Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)"Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегі ҚазақстанРеспубликасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.
2. Арнаулы жүріп-тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп-тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi ұғынылады.
3. Техникалық көмек мүгедектердi бөлмеде жүріп-тұруға және (немесе) серуендеуге арналған кресло-арбалармен (бұдан әрі – кресло-арбалар) қамтамасыз етуден тұрады.
4. Мүгедектердi кресло-арбалармен қамтамасыз ету мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш (бұдан әрі – өтініш), халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Жұмыс берушінің кiнәсiнен еңбек жарақатын алған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер кресло-арбалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебiнен ОЖБ-ға сәйкесқамтамасыз етіледi.
6. Жұмыс беруші-жеке кәсіпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушінiңкiнәсiнен еңбек жарақатын алған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге кресло-арбалар мемлекеттiк бюджетқаражаты есебiнен беріледi.
2-тарау. Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі 7. Кресло-арбаларға мұқтаж мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен нотариалды түрдекуәландыруды талап етпейтін сенімхат алған өзге адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына, Алматы қаласының жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі – қалалық басқармалар), қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) өтініш және сәйкестендіруүшін жеке басын куәландыратын құжатты береді.
8. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттықжүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:
1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;
3) мүгедектікті белгілеу туралы;
4) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы (еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруғашалдыққан мүгедектер үшін);
5) мүгедектікті белгілеуге кінәлі жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаныңтаратылғаны туралы (еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін) мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.
9. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) мүгедектің жеке басын куәландыратын құжат;
2) заңды өкілдің немесе сенімхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – көрсетілгенадамдар өтініш берген жағдайда;
3) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесеауылдық әкімдердің анықтамасы);
4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
5) еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметініңтоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмелері – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіптікауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;
6) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардыңтүпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
10. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің өтінішті қабылдаған маманы өтініш берушіден қабылданатынқұжаттар топтамасының толықтығын, өтініш беруші осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
11. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштегі деректерді, сондай-ақ ОЖБ-ның орындалуыне орындалмауы жөніндегі деректерді "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізеді.
12. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері өтініштер және ОЖБ негізінде кресло-арбалардың тізбесі менсанын көрсете отырып, оларға қажеттілікті қалыптастырады.
Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – облыстықбасқарма) жұмыспен қамту бөлімдері ұсынған қажеттілік негізінде кресло-арбалардың тізбесі мен санын көрсетеотырып, оларға жиынтық қажеттілікті облыс бойынша айқындайды.
13. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес кресло-арбаларды сатып алуды жүзеге асырады.
14. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері кресло-арбаларды беруді мүгедектің тегін, атын, әкесінің атын(бар болса), туған күнін, тұратын жерін, алған кресло-арбаның атауын, алған күнін, алғаны туралы белгіні көрсетеотырып тізім бойынша жүргізеді.
15. Бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар мүгедектерге 7 жыл, серуендеуге арналған кресло-арбалар 4 жылпайдалану мерзіміне берiледi.
16. Жұмыспен қамту бөлімдері кресло-арбаларды бергеннен кейін бір ай ішінде мүгедектің тегін, атын, әкесінің атын(бар болса), туған күнін, тұрғылықты жерін, алған кресло-арбаның атауын, берілген күнін, алған адамның қолын көрсете отырып, кресло-арба алған мүгедектердің тізімдерін облыстық басқармаға ұсынады.
Мүгедектердi арнаулы
жүріп-тұру құралдарымен
қамтамасыз ету қағидаларына
қосымша