Мұхтар Зертханалық құралдар мен ыдыстар



бет36/36
Дата11.06.2020
өлшемі0,67 Mb.
#73107
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Зертханалық құралдар мен ыдыстар

Ыстық ауамен кептіру

Кептіруді жеделдету үшін ыдысты ыстық ауамен үрлеуге болады. Кейде ыдысты электр плитада кептіреді.

Жылытуды абайлап жүргізу керек, егер ыдыс біркелкі жылытылмаса ыдыс сынып кетуі мүмкін. Ыдысты кептіру кезінде айналдырып отыру керек, кепкен соң ыдыс шынысынан күйені сүрту керек. Өлшегіш ыдыстарды (пипетка,өлшеуіш колба,т.б) жалында кептіруге болмайды.

Кептіргіш шкафта кептіру

Ыдысты тез кептіру үшін кептіргіш шкафты (39-сурет) қолдануға болады. Негізінде ыдысты кептіргіш шкафқа қоймас бұрын ыдыстың суы ағып кетуі үшін біраз уақыт төңкеріп (колышкада, кептіргіш үстелде) қояды.

Кептіруді шкафта 80-1000С температурада жүргізеді. Шкафтың сөресіне фильтр қағаз салған дұрыс.

Кептіргіш шкафқа ыдысты түбін жоғары қаратып қоюға болмайды, онда су буының ұшуы ақырындайды. Кептіргіш шкафта кептірілген ыдысты бірден пайдалануға болмайды, ыдыстың біраз суығанын күту керек.

Ыдысты жуғанда немесе кептіргенде келесі жағдайларды есте сақтаған дұрыс:

1.Ыдыс әрқашан таза жуылу керек және дистильденген сумен шайылу қажет.

2.Ыдысты кептірген кезде оның кірлеп қалмауын қадағалау керек.

3.Ыдысты әртүрлі органикалық ерітінділермен жуғанда ол ерітінділерді үнемдеу керек.

4.Бағалы химиялық элементтер (иод, күміс, платина, сынап және т.б.) ерітінділерін ыдысты жуу кезінде төгіп тастауға болмайды, оларды жеке ыдысқа жинап алу керек.

5.Концентрлі қышқыл ерітінділерін және сілті ерітінділерін, иісті және улы заттарды, хром қоспасын, натрий металын және т.б. құбырға (раковинаға) төгуге немесе төгіп тастауға болмайды.

6.Ыдысты қандай жолмен жуатынын таңдамастан бұрын, ыдыстың қандай затпен кірлегенін ескеру керек.

7.Ыдыс жуу кезінде техника қауіпсіздігін және санитарияны сақтау керек.

8.Қауіпті және улы заттармен кірленген ыдыстарды тек қана сол заттармен жұмыс істеуге үйренген адамдар ғана жуа алады.

9.Иісті заттармен кірлеген ыдысты тек тартпанын (сорғыш шкафтың) астында жуады.



10.Ыдыс жуған кезде концентрлі сілтіні, концентрлі қышқылды, хром қоспасын қолданған кезде абайлау керек. Органикалық ерітінділермен жұмыс істеген кезде олардың буын иіскеп алудан, ерітіндіні қолға және киімге ағып кетуінен сақтану керек және көптеген өрт қаупін туғызатын органикалық ерітінділерді ескеру керек.

11.Кір ыдыстарды жууға арзан материалдарды қолданған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет