Мұхтар Зертханалық құралдар мен ыдыстар


Заттарды бөлу мен тазалаудың негізгі әдістері



бет25/36
Дата11.06.2020
өлшемі0,67 Mb.
#73107
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Байланысты:
Зертханалық құралдар мен ыдыстар

Заттарды бөлу мен тазалаудың негізгі әдістері

Заттарды бөлу және оларды қоспалардан тазалау олардың физикалық, физика-химиялық және химиялық қасиеттерін қолдануға негізделген.

Заттарды бөлу және оларды қоспалардан тазалау әдістеріне қайта кристалдау, айдау, сублимация (возгонка), экстракция, кристалдау жатады. Бұл әдістерді зертханалық практикаларда ғана қолданбайды, сонымен бірге техникада да қолданады.

Қайта кристалдау. Қайта кристалдау – қатты заттарды тазалаудың ең бір эффективті әдісі. Бұл әдіс химиялық қосылыстың ыстық және суық еріткіштерде әр түрлі ерігіштіктеріне немесе ерітінді концентрациясының өзгеруіне негізделген. Заттардың ерігіштігі температураға байланысты, температура неғұрлым жоғары болса, заттың ерігіштігі де солғұрлым жоғары болады. Сондықтан ыстық еріткіште заттың көбірек мөлшерін ерітуге болады. Сонда ерітінді суығанда жоғары температурадағы қанық ерітіндіден «артық» зат бөлінеді. Бұл әдістің жетістігі: затты жоғары дәрежеде тазалауға болады, ал кемшілігі: қайта кристалдау кезінде заттың 40-50 пайызы тұнбаға түспеу нәтижесінде, жоғалады.

Еріткіш ретінде суды, сірке қышқылын, этанол, метанол, ацетон алуға болады, алға қойған мақсатқа байланысты.

Қайта кристалдауды еріткішті ұшыру арқылы да жүргізуге болады: еріткішті ұшыруды қанық ерітінді түзілгенге дейін жүргізеді, сол кезде стақанның қырында кристалдар пайда бола бастайды. Ол кристалдарды фильтрлеп бөліп алуға болады. Су толық ұшып кетуге дейін ерітіндіні қыздыруға болмайды, ол кезде ерітіндідегі қоспалар тазалайтын тұздың кристалымен бірге бөлініп кетеді.

Сонымен, қайта кристалдау процесінің этаптары: ерітінді дайындау, ыстық ерітіндіні фильтрлеу, суыту, кристалдау, кристалдарды ерітіндісінен бөлу (46-сурет).



 46-сурет. Ас тұзының кристалдары.

Затты өте таза жасау үшін операцияны бірнеше рет жасауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет