«Мүгедектер үйі» Топ үштіктерге бөлінеді және үштіктегі әрбір адамға роль беріледі: біріншісі – «мылқау және соқыр»



Дата03.04.2020
өлшемі15,22 Kb.
#61493
Байланысты:
03.04.Көшбасшының тренинг жүргізуі-2

Көшбасшының тренинг жүргізуі.
«Мүгедектер үйі»
Топ үштіктерге бөлінеді және үштіктегі әрбір адамға роль беріледі: біріншісі – «мылқау және соқыр», екіншісі – «сал және керең», үшіншісі – «керең және мылқау». Барлық топтарға алдымен бірдей нәрсе айтылады: оларға тапсырманың нұсқасы ұсынылғаннан кейін олар бәрін қалай орындайтындықтарын келісіп, содан кейін бұны басқаларға айтып берулері тиіс. Содан соң әрбір топқа жеке-жеке жағдай ұсынылады.

Бірінші топқа – сіздер теңізге демалуға барасыздар, қалай баратындарыңызды, қалай күнге қыздырынатындықтарыңызды, шомылатындықтарыңызды және т.б. келісулеріңіз қажет.

Екінші топқа – сіздер саяжайға картоп қазуға барасыздар.

Үшінші топқа – орманға саңырауқұлақ теруге немесе туған күнге және т.б. Соқырлар көздерін жұмады, кереңдер естімейтін кейіп танытады, салдар қолдарын қозғамайды. Содан соң, келісіп алғаннан кейін, әрбір топ осыны барлығына бет-әлпеттерімен көрсетеді.

Ойын өте көңілді өтеді, бірақ ең бастысы, оның мысалында ақпараттың кейбір арналары бұзылған кезде не болатынын, қатысушыларға келісудің қаншалықты жеңіл немесе ауыр болғандығын, олардың үштікте бір-бірін қаншалықты толықтырғандықтарын талқылауға болады.

«Мағынасыз сөз»
Ойынға екі адам қатысады – ер адам мен әйел адам. Отбасылық дау-жанжал. Күйеуі моншаға кетеді де, екі күннен кейін келеді. Күйеуінің міндеті – қатты ашуланған әйелімен татуласу. Әйелінің міндеті – оған өзінің ол туралы не ойлайтындығының барлығын айту. Бірақ олар сөздерді айта алмайды, ал тек қана бу-бу, по-по, ко-ко және т.б. сияқты мағынасыз сөздерді ғана айта алады. Бұл жерде тек ауызша емес қарым-қатынас қана болады. Ойнап болғаннан кейін олар рольдерімен алмаса алады, күйеуі – әйелі, ал әйелі күйеуі болады да, олар дәл сол жағдайды тағы да ойнап шығады. Ойын әдетте өте көңілді өтеді және оны сергіту жаттығуы ретінде өткізуге болады. Егер қажет болса, ауызша емес қарым-қатынастың ролі туралы сөйлесе отырып, оны талқылауға да болады.

«Орал тауларындағы апат»
Ойынға бүкіл топ қатысады.

Нұсқаулық. «Сендер бәрің Орал тауларының үстінен ұшып өтетін ұшақтың жолаушысысыңдар. Сендердің ұшақтарың қатты боранға ұшырап, бір сағат бойы белгісіз бағытта ұшады да, содан соң құлайды.

Ұшқыш қаза болды, ұшақ өртеніп кетті, бірақ сендер барлықтарың аман қалдыңдар. Бәрің кәдімгі қыстық киімдесіңдер; теңіз деңгейінен шамамен 1000 метр жоғары жердегі тегіс алаңға құладыңдар, ауаның температурасы – 4оС, қар жауып тұр, қатты боран. 100 метр төмен жердегі жазық баурайда орман көрініп тұр.

Ұшақтан алып шығып үлгергендерің:

1) алты жүннен жасалған көрпе;

2) бір мылтық және сегіз оқ;

3) бір шаңғы;

4) косметикалық айна;

5) бір үлкен балауыз шам;

6) бутерброд салынған 20 пакет, әр пакетте екі бутербродтан;

7) 4 х 6 метр полиэтиленнен жасалған пленка;

8) электр шамы;

9) пышақ;

10) авиациялық карта;

11) төрт бөтелке арақ;

12) алты күннен қорғайтын көзілдірік;

13) төрт қорап сіріңке.

Сендердің ары қарайғы іс-әрекеттерің қандай болады? Мұндай жағдайда не істейтіндіктеріңді қазір келісіп алыңдар».

Ары қарай кәдімгі топтық пікірталас жүреді. Көбінесе талқылау үдерісін басқаратын бір немесе бірнеше лидер бөлініп шығады. Егер топ проблеманы тым қатты талқылайтын болса, жаттықтырушы жақындап келіп, ең бастысы келісу, барлығының пікірін есепке алу екендігін олардың естеріне салады.



«Апат» ойынының орнына «Жақсы маманның 5 басты қасиеті» деген ойынды ұсынуға болады. Топтың қатысушылары жақсы маманның бес қасиетінен тұратын тізімді әзірлейді, содан соң оны жіктейді. Қағида дәл сол – топтық пікірталас, дәлелдемелер келтіру, шешім қабылдау.

Шешім қабылдау сатысында адамдар анық келісетін, бірыңғай шешімге келетін ойынды өткізу маңызды. Сонда жаттықтырушы нәтижесінде топты мақтап: «Жарайсыңдар, шешімге тез келдіңдер, барлық қатысушылардың пікірлерін есепке алдыңдар», - деп айта алады және т.б. Бұл – тренингтегі соңғы ойын, бұл тренингтің қорытындысы және мұнда қандай да бір қиындықтар, қателіктер, тайталастар болмауы тиіс. Ойын эмоционалдық өрлеумен аяқталуы тиіс.



Тапсырма:

  1. «Орал тауларындағы апат» ойынын талқылап 1 шешімге келіңдер. Шешімдеріңді дәлелдеңдер. (5 топқа бөлініңдер)

  2. Жоғарыдағы берілген тренингтер үлгісінде 1 тренингтің әзірлемесін жіберіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет