Орталықтанған құсу бұл- бас ауруларына тән (бассүйешілік қысымның жогарылауы). Құсықтың құрамында тамақ қалдықтары болмайды. Құсу кенеттен басталады.
Перифериялық құсу бұл- асқазан ауруларына тән. Құсықтың құрамында тамақ қалдықтары болады. Құсу жүрек айнуымен басталады. Сондықтан құсықты дәрігерге көрсету қажет. Құсық зарарсыздандырылып төгіледі.
Асқазаннан қан кету- кофенің түсіндей құсық асқазаннан қан аққанын көрсетеді.
Белгілері: Қан аралас құсық кезінде сырқаттың өңі бозарады, суық жабысқақ термен терлейді, қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы әлсірейді. Бұл өте қауіпті белгі, шұғыл шаралар қолдануды талап етеді.
Ішек диспепсиясы:
Іш өту- сұйық, жиі нәжіс.
Іш қату - нәжістің кідіріп калуы. Егер нәжіс 48 сағатқа дейін шықпаса оны нәжістің кідіруі деп атайды. Көбінесе тағамнан, тоқ ішектің қабынуының, эндокриндық бұзылыстан және қатерлі ісіктерде пайда болады.
Метеоризм ішек ішінде газ жиналғаннан іштің кебуі.
«Мелена» - нәжістің қара түсті болуы.
Тенезм - ішек мазмұнының жиі немесе шағын жойылуы, оның себептері: ішектің әртүрлі инфекциялары.
Ішектен қан кету - нәжісте қанның болуы қарын –ішектен қан ағуын білдіреді. Ішектен қан аққан кезде нәжістің түсі қызыл қоңыр түсті, ол қарыннан немесе ұлтабардан аққанда қарамай түстес болады. Ішектен қан аққан кезде нәжістің түсі қызыл қоңыр түсті, ол қарыннан немесе ұлтабардан аққанда қара май түстес болады. Ішектің қан ағатын жер көтен ішекке неғұрлым жақын болған сайын қан түсі өзгермейді. Тік ішек венасынан қан таза күйде бөлінеді, ол қызыл түсті болады да, нәжістің үстінде қалады.
Белгілері: Сырқаттың қан қысымы төмендейді терісі бозарады, суық жабысқақ терге шомылады, тамырдың соғуы өте баяулайды.
Асқазаннан қан кету.
Белгілері: Қан аралас құсық кезінде сырқаттың өңі бозарады, суық жабысқақ термен терлейді, қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы әлсірейді. Бұл өте қауіпті белгі, шұғыл шаралар қолдануды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |