Бекітемін қаралған «№19 «Ақтілек» бөбекжайы» мкқК Әдістемелік кеңесте басшысы Бектасова Б. С «№19



бет1/2
Дата27.04.2018
өлшемі288,61 Kb.
  1   2
БЕКІТЕМІН ҚАРАЛҒАН «№19 «Ақтілек» бөбекжайы» МКҚК Әдістемелік кеңесте басшысы Бектасова Б.С «№19 «Ақтілек» бөбекжайы» МКҚК _____________________ әдіскері Абдуллаева .А

_________________

«___» ____________ 2017жыл

Жоба


Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліне тәрбиелеу және оқыту барысында ойын түрлері мен әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.

Орындаған:

қазақ тілі мұғалімі:

Палманова А.А.


Теміртау 2016ж.






Қарағанды облысы, Теміртау қаласы №19 «Ақтілек» бөбекжайы МКҚК

2 санаттағы қазақ тілі мұғалімі : Палманова Айман Абдраимовна.

Тел: 87028482757

Дом тел: 951094

Жоба мазмұны




  1. Кіріспе ____________________________ 3 бет




  1. Негізгі бөлім _______________________ 4-8 бет




  1. Глоссарий _______________________ 9 бет




  1. Қорытынды _________________________ 10 бет

5. Пайдаланған әдебиеттер ____________ 11 бет



Кіріспе бөлім

«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»

М. Жұмабаев

«Ойын ойнап ән салмай,
Өсер бала бола ма?»
А.Құнанбаев


Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда:

«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуда мүмкін емес».

Ойын – балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе. Үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, өскен кезде жұмыста да көбнесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады.


А. С. Макаренко

Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында «Қазақ тілі-рухани негізіміз. Біздің міндетіміз-оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтары-мызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілімізді мұраға қалдыруға тиіспіз... «деген талабына орай, ҚР «Білім туралы» заңын (2007ж), ҚР «Білім туралы» заңына «Өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы (2011ж), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, «ҚР білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасына» ҚР «Тілдер туралы» заңына, « Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ҚР МЖМББ стандартына сәйкес, тіл мамандары үшін құрастырылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының «Қатынас» білім беру саласының мазмұнына сәйкес, орыс тілді топтардағы балалардың қазақ тілінде коммуникативтік-тілдік құзіреттілігін қалыптастыру заман талабы десек елбасымыз «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбындағы баяндамасында «Озық халықаралық тәжірибелер негізінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда заманауи оқыту әдістемелерін енгізу керек. Олар инновациялық білім беру технологиялары-креативті болуы тиіс» деген. Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді үйретуге арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларды пайдалана отырып тиімділігін арттырамыз.




Негізгі бөлім

Жобаның идеясы:

Мектепке дейінгі оқытудың қандай да болмасын түрлерін ұйымдастыру жолдарын айқындау- ең басты мәселелердің бірі. Тәрбие беру мен оқыту орыс тілінде ұйымдастырылған балабақша топтарында қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту – үйрету үдерісінің бүкіл жүйесін құрайды.

Оқыту – балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына әсер ететін, ең жаңа біліми ақпараттарды игеруге бағытталған, үйретуші мен үйренушінің өзара әрекеті.
Жобаның өзектілігі:
Қазақстан Республикасындағы мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартында қазақ тілін оқыту үш жастан бастап қарастырылған.

Қазақ тілі «Қатынас» білім беру саласына енеді. Оның мақсаты ана тілінің басты құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және қазақ тілінде әлеуметтік мәдени өзара әрекеттестікке түсуге дайын, қоршаған ортамен вербалды және вербалды емес құралдармен қарым-қатынасқа түсуге қабілетті мектеп жасына дейінгі екі тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, сондай-ақ тілдік белсенділікті, қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру, өзін және өзгені түсінуге қабілетті болуға үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалардың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл – қозғалысы – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Олай болса сабақ үрдісінде түрлі ойын тәсілдерін тиімді пайдалану жұмыстары бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.


Жобаның жаңалығы:
Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар, үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен ойындар.

Ойын іс-әрекетінің психологиялық тетіктері тұлғаның өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі реттеуге деген күрделі қажеттіктеріне сүйенеді.

Бала ойындарының мазмұны келесідей кезектілікпен дамиды:

- заттық іс-әрекет;



  • адамдар арасындағы қарым-қатынас;

  • қоғамдық тәртіптің ерекшеліктерін орындау.

  • дидактикалық (ой-өрісті кеңейту, танымдық іс-әрекет; практикалық іс-әрекетте қажет белгілі бір қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру және т.б.);

  • дамытушы (назарды, есте сақтауды, сөйлеуді, ойлауды, көз алдына елестетуді, қиялды, шығармашылық идеяны, заңдылықтарды орнату, оңтайлы шешімді табу қабілетін және т.б. дамыту);

  • тәрбиелеуші (өз еріктерін тәрбиелеу, мінез-құлық, эстетикалық және дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру, ынтымақтастықты, бірлестікті, тіл табысушылықты және т.б. тәрбиелеу);

  • әлеуметтендіруші (қоғам нормалары мен құндылықтарына үйрету; ортаның жағдайларына бейімдеу және т.б.).


Болжамы:
Егер мектепке дейінгі ұйымдарда мамандану мен нақты жағдайларға тәуелді болатын технологияларды түзету мүмкіндіктері үшін жағдайлар жасалса, егер балалардың денсаулығының статистикалық мониторингіне сүйеніп, технологиялық ықпал ету қарқындылығына қажетті түзетулер енгізілсе, әрбір балаға жекелей оқыту қамтамасыз етілсе, мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен ата-аналарда оң мотивация қалыптасатын болса, мектепке дейінгі ұйым жұмысында денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды қолдану тәрбие мен білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, тәрбиеленушілердің оқуға деген ынтасы жоғарлап баланың қиялы, логикасы, қызығушылығы, белсенділігі, қимыл – қозғалысы, жан - жақтылығы, жылдамдылығы мен тапқырлығы, ептілігі артып, әрі әр бала жинақылыққа, белгілі бір ережеге бағынуға үйренер еді және тыңдай, есте сақтай білуге, субъектінің еркін дамуына дағдыланар еді.


Жобаның мақсаты:
Ойын түрлерін қолдану арқылы пәнге, тіл үйренуге деген қызығушылығын ояту, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, таным әрекетін қалыптастырып, белсенділігін арттыру, сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіру

Жобаның міндеттері:
- Ауызша сөйлеу үдерісіне қызығушылықтарын қалыптастыру мен дамыту.

- Ойлау барысында сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеп, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс таза айтуға үйрету.

- Тілдің гарамматикалық құрлысын қалыптастыру.

- Ойын барысында қойылған сұрақтарға саналы түрде дұрыс жауап беруге, ұсынылған ойын тапсырмаларды дұрыс орындауға, не істегені туралы айтып беруге үйрету.


- Диалог түрінде сөйлесу дағдыларын ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
- Қазақ тілінде бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өз бетінше жұмыс істеуге, ізденуге тәрбиелеу.
Алғашқы тіл сабақтарынан бастап, баланы өзге тілде сөйлетуге қызықтыратын, айналасындағы зат, құбылыстардың қазақша аталуын үйрету үшін қолданылатын ыңғайлы әдістердің бірі – ойындар. Баланың шамысына қарай берілетін бағдарлама материалдарын меңгерту, үйренген білім дағдыларын бекіту жұмыстары ойын арқылы жүзеге асырылады. Педагог сабақ оқыту мен қатар ойнай да білу керек. Қаазақ тілі құралдарының қатарында ерекше орын беретін ойын түрлері қазақ тіліне тән дыбыстарын дұрыс айтуға арналған ойындар болуы керек. Қазақ тілі дыбыстарына арналған альбомдар, ойын-жаттығулар, аударма сөздіктер, санамақ, өлеңдар жинақталуы керек. Әсіресе қолданылатын материалдар қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін танытарлықтай болуы керек.

Әр ойынның ойнатылу шарты, құрал жабдықтары кабинетте сақталады.



  1. Қазақша сөз формаларын бекітетін ойын-тапсырмалар.

  2. Сөйлесу, әңгімелесу арқылы ұйымдастырылатын ойындар.

  3. Қимылдық ойындар

  4. Саусақ ойындары

  5. Дидактикалық ойындар

  6. Сөздік ойындар

  7. Сұрақ-жауап ойындар

  8. Ұлттық ойындар

Сабақ өту кезеңінде сабақты қатаң ережемен өте бермей, бір мезгіл еркін тақырыпта , ойын, сұрақ-жауап арқылы өту балаларға еркін ойлауға, өз ойларын тартынбай айтуға, сөйлеу мәдениетін меңгеруге бағыттайды. өз ойынан ойын ойлап табу, ұйқастар табу, жұмбақтар шешу, үйренуге тәрбиелеу баланы сабақта ойсыз, бейғам отырудан сақтайды.

Ойын технологиясы


ІІ-кіші , ортаңғы топтарға арналған оқу іс-әрекеті бойынша ойын түрлері:

«Танысу», «Тыңда, көрсет, қайтала», «Кім тапқыр», «Есіңе сақта»,

«Ғажайып қоржын»,«Сұрақ-жауап» ,«Мен бастаймын,сен қошта»,

«Суреттер сөйлейді», «Орналастыр», «Сенде не бар?», «Киім дүкені»,

«Мұрын,мұрын,мұрын....», «Даусынан таны», «Дауыс қайдан шықты?»,

«Жанды ойыншықтар»,«Бұл қай мезгіл?», «Қайталамақ», «Дәмді ойын»,

«Кемпірқосақ түстері»,«Суреттерді құрастыр», «Ханталапай», «Көңіл күй»,

«Дұрыс қайтала, көрсет», «Мен секілді қайтала», «Топта не бар?»,

«Кім көп айдады?», «Жалғастыр», «Кім тез көрсетеді?», «Айтқанды істе», «Ғажайып сандық», «Кім тез байқайды?», «Дүкен», «Қайтала,көрсет»,

«Тапсырманы орында», «Сыңарын тап»,



Ересек топқа арналған оқу іс-әрекеті бойынша ойын түрлері:
Математикалық әлем», «Сұрақтар», «Отбасы», «Кім жоқ?»,

«Мынау кім?», «Үй жануарларының төлдерін ата», «Дыбысынан таны»,

«Бұл не?» « Полиглот»,«Көңілді доп», «Кім көп сөз біледі?»,

«Жыл мезгілдері», «Ойлан тап», «Кім тапқыр?», «Дұрыс жұптастыр»,

«Балабақшада кім жұмыс істейді?», «Санау», «Қай сөз артық»,

«Телефон», «Сөйлем құрау», «Сөз ойлан, тез ойлан»,

«Жабайы аңдармен үй жануарларын ата», «Көкөніс пен жемісті

сипатына қарай тап»,«Себетке сал», «Сөз құрау»,

«Қиындыны құрастыр», «Біз аспазбыз», «Бұл не?»,

«Үлкен ,кішкентай», «Геометриялық пішіндерді ата»


Күтілетін нәтиже:
- Жаңа сөздерді меңгеріп, күнделікті қарым-қатынас барысында пайдаланады.

- Жетістікке жету жолын және тәсілін іздейді.

- Қазақ тіліне тән дыбыстарды сауатты айтуға үйреніп, сөйлеу тілінде еркін қолданады.

- Сұрақтарды түсініп, оған жауап беруде сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрап айтуға дағдыланады.

- Қазақ тілінен жүйелі білім алып, оны күнделікті өміріндегі сөйлеу тілінде қолдана біледі.

Жоба қорғау барысында қолданылатын әдістемелер:

- Проблемалық оқыту технологиясы

- Дамыта-оқыту технологиясы

- Ойын технологиясы



  • Жобалау технологиясы

  • ТРИЗ технологиясы

  • Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар

  • Денсаулық сақтау технологиясы


Өлшеуіштер:
-Диаграмма сызбалары

- тестілер

-мониторинг


Қазақ тілі оқу пәнінің мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие беру базалық білім мазмұнына қойылатын талаптар.





Құзыреттілік көрсеткіштері

1 жастан бастап 3 жасқа дейін

3 жастан бастап 5 жасқа дейін

5 жастан бастап 6 жасқа дейін

1

Қатынас мәдениеті

Құрдастарымен байланысқа түседі

Ересектердің сұрақтары мен өтініштеріне жауап береді, қарым-қатынас жасайды

Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережесін сақтайды

2

Тілдің-грамматика

лық құрылымы



Түсінікті болу үшін ойын дұрыс айтуға тырысады

Сөздерді өзгертеді, басқа сөздермен сәйкестендіред, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданады

Грамматикалық дұрыс сөйлеуге тырысады, тілге сыни қатынасын білдіреді

3

Тілдің дыбыстық мәдениеті

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады

Ана тілінің барлық  дыбыстарын дұрыс айтады

Сөздерді орынды қолданады, дыбыстарды ажыратады, мәнерлеп оқудың түрлі тәсілдерін қолданады

4

Сөздік

Өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары туралы сұрақтарға жауап береді

Бейнелі ұсынылған жағдайларға сүйенбей, сөздерді қолданады, сөйлеу барысында етістіктерді жиі қолданады

Антоним, синоним және көп мағыналы сөздерді түсініп, сөйлеу барысында қолданады

5

Байланыстырып сөйлеу

Тілегін, сезімін және ойын білдіру үшін сөздерді қолданады

Қарым-қатынастың негізгі түрі - диалогты меңгеріп, 2-3 сөйлеммен өз ойын жеткізеді

Түрлі сөз таптарын, эпитеттер мен теңеулерді қолданып, монолог қалыптасады

6

Шығармашылық тілдік қызмет

Саусақ ойындарын, тақпақтарды жатқа айтады

Таныс ертегілерді айтады, ойыншықтар жөнінде шағын әңгіме құрастырады

Оқиғаларды құрастырады, ауыспалы және астарлы мағыналы ойларды түсініп, оларды қолдана біледі

7

Шығармаларды қабылдау

Халық ауыз әдебиеті шығармаларына эмоционалды түрде өз ойын білдіреді

Өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атайды, ойында әдеби бейнелерді қолданады

Кітапқа деген қызығушылық білдіреді, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айта алады


Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет