Мұхтар Зертханалық құралдар мен ыдыстар



бет24/36
Дата11.06.2020
өлшемі0,67 Mb.
#73107
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
Зертханалық құралдар мен ыдыстар
21054 6
Центрифугалау. Кей жағдайда (ерітінділер аз болса) сұйықтықты тұнбасынан бөлу үшін фильтрлеудің орнына центрифугалау қолданылады, ол үшін центрифуга деген аппараттар қолданылады.

Центрифугирлеуді мөлшері аз тұнба үшін және егер ол сұйықтықтан нашар бөлінгенде ғана қолдануға болады.



Тұнбасы бар сұйық затты арнайы конус тәрізді пробиркаға құяды (44-сурет).

 44-сурет. Центрифугалауға арналған пробиркалар

Центрифугалауге арналған пробиркалар шыныдан не пластиктен (полипропиленнен) жасалады, көлемі 15 және 50мл болады. Қақпақпен жабылған, градуирленген болады. Пробиркаларды бір-біріне қарама-қарсы етіп орналастырады. Егер тек бір пробикада ғана центрифугирлеу керек болса, онда оған қарама-қарсы судың көлемі бірдей болатындай екінші бір пробирка қойылады. Пробиркалар массалары бірдей болу қажет, олай болмаса, центрифуга вибрацияға ұшырайды.



Центрифуганың ротары үлкен жылдамдықпен айналғандықтан центрден тебу күші әсерінен тұнба пробирка түбіне шөгеді (45-сурет).

Центрифуганың ұяшықтары

45-сурет. Центрифуга.

Осыдан кейін сұйықтықты тұнбадан бөліп алуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет