Мұхтар Зертханалық құралдар мен ыдыстар


Химиялық ыдыстарды химиялық әдіспен тазалау



бет29/36
Дата11.06.2020
өлшемі0,67 Mb.
#73107
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
Зертханалық құралдар мен ыдыстар
21054 6
Химиялық ыдыстарды химиялық әдіспен тазалау

Хром қоспасымен жуу

Зертханада көп жағдайда ыдыстарды жуу үшін хром қоспасын қолданады, себебі хром тұздары қышқылда күшті тотықтырғыш болып табылады. Хром қоспасын дайындау үшін концентрлі күкірт қышқылына 5% (күкірт қышқылының массасынан) ұнтақталған калий дихроматы кристалын қосып, фарфор ыдыста су моншасында ерігенге дейін қыздырады.

Хром қоспасын дайындауда суда еритін натрийдің дихроматын да қолданады, ерітіндіге күкірт қышқылын қосады. Қоспа құрамы: 100мл су, 6г

–натрий дихроматы және 100 мл – күкірт қышқылы (тығыздығы 1,84г/мл).

Ыдысты хром қоспасымен жууда ең бірінші сумен шаяды, сосын ысытылған хром қоспасымен ыдыстың 1/4 – 1/3 көлемін дымқылдайды. Одан кейін хром қоспасын өзі сақталатын ыдысқа қайта құяды. Хром қоспасын ыдысқа құйғаннан кейін жуатын ыдысты бірнеше минутқа қалдырады, сосын оны краннан алынған сумен, кейін дистильденген сумен жуады.

Қатты кірлеген ыдыс болса, оны хром қоспасымен бірнеше рет жуады. Ең қиыны колба мойнындағы кірді жуу. Оны жуу үшін, хром қоспасын стаканға құйып, оған колбаның мойнын батырады, біраз жылытылған колба суыған соң, ерітінді мойнына қарай көтеріледі.1-2 минуттан соң колбаны хром қоспасынан алып, хром қоспасының ағып кетуін күтеді. Одан соң колбаны жоғарыда айтылған ретпен сумен жуады.

Хром қоспасы көп уақытқа дерлік жетеді.Оны қолданғаннан кейін қою қызыл-сары түстен қою жасылға өзгереді, сонда хром қоспасын жаңадан жасау керек болады. Зертханаларда хром қоспасы ылғи болу керек. Хром қоспасы теріге немесе киімге қатты әсер етеді, сондықтан қолдану барысында өте абай болу керек.

Кейбір тәжірибесі аз қызметкерлер пипетканы және трубкаларды жуу кезінде хром қоспасын оларға ауызбен тартып алады. Бұл жағдайда хром қоспасы ауызға жұғып, ауыз қуысының күюін және тістердің бұзылуын туғызады.

Пипетканы, бюреткаларды және осыған ұқсас ұзын трубкаларды хром қоспасымен жуған кезде груша көмегіне жүгіну керек. Кей жағдайда цилиндрге жуылатын пипеткаларды салып, онын үстіне толғанға дейін хром қоспасын құяды. Біраз уақыттан соң пипеткаларды келесі шетімен салып қояды.

Жуу құралы ретінде K2Cr2O7-ні концентрлі HNO–те қолдануға болады. Бұл қоспаны дайындау үшін 200 г K2Cr2O7-ні 1 л HNO3-те ерітеді. Бұл ерітінді бөлме температурасында көп уақытқа дейін тұрақты болады.

Хром қоспасын, егер ыдыс парафинмен, керосинмен, минералды майлармен және мұнай өнімдерімен кірлеген болса қолдануға болмайды.

Хром қоспасына этил және метил спирті немесе тез тотығатын, және дихромат-ионын Cr3+ -ке дейін тотықсыздандыратын зат түсіп кетуінен сақтау керек. Нәтижесінде ерітінді жасыл түске боялып ары қарай жарамсыз болып қалады.

Егер ыдыс барий тұздарымен кірленген болса, оны күкірт қышқылы бар хром қоспасымен жууға болмайды, себебі ыдыстың қабырғасында барий сульфатының тұнбасы қатып қалады.

Хром қоспасын жылытылған күйде (45-500-ке дейін) күйде қолданған дұрысырақ, сол кезде ол күштірек әрекет етеді.

Хром қоспасын әр түрлі жағдайда жылытуға болады:

1)колбаға хром қоспасының біраз бөлігін құйып алып, оны су моншасында қыздырады;

2) хром қоспасына кішкене су және концентрлі күкірт қышқылын құяды;

3) жуылатын ыдысты ыстық сумен шайып алуға да болады.

Егер хром қоспасы қол терісіне немесе киімге тиіп кетсе, оны ең алдымен көп мөлшерде содамен жуу керек, сосын сода ерітіндісімен немесе аммиак ерітіндісімен жуу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет