Сабақ Тақырыбы: «Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу шығару құрылғылары»



Дата25.08.2017
өлшемі154,66 Kb.
#26951
түріСабақ
Мұнайлы ауданы

№1 орта мектеп



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары.

Енгізу - шығару құрылғылары»



Сыныбы: 7 «Б» сыныбы.

Пән мұғалімі: Каршыгаева Гульбану

Мұнайлы-2011 жыл



Сабақтың тақырыбы: «Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары.

Енгізу - шығару құрылғылары.»


Сабақтың мақсаты :

Білімділігі: Компьютердің сыртқы құрылғылыры мен енгізу-шығару құрылғыларына жалпы шолу жасау, монитор, пернетақтаның жұмысымен таныстыру.

Тәрбиелігі: Оқушылардың пәнге қызығушылығын туғызып, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: Слайд, проектор, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

  3. Сынып тазалығына көңіл бөлу

  4. Құрал-жабдықтарын тексеру

II. Үй тапсырмасы

Сұрақтар арқылы тексеріледі



  • Компьютердің негізгі құрығыларын ата.

  • Компьютердің миы?

  • Ішкі жедел жад нешеге бөлінеді?

  • Ең көп тараған микропроцессор?

  • ДК-нің негізгі тақташасы?

  • Ішкі жад қайда орналасқан ?

  • ЭЕМ-нің дамуы неше буынға бөлінеді?

  • Қазіргі дербес компьютер қай буынға жатады?

  • Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.


III. Жаңа сабақ

Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары оның интерфейсіне қосылады, ол қосымша операцияларды орындауға арналған. Арналуы бойынша сыртқы құрылғыларды төмендегідей бөлуге болады:



  • деректерді енгізу құрылғылары

  • деректерді шығару құрылғылары

  • деректерді сақтау құрылғылары

  • деректерді алмасу құрылғылары

Монитор- ақпаратты компьютер экранына шыгару қүрылғысы. Бұл жалгыз емес, бірақ негізгі шығару құрылғысы. Мониторларды екі белгілері бойынша жіктеуге болады:



Бейнелеу түсі бойынша

Шығаратын ақпараты бопынша

Монохромдық (қара, ақ, градациясы сұр).

Символдык, (тек мәтіндік ақпаратты

бейнелейді)

Түрлі түсті

Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)


Принтерлер - басу құрылғылары, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде колданылады және құжаттардың көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. Әрекеттерінің принципі бойынша олар матрицалык, сия бүріккіш және лазерлік принтерлерге бөлінеді.


  • Матрициалық принтерлер - бұл карапайым басу құрылғынары. Деректер қағазға инелгрдің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын оттисктер турінде шығарылады.




  • Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді.

- Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінін нәтижесінде пайда болған дақтардан қалыптасады. Бояудың микротамшылары басу бастиегіндегі қысыммен шығарылады. Басу сапасы лазерлік принтерлерге қарағанда біршама төмен және ол тамшының көлеміне, оның пішініне, бояғыштың қоюлығына және қағаз сапасына тәуелді.Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспада кеңінен қолданылады.

Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы — "Маус" манипуляторымен жабдықталған.

Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі олі — сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады, себебі: ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. Маус - бұл манипуляторлык, типті енгізу қүрылғысы, оның тегіс кілемше бетінде жылжуы экранда бейнеленеді. Меңзерді экранда жылжытуга (қозгалтуға) және объектілерді басқаруға арналған. Трекбол — бул маустыц функцияларын орындайтын және портативті компьютерлерде қолданшатын құрылғы.



Әдеттегі маустан басқа да манипулятордың түрлері бар, трекболдар, маустар, инфрақызыл маустар:

- Трекболдың маустан айырмашылығы, ол тұрақты түрде орналастырылады және оның шаригі алақанмен қозғалысқа келтіріледі.Трекболдың артықшылығы ол беті тегіс жерді


қажет етпейді, сол себепті олар портативті компьютерлерде колданынады.

  • Пенмаус шарикті автоқаламға ұқсас, оның ұшындағы жазу түйірінің орнына жылжу мөлшерін тіркейтін түйін (торап) орналастырылған.

  • Инфрақызыл маустың әдетгегі маустан айырмашылығы - оның жүйелік блокпен өткізгіш сымсыз байланыс құрылғысы болуында.

Джойстик(терте) - кішкене рычагты манипуяятор, ол экрандағы жылжитын объектілерді басқару үшін қолданылатын енгізу құрылғысы.

Графикалык деректерді енгізу құрылғысы.

Графикалық ақпаратты енгізу үшін, сканерлерді. графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда алғашқы деректер графикалық түрде енгізіледі, бейне тану бағдарламалары оны өндейді.



  • Планшетті сканерлер келесі принцип бойынша жұмыс істейді: арнайы элементтер
    материалдың бетінен шағылған жарық сәулесін белгілейді.

- Қол сканерлерінің планшетті сканерден айырмашылығы, созу қолмен орындалады.

Бұл жағдайда бір қалыптылығы мен дәлдігі жеткілікті дәрежеде болмайды.

- Барабандық сканерлер. Бұл типті сканерлерде алғашқы материал өте жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі. Өте жоғарғы сапалы сканерлеуге жетуге болады.



  • Штрих-сканері. Бұл штрих-код түрінде кодталған деректерді енгізуге арналған қол сканерінің бір түрі. Саудада қолданылады,

  • Формалар сканерлері "қолдан" толтырылған стандартты формалардан деректерді енгізуге арналған құрылғы. Сканердің бұл түрі халық санағын жүргізгенде, сайлау нәтижелері мен анкет мәліметтерін өндеуде қажет болады. Сканерлеудің жоғары дәлдігі керек емес, тез әрекеттілігі - оның негізгі параметрі.

  • Графикалық планшеттер (дигитайзерлер)- көркемдік графикалық ақпараттарды енгізуге арналған.

  • Цифрлық фотокамералар. Олар сканерлер сияқты графикалық деректерді қағаз бетінен емес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.

Пернетақта (Клавиатура)

Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 102 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.



Пернетақтаның әрекеттерінің принциптері:

  1. Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема
    идентификациялайтын скан-код жіберіледі.

  2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар үзу береді.

  3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, үзу нөмірі бойынша үзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.

  4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.

  5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікке бөлуге болады:

  • басу пернетақтасы (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер)

  • функционалды пернелер: Ғ1 -Ғ12

  • арнайы операциялар пернелері: Еntег, Еsс, Таb6, Сtгl, Аlt, ВаскSрасе

  • меңзерді басқару және редакциялау пернетақтасы

  • сандық пернетақта.

♦♦ Функционалдық пернелер - олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар коипьютердің күрделі операцияларын тез орындайды. Әр түрлі программаларда әр түрлі қызмет атқарады.

♦♦ Символдық пернелер - пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.



♦♦ Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

♦♦ Цифрлық-қосымша пернетақта. Nam Lоск арқылы қосылып ажыратылады.

♦♦Еntег -енгізу пернесі-белгілі бір әреккетті аяқтағанда басылады.

♦♦ Бос орын-символдарды бір-бірінен ажыратады.

♦♦  немесе ВаскSрасе пернесі алдыңғы символды өшіреді.

♦♦ Shift бұл кіші әріптерді үкен етуге және керісінше орындауға болады.

♦♦ Сарs Lоск - үлкен әріптер енгізіледі.

♦♦ Dеlеtе - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.

♦♦ Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын

пайдаланады-Сtгl Аlt.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Компьютердің сыртқы құрылғыларын ата?

  • Енгізу-шығару құрылғыларын айт?

  • Пренетақтаның блоктарын айт?

  • Принтердің неше түрі бар?

  • Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер қалай аталады?

  • End. Tab.Esc.Capslock. Home.PageUp.PageDown.Back Space пернелерінің қызметі

Үйге тапсырма: Сыртқы кұрылғылар.

Монитор, Принтер тақырыпшаларын оқып келу



Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет