ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
PКYa 3201 Кәсіби қазақ тілі
5В090200 – «Туризм» мамандығы
2 кредит (90 сағат)
Алматы
1
. 5В090200 - «Туризм» мамандығы бойынша Қазақтың спорт және
туризм академиясында ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН.
2. ПІКІР БЕРУШІЛЕР:
Абылай хан
атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің халықаралық коммуникация
кафедрасының ф.ғ.д., профессоры Шевякова Т.В., Арынова М.Т.,
п.ғ.к.,ҚазСТА доценті
3.Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен
КЕЛІСІЛДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ.
4. 5В090200 – «Туризм» мамандығы бойынша «27» маусым 2013 жылы
Республикалық Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды. №2 хаттама.
Авторлар: ҚазСТА доценті Худайбергенова Н.Т., п.ғ.к., ҚазСТА
доценті Имангулова Т.В., п.ғ.к., доцент Арынова М.Т., аға оқытушы
Есенбаева Г.Ж.
Мазмұны
1
Түсінік хат
2
Курстың мақсаты
3
Құзыреттілік
4
1 модуль. « Мен оқитын оқу орны »
5
2 модуль. «Туристiк нысандар»
6
3 модуль. «Қазақстанның табиғаты»
7
4 модуль. «Туризмнің даму тарихы және классификациясы»
8
5 модуль. «Қазақстандағы туризмнің дамуы»
9
6 модуль. «Туризмнің түрлері»
10 7 модуль. «Туризмнің жұмыс істеу формалары»
11 8 модуль. «Дүниежүзілік туризм дамыған аймақтар»
12 9 модуль: «Халықаралық туризмнің даму тенденциясы»
13
13
10 модуль. «Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері»
Кәсіби бағдарлы деңгей
14 Мамандық тілі деңгейі
15 Тіл үйренушілердің деңгейін анықтау критерилері
16 Ағымды, аралық және қорытынды бақылау, өзіндік жұмыстар
бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
17 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
18 Өзіндік жұмыстың түрлері
19 Кәсіби бағытталған ағылшын тілі курсы бойынша меңгерілетін
грамматикалық құзыреттілік
20 Негізгі әдебиет
21 Қосымша әдебиет
ТҮСІНІК ХАТ
Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі – мемлекеттік
тілді дамыту және оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді
тармағы – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін
мемлекеттік тілді жетік меңгерген кәсіби мамандар даярлау болып табылады.
Мамандандырылған жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту –
тыңдаушылардың тілді болашақ кәсіптік қызмет бабында және жеке қарым-
қатынасында қолдана алатындай іскерліктер мен дағдыларды игерту
мақсатын көздейді. Осы орайда мемлекеттік тілдің қолданылу аясының
кеңейіп, іс қағаздар, бұйрықтар, баянат, өзге де құжаттардың мемлекеттік
тілде жүргізілуіне байланысты атқарылып жатқан кешенді іс-шаралардың оң
нәтижелерін бүгінде іс жүзінде көруге болады.
Мемлекеттік тілді оқыту арқылы студенттерді кәсіби іс-әрекетке
даярлаудың концептуалдық негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыда
дамыту және осы даярлық үдерісін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз
ету; өзгетілді дәрісханада қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты
оқытудың ұтымды әдістемелік жүйесін жасау бүгінгі таңда басты мәселеге
айналып отыр.
Туризм мамандығы – Елбасы жолдауында көрініс тапқан еліміздегі
туризмнің дамуын, оның жеке индустрия болып қалыптасуын,
өңірлеріміздегі әлеуметтік-экономикалық дамудың ырғақтығын көрсететін,
туризм нарығындағы зерттеу жолдарының жаңа бағыттарын, ұстанымдарын
ашып көрсетеді. Қазақстандағы туризмді дамытуда қазақ тілді мамандар өте
қажет. Сондықтан да, кәсіби қазақ тілінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының құрамды бөлігі, сондай-ақ «Туризм» мамандығының міндетті
компоненті ретінде «Кәсіби қазақ тілі» пәнінен дайындықты қамтамасыз ету
үшін осы типтік оқу бағдарламасы құрастырылды.
Ұсынылып отырған типтік оқыту бағдарламасы ЖОО-дағы қазақ тілінің
қолданыс аясын барынша кеңейтіп, мемлекеттік тіл ретінде өмірлік
қажеттілікке айналдыру мақсатында білім беру жүйесінде жасалып жатқан
реформаларды басшылыққа алып, бүгінгі күннің талаптарына толық жауап
беруді көздейді.
Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Пәннің мақсаты мен міндеті.
2. Курстың құрылымы.
3. Курстың деңгейлік мазмұны.
4. Тіл үйренушілердің деңгейлігін анықтау критерийлері.
5. Студенттердің өзіндік ағымдық-аралық және қорытынды бақылау
жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
6. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер.
ЖОО-ның қазақ тіл кафедралары мамандықтарына сай тіл
үйренушілердің тілдік дайындығын ескере отырып, ұсынылып отырған
бағдарлама негізінде жұмыс-оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешені
мен оқу құралдарын шығаруларына болады.