоюды ұсынады, ал кебірі оның ұстайтын жеріне құлпы бар трос байлап қобды ұсынады. Әңгіме не жөнінде? (ноутбук)

  2. «Бит» деген ақпарат бірлігі ағылшынның қандай сөздерінен шыққан? (binary digit)

  3. Желіге қосылудың өмірге қаупі бар ма? (Иә, егер ол 220 V болса)

  4. Салмағы 2 г бұл микроқұрылғыны жасау үшін 1,6 кг мұнай, 72 г әр түрлі химикаттар және 32 л су қажет. Бұл қандай құрылғы? (микропроцессор)

  5. Қай латын әрпі әрі витаминнің, әрі қатты дискінің атауымен байланысты? (С)

  6. Ағылшынның бір қаласы мен 30/30 калибрлі қару және компьютердің бір элементінің арасында қандай байланыс бар? (Олардың барлығы «Винчестер» деп аталады)

  7. Неліктен мысықтар программисттердің қолын жалағанды ұнатады? (Себебі олардың қолы тышқан сасиды)

  8. Уолл-стрит банкирлерінің арасында компьютердің осы құрылғысынан жасалған аквариумдарды сыйлау қабылданған. Бұл қандай құрылғы?

  9. Қатты көшірме алуға арналған құрылғыны атаңыз. (принтер)

  10. Орта ғасырларда оларды тау хрусталінен және арнайы үгітілген мраморлардан жасаған. Олардың кейбірлерін тізеге байлап жүрген. Қазіргі кезде олар тұрмыста кездеспейді деуге болады, бірақ компьютермен жұмыс істейтін адамдар оларды өте жиі көреді. Олар не? (Құм сағат)

  11. Топ оқушыларының тізімі қай уақытта менюге айналады? (Оқытушы осы тізім бойынша бір оқушыны тақтаға шығармақшы болғанда)

  12. Кім өзінің қоқысқа арналған себетін үстелдің астында емес, үстелдің өзінде ұстайды? (Windows қолданушылары, себебі корзина жұмыс үстелінде тұрады)

  13. Қай белгіше әрқашан жұмыс үстелінде тұрады және папкаға сақталынбайды? (Менің компьютерім)

  14. Қандай құралмен тышқанды үйретеді? (Свойства: мышь диалогтық терезі арқылы)

Қорытынды:



Жеңімпаз топ анықталып, мадақталады.
Біздің бүгінгі «Білім шыңын бағындыру» атты интеллектуалдық ойынымыз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет