ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-2. «ҚАН ТҮЗУШІ ЖҮЙЕ»
МОДУЛІ.
МОДУЛЬДІҢ МАҚСАТЫ: студенттерді фундаментальді және клиникалық пәндер интеграциясы негізінде нормадағы және патологиядағы қан жүйесін клиникалық тексерудің негіздеріне және негізгі клиникалық симптомдар мен синдромдар қалыптасуының патофизиологиялық, морфологиялық, механизмдері мен оның жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстерді түсіну негізінде оқыту.
Патофизиология -2 модулінің міндеті:
Қан түзуші жүйе дерттерінен дамитын негізгі клиникалық симптомдар мен синдромдар дамуының патофизиологиялық тетіктерін түсіндіру
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
№ 1 тақырып. Анемиялар дамуының патофизиологиялық тетіктері.
Мақсаты: анемиялық синдромның этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру
Дәріс жоспары:
Анемия, анықтамасы, жіктелу ұстанымдары
Анемияның әртүрлерінің жалпы этиологиясы мен патогенезі.
Анемиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі.
Дәріс тезистері
Анемия – қанның белгілі қөлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын, мөлшерінің азаюы
АНЕМИЯЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУ ҰСТАНЫМДАРЫ
Этиологиясы бойынша
| Тұқымқуатын және жүре пайда болған |
Патогенезі бойынша
|
а) қансыраудан болатын –постгеморрагиялық
б) эритроциттердің күшейген гемолизінен–гемолиздік
в) қан өндірілуі бұзылуынан –дизэритропоэздік
|
Қан өндіру түріне қарай
|
Нормобластық және мегалобластық
|
Сүйек кемігінің регенерациялық қабілетіне қарай
|
регенерациялық (ретикулоцит –0,2-1% одан жоғары)
гипорегенерациялық (ретикулоцит –0,2%-ден аз)
арегенерациялық (ретикулоцит – 0%)
|
Түстік көрсеткішіне қарай (ТК)
|
нормохромды (ТК- 0,85-1,05)
гипохромды (ТК- 0,85-ден аз)
гиперхромды (ТК –1,05-ден артық)
|
Эритроциттердің орташа диаметріне қарай ( ЭОД)
|
нормоциттік (ЭОД-7,2-8 мкм)
микроциттік (ЭОД –7 мкм-ден аз)
макроциттік (ЭОД –8 мкмөден артық )
мегалоцитік (ЭОД –12 мкм‑ден артық)
|
өту ағымына қарай
|
Қауырт және созылмалы
|
Достарыңызбен бөлісу: |