Мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйе



Дата07.12.2022
өлшемі0,97 Mb.
#161673
түріПрограмма
Байланысты:
моб слайд
Салх шпор 3-курс, Документ Microsoft Office Word (14), Акниет презент1, си шарп, 5004-8

Мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйе

Операциялық жүйе


Операциялық жүйе - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші(автоматтандырушы) жүйелік программалар.

Операциялық жүйенің негізгі қызметтері


- программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру - оперативті жадты бөлу - компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау - дискіні жұмыс істеуге дайындау - монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату - пайдаланушының программасын іске қосу және орындау - түрлі командаларды автоматтандыру арқылы пайдаланушының жұмысын женілдету

Мобильді операциялық жүйе


Мобильді операциялық жүйе(мобильді ОЖ) – смартфон, планшет, КПК және де басқа мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйе. Ноутбукті мобильді құрылғыға жатқызуға болады, бірақ ондағы операциялық жүйе дербес компьютердегі жүйемен бірдей болғандықтан және олар “Мобильді“ құрылғыға саналмағандықтан, ноутбук те “Мобильді“ бола алмайды.

Мобильді операциялық жүйе


Заманауи операциялық жүйелер: •Android •iOS •Lineage OS •Fire OS •Windows 10 Mobile •Sailfish OS •Flyme OS •Tizen •Remix OS
Ескірген, көп қолданылмайтын жүйелер: •Symbian •Windows Mobile •Palm OS •webOS •MaeMO •MeeGO •LiMO •BlackBerry OS •Firefox OS

Қолданыста кең таралған мобильді операциялық жүйелер


Android — ықшамды операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшеттерде, санды ойнатқыштарда, қолсағаттарда, нэтбуктерде және смартбуктарда жиі қолданылады. 2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды. Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады. Алғашында Android Inc. компаниясы жасаған, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Google Android платформасын ары қарай қолдау және дамыту мақсатында Open Handset Alliance (OHA) альянсын құрды. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.

Қолданыста кең таралған мобильді операциялық жүйелер


iOS (2010 жылдың 24 маусымына дейін: iPhone OS) — Америкалық Apple компаниясымен құрастырылып, шығарылатын мобильді операциялық жүйе. 2007 жылы шығарылған; бастапқыда iPod touch және iPhone құрылғыларына шығарылып, сосын iPad және Apple TV құрылғыларына да шығарылды. Windows Phone және Android операциялықжүйелеріне қарағанда тек қана Apple компаниясының құрылғыларына қондыры

Қолданыста кең таралған мобильді операциялық жүйелер


Windows Phone — 2010 жылдың 11 қазанында жарық көрген Microsoft компаниясымен құрастырылған мобильді операциялық жүйе. 21 қазаннан бастап жаңа платформаға құралған алғашқы құрылғылар сатылуға түсе бастады. Windows Phone сәйкес болмаса да Windows Mobile операциялық жүйесінің толығымен жаңартылған интерфейсі бар және алғашқы рет Microsoft-тың Xbox Live және Zune медиаплеері қызметі интеграцияланған ізбасары саналады. Windows Phone 7 – 2010 жылдың 15 ақпаныңда Барселонаның Mobile World Congress көрмесінде бірінші рет елге таңыстырылды. Ал мобильді жүйенің алғаш нұсқасы 2010 жылдың 11 қазаныңда жырық көрді. 21 қазаннан бастап тұңғыш Windows Phone-смартфондары сатылымға түсті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет