Мұнай және газ шоғырларын бастапқы күйінде жан-жақты зерттеумен айналысатын және игеру барысында олардың халық шаруашылығындағы маңызы мен жер қойнауын тиімді түрде пайдалануды оқытатын геология саласы: Мұнай-газ кәсіпшілік геологиясы
Қазақстанда алғашқы мұнай кен орындары ..... ашылды: Урал - Эмба бассейнінде
Жер қабығының физика-химиялық табиғи үрдістерінен пайда болған, химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрақты қосындыларды не деп атаймыз: Минералдар
Жер қойнауында болатын силикатты балқыма-ерітіндінің (магма) жер бетіне жетіп қатаюынан немесе жер қойнауында кептеліп кристалдануынан пайда болған жыныстар тобын .... жыныстар дейміз: Магмалық
Жер бетінде, су бассейіндерінің түбінде органикалық және анорганикалық заттардың шөгуінен пайда болған жыныстар тобын ... жыныстар дейміз: Шөгінді
Байырғы шөгінді , магмалық тау жыныстарының тереңде жоғары температура мен қысым әсерінен өзгеруінен жаралған жыныстарды ... тау жыныстары дейміз: Метаморфтық
Магмалық тау жыныстары қандай бөлімдерге бөлінеді: 1)интрузивті 2)эффузивті
Жер бетінде тау жыныстарының таралуы көрсетілген карта қалай аталады: Литологиялық
Геологиялық құрылымдардың горизонталь жазықтыққа түсірілген проекциясын қандай карталар деп атаймыз: Геологиялық
Замандардың уақытына қарай орналасуын тап: AR ,PR, PZ, MZ, KZ
Геохронологиялық бағанада қандай замана ең жасы: Кайнозой
Кайнозой заманасына қарай кіретін дәуірлер: P,N, Q
Мезозой заманасына кіретін дәуірлер: T ,J ,K
Палеозой заманасына кіретін дәуірлер: G,O,S,D,C,P
Жер қыртысының бір кезеңдерінде өткен флоралар мен мақұлықтар қалдықтарына қарап, оларды жүйелей келе жыныс қабаттарының салыстырмалы жасын анықтайтын тәсілді: