Сабақ тақырыбы: «Асқорыту жүйе қызметі бұзылған кезде науқасқа күтім жасау және бақылау жүргізу»



бет1/4
Дата20.10.2022
өлшемі25,85 Kb.
#153992
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Ас қорыту жүйесі


Дәріс №1


Сабақ тақырыбы: «Асқорыту жүйе қызметі бұзылған кезде науқасқа күтім жасау және
бақылау жүргізу».


Дәріс жоспары:

  1. Асқорыту жүйе қызметі туралы түсінік.

2. Асқорыту жүйе қызметі бұзылған кездегі белгілері:
- іштің ауруы;
- тенезмдер;
- асқазан диспепсиясы;
- ішек диспепсиясы.

Асқорыту жүйесі тамақ заттарын механикалық және химиялық өңдеп, тамақтың өңделген бөліктерін сіңіріп, өңделмеген бөліктерін сыртқа бөліп шығаратын мүшелер комплексі болып табылады. Сонымен қатар қоректік зат клеткаларының өсіп өнуі мен дамуы үшін және организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі. Асқорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады. Асқорыту жүйесіне: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ұлтабар, аш ішек, тоқ ішек және тік ішек жатады. Ас қорыту жүйесінің қызметі: секреторлық ас қорыту сөлін шығару (сілекей, қарын сөлі, қарын асты сөлі, ішек сөлдері), қозғалыс (ас қорыту жолдары арқылы қоректі ұстау) және араластыру, сіңіру (қоректік заттардың, судың, минаралды заттардың қан мен лимфаға өтуі). Адамның асқорыту жолының ұзындығы 8-10 метр.
Асқазан ауруларының себебі: тамақты белгілі уақытта ішпеген жағдайда (тамақтану режимінің бұзылуы), тамақты үнемі асығып ішкенде, ыстықтай немесе суықтай қабылдаса асқазан жұмысы бұзылады. Асқазан ауруларының ішінде жиі кездесетіні: қарынның жедел және созылмалы гастриттері, ұлтабар және асқазан жарасы т.б.
Іштегі ауырсыну сезімі - асқорыту жүйесі ауруларының жиі кездесетін белгілеріне жатады. Онын пайда болу механизмі әртүрлі. Көбінесе тағамды қабылдаумен байланысты болады. Асқорыту мүшелерінің моторлық қызметінің бұзылуынан пайда болатын ауру сезім висцеральді деп аталады. Ол мысалы, ішек, бүйрек ауырғанда, ойық жараның асқынбаған т.б. ұстамалы немесе сыздаған диффузды сипатта байқалады, дененің әртурлі бөліктеріне таралады. Патологиялық үрдіске, мысалы: асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде оның нерв ұштары тітіркеніп, перитонеальді ауырсыну сезімі пайда болады, ол көбінесе бір жерде тұрақты, өткір, жедел, кұрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қозғалысы кезінде күшейетін болады. Ауру сезімі жітілігімен, сипатымен, орнымен, таралуының бар-жоқтығымен, ұзақтығымен және кезеңі бойынша бағаланады. Іштің ауруы тек асқорыту ауруларында ғана емес, сондай-ақ жүрек (миокард инфарктісі), тыныс мүшелерінің (крупозды пневмония), неврологиялық аурулар кезінде де пайда болатынын білу керек. Көбінесе науқастар ауру сезімін ауыр өткізеді. Іште ауру сезімі болғанда, бірден дәрігерге хабарлау керек. Мұндай жағдайда мейірбике өз бетімен ішке дәрі немесе жылытқыш беруге құқы жоқ, себебі бұл ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет