Мұғалімнің табысқа жетудің бір жолы оқушы жетістігі Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер. «Оқушының жетістігі мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдануында»



бет1/2
Дата17.11.2023
өлшемі21,97 Kb.
#191632
  1   2
Байланысты:
мұғалімнің табысқа жетуі


Тоғызбай Ақтілек Киікбайқызы
«Ғұбайдолла Айдаров атындағы № 1 мектеп-лицей» КММ
Математика пәні мұғалімі


Мұғалімнің табысқа жетудің бір жолы оқушы жетістігі


Білім алу – батылдық,
оны толықтыру – даналық,
ал шебер қолдана білу – өнер.

«Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында».


«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін.
Білім алу мен даму, қашанда болса өзгеріс сатысында болмақ. Міне сондықтан да, білім беру жүйесіндегі біздер осы өзгерістерді жетік білуге тиіспіз. Білім берудегі жаңа бағыт сабақ жүргізудің жаңа тәсілдерін ұсынуда. Осы жаңа тәсілдерді оқу тәжірибеме енгізуде біршама қиындықтармен қатар, жетістікке де жету жолдары бар екенін көруге болады.
Оқытудың жаңа тәсілдері: топпен жұмыс, бірлесе жұмыстың арқасында аз уақытта біз біраз жетістікке жеттік. Оқушылар дайын білімді алушы оқушыдан дербес, сыни ойлайтын оқушыға айнала бастады. Олардың ішкі уәждеріне түрткі болып, ішкі кәсіби түйсікпен жасаған әрекеттерімнің азғана табысын көру мені қуанышқа бөледі. Оқушылардың нені білетіндігін анықтап, одан әрі жаңа сабақпен байланыстырып, үздіксіз білімге қол жеткізу үшін сұрақтар тобын дайындап, өткен сабақпен байланыстырып отыруға тырысамын. Дербес оқудың нәтижесі, оқығанын немесе алған білімін кез келген уақытта пайдалана алу дағдысы әр сабақта көрініс таба бастады. Оқушылардың әр жауабын тыңдап қана қоймай, басқа балалардың назарын аудару үшін әр сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылардың жаңа сабақты игеруде жасаған жұмыстарын, жаңа білімді алудағы әрекеттерін бір жүйеге келтіру үшін топтарда талқылау кезінде не үйренгенін сұрап, олар талқылаған сұрақтарының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсіндіруге тырыстым. Сол арқылы оқушыларды оқудың басқы нүктесіне, оның алдында білгендеріне кері жетелеп отырдым. Бұл не үшін қажет? Оқушылардың бұрынғысы мен жаңа білімнің арасын байланыстыру үшін керек. Тарау бойынша білімдерін ой сүзгілерінен өткізу және ұзақ мерзімді есті қайта жаңғырту үшін құрастырылған әр деңгейлі тапсырмалар тобын орындауда оқушылар ойларын жинақтайды. Оқушылардың бойында өзінің жұмысына баға беру, басқа құрбысын әділ бағалау қасиеттерін әрі қарай дамыту үшін мен келесі қадамдарды белгіледім:
• Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан көрі, олардың жетістіктерін атау;
• Нұсқауды мәлімдеу — балаға нені оқыту керектігі мен қалай оқыту керектігін анықтау;
• Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы бірлескен, белсенді қарым-қатынасты қамтамасыз етуі тиіс;
• Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне ықпал етуі керек.
Оқушылардың ақылы, ойы өскен-өспегенін, дамыған-дамымағанын күнделікті қарым — қатынаста бақылау арқылы білемін. Олардың ақылының, ойының өскенін бағалау үшін мен ұдайы оқуым керек. Іздену, білім қорын құру арқылы менің кәсіби түйсігім қалыптасады, іргетасы қаланады. Американдық педагог Джон Дьюи: «нағыз еркіндік білім қорының толығуымен үздіксіз қатынаста болатын рефлективтік ойлаудан шығады,» — дейді. Білім беру үрдісінің жаңа тәсілдерін меңгермесем, алдымыздағы талай оқушының ішкі уәждеріне түрткі болу сол күйінде қалып қояр ма деген ойға келдім. Бұл оқушылардың өзін-өзін бағалауын және өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектеседі. Дәлме-дәл бағалаудың өте маңызды бөлшегінің бірі — ол оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл процесс оқушыға өзінің жетістігін бағалауға және шыққан нәтижеге жауапты болуға мүмкіндік береді. Өздерінің жұмыстары туралы жазған оқушылардың әсері — осының бәрі оқушының жетістігін бақылап отырғанға өте пайдалы. Мұғалім оқушыларды мақсат қоюға, өздерінің жетістіктерін бағалауға араластырса, олардың білім алуға қосатын үлестері артып, жасаған жұмыстарының сапасы өседі.
Балаларды алдарына мақсаттар қоя білуге баулу, олардың өзіндік бағыты бар оқушы болуына себін тигізеді. Балаларға мен не үйрендім деген сауалға ойлану мүмкіндігін бергенде, мұғалім олардың шынымен біраз жетістікке жеткен екендігіне көздерін жеткізеді, немесе олардың бұрын білмеген заттарын ендігі біліп, танысқандығын аңғаруға мүмкіндік береді. Енді бір балалар кей нәрселерді бірінші рет жасап көргендігін аңғарады. Осы уақыт аралығында жасаған жұмыстарының үлгілерін көргенде, әжептәуір жетістікке жеткендеріне көздері жеткенде, олар өздерінің өсіп-жетіліп жатқандығына нақты дәлел алатын болады.
Баланың мүмкіндігі мен жетістіктерін сенімді, әділ бағалау үшін, бағалау процесі терең зейінмен, сыныпта жасалған жаттығуларда үздіксіз жүргізілуі тиіс. Оқушыға сенім білдіріп, олардың пікірімен санасқан кезде өз біліміне сенімді, мақсаты айқын, өзінің жетістігі мен кемшілігінің ара жігін ажырата алатын толыққанды жеке тұлға қалыптастыра алғандығыңыздың куәсі боласыз. Баға — оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш.
Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі, осыған қарап біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз, бұл кәсіби өсуімізге әсер етеді.Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Оқушыларға және олардың оқуына өзіміздің берген біліміміздің көрінісін көру үшін айнаға үңілгендей қарасақ, кәсіби өсуіміз туралы ойлану үшін тиімді пайдаланамыз.
Математика сабағында табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары.
Математика ғылым салаларының, әсіресе табиғат, техника ғылымдарының анасы іспеттес. Бірде бір ғылым саласы математикасыз дами алмайды. Техниканың негізі – физика, сонымен бірге кибернетика (жасанды ақыл-ой), электроника және т.б. ғылым салалары математикалық ойлау негізінде ғана дамиды. Мысалы, ғарышты игеру тек математикалық ойлау, модельдер негізінде құрылған есептеу арқылы ғана іске асырылады.
Математикалық есептеусіз тәжірбие жасау өте қымбатқа түскен болар еді.
Білім беру үрдісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдіс –тәсілдер қолданамыз. Соның ішінде оқушының белгілі бір жетістікке жету үшін сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу. Егер оқушы өзі қандайда бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып қана қоймайды, онда тағы да алдындағы белестерден өту мақсаты тұрады. Осындай жағдайда мұғалім оқушының қандайда бір жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта жиі қолданса,мұғалім жұмысының жетістігін көруге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет