Модульдік технологияны химия сабағында қолданудың әдістемелік ерекшеліктері Өнербаева З. О



Дата23.08.2017
өлшемі208,48 Kb.
#25403
Модульдік технологияны химия сабағында қолданудың әдістемелік ерекшеліктері
Өнербаева З.О. - доцент, п.ғ.к., uner_68@mail.ru

Қазақ ұлттық педагогикалық университеті


Аннотация: Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын кеңірек қолдануы. Химия пәні мұғалімдерінің іс – тәжірибесінде әртүрлі оқыту технологияларын пайдалану, оның жетістіктерін болжау, өз бетінше жобалау мен құрастыру сияқты негізгі міндет – мақсаттар туындауы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда ұсынылып отырған мәселе химия пәнін оқытуда жеткілікті дәрежеде шешімін таба алмай отырған, бірақ өмірде талап етілетін жүйе деп айтуға болады.

Қазіргі таңда оқыту үрдісін жоспарлау, қолдану және бақылаудың тиімді әдістерін ұсынушы жаңа педагогикалық технология түрлері көптеп саналады. Олардың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру. Мұндай жағдайда тұлға білімді өз бетімен алып, сол білімді алға қарай алып жүретін және шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқу үрдісі қажет. Осыдан дәстүрлі оқыту әдістемесі орнына педагогикалық жаңа іс – әрекеттерді анықтап, оны теориялық және практикалық жағынан ұқыпты түрде әбден дайындап алу қажет. Орта мектептегі химияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі дәстүрлі оқыту үрдісін қазіргі заман талабына сай өзгертудің қажеттігін атап көрсетеді. Сондай – ақ, оқытудың жаңа технологияларының түрлерін терең танып, оларды оқыту үрдісіне тиімді түрде енгізуді негіздейді. Педагогикалық процестің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін, сонымен қатар білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып оқушыға берілетін білімнің өмірге үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның дербес ерекшелігін ескеріп, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивті қадамының бірі – модульдік оқыту. Модульдік технологияның артықшылығы ол білімнің жүйелілігі мен оқу нысанасының ішкі логикалық байланысын түсіну, білімнің түсініктілігі, тиянақтылығы, өтілген материалды есте сақтап, оған сүйене отырып жаңа білімді қабылдау, білімнің нақтылығы, алған білімді іс – жүзінде пайдалана білуі. Ал, модульді оқыту технологиясының басты ерекшелігі ең алдымен оқушы өзінің жеке интеллектісін жүйелі дамытады.

Түйін сөздер: модуль, модульдік бағдарлама, модульдік оқыту, модульдік технология, оқу моделі, модульдік сабақ.\

Ұлттық және жалпы адамзаттыққұндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау- деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі-оқытудың тиімді технологияларын үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педогогикалық технологияны меңгеру [1].

Әлемдік әдістеме тарихында оқытуды ұйымдастырудың бірнеше жүйесі мәлім. Оқытудың анағұрлым ерте, тарихи қалыптасқан ұйымдастыру жүйесі оқытудың жеке дара – топтық жүйесі.

Ендеше, бүгінгі таңда пәнді оқытудың жаңа технологиясын іздестіріп жатқан кезде мынадай мәселелерді қайта қараудың мезгілі жетті деуге болады: алдымен пәннің мазмұны мен құрылымын ғылыми тұрғыда сұрыптау және сабақты оқытуды ұтымды ұйымдастыру.

Әлемдік модульдік оқыту тәжірибесінде оқытудың мынадай жүйелері қолданылуда: алгоритімдік, оқытуда өзін – өзі басқару, аудиовизуальды, автоматталған басқару және бағдарламалық [2].

Модульдік оқытуда ең бастысы, субъект – субъектілік мұғалім мен оқушының өзара әрекетті. Олар бірігіп модульдік оқытудың аралас жүйесін құрайды. Модульдік оқытудың осы аралас жүйесін қосымша ретінде жоғарыда аталған оқыту жүйелері енуі тиіс, себебі модульдік оқыту мазмұны жеке блоктардан тұратын модуль болып табылады. Сондықтан химия пәнін модульдік оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі қандай болса, оқушының да рөлі сондай болмақ.

Сонымен жоғарыда айтылғандар модульдік технологиямен оқыту дегеніміз - мұғалім мен оқушының екі жақты бір тұтас белсенді әрекетінен тұратын және модуль бойынша оқыту тәжірибесінде қолданылған басқа оқыту жүйелерімен тығыз байланысқан, оқытудың жаңа технологиясына бейімделген оқытудың ұтымды жолы деп түсінеміз. Оның негізгі құралы оқытуда мұғалім мен оқушылардың арасындағы субъект – субъектілік қатынасты жүзеге асыруға қажет белгілі білім, білік, дағдыны өзіндік және белсенді түрде меңгеруге мүмкіндік беретін модуль [3].

Химия пәнін модульдік оқытудың салалануы мұғалімнің оқыту әдістерін ұтымды тұжырымдағандай, оқыту әдістерінің таңдалу және қолданылу процесі педагогиканы тек ғылым ретінде танып қана қоймай, оны өнер рангіне көтеруге де мүмкіндік береді.

Демек, әдістерді таңдау және оны қолданудың қарапайым жолын ғана игеруге болмайды. Ол үшін әрқашан нақты жағдайларды ескеру қажеттігі туралы диалектикалық қағиданы ескеру керек.

Ғалым – ағартушы А. Байтұрсынұлы 1928 жылы «Жаңа мектеп» журналының 8 – санында жарияланған «Қай әдіс жақсы» деген мақаласында «Әдіс деген қатып семіп қалған догма емес» деген тұжырым айтады. Ғұлама ғалым одан әрі ойын былай сабақтайды: «Жақсы дерлікте жаман дерлікте бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу. Әдіс керектіктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы – жаман болмағы жұмсалатын орынның керек қылуына қарай.» Сөйтіп бұл ойын: «Әдістің де озығы бар, тозығы бар, әрбір ұлт тіліне лайықты – лайықсызы бар, қолайлысын таңдап алу да күрделі іс» - деп түйіндейді.

Әдістемелік тұғырнамамыздың негізі ретінде алып отырған, ұлы ұстаздың бұдан 70 – тен астам жыл бұрын көрегендікпен айтып кеткен осы тұжырымының күні бүгінге дейін ғылыми – әдістемелік, тәлімдік мәні зор екені даусыз.

Нақты педагогикалық жағдайда мұғалімнің өзі ғана тиімді әдіс таңдай алады. Бірақ бұл әдістерді сұрыптаудың нақты өлшемі жоқ дегенді білдірмейді. Әдістерді сұрыптау барысында жеке тұлғаның даму мақсаттары мен міндеттерін ескерген өте маңызды.

Модульдік технология арқылы оқытуда нақты модульдің мазмұнын меңгеру үшін ұйымдастырушылық өрнекте қолданылатын әдістер кешені болуы керек. Мұндай оқытудың тиімділігі модульдік бағдарламаның сапасы мен сауатты құрастырылған ұйымдастыру жүйесіне байланысты [4].

Нақтылы жағдайда химия пәнін оқытуды сапаландыру міндеті – жоғарыда аталған барлық мәлім әдістердің бүкіл аспектілерін өзінің бойына сіңірген бір – бірін толықтыратын әдістердің жиынтығын жасау, әр модульде берілетін өзгеріп отыратын оқу жұмысының әр қыры мен жағдайын ескере отырып белгілі модульдің мақсаты мен міндетін ұтымды шешуді қамтамасыз ететін әдісті немесе әдістер жүйесін таңдау деген сөз. Модульдік технологиямен оқытудың аралас жүйелерін жүзеге асыру,оқыту әдістерінің кең спектрін, яғни классикалық және қазіргі әдістерді қолдануды талап етеді. Модульдік технология арқылы оқытудың міндеттері мен жолдарын айқындап, модульдік бағдарлама құру ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, 9 – сынып химия пәніне модульдік бағдарлама даярланды. Модульдік бағдарламада модуль мазмұнына оқушылардың алдын – ала білімі, өз бетінше игеретін жұмысы, модульді сабақтарда қолданатын интерактивті әдістер жазылды. Модуль мазмұнында оқушылардың осы модульде игерілетін білім мазмұны көрсетілді. Мұнда қарастырылған тақырыптар өзара үндестігіне сай сабақтастықпен біріктіріледі. Оқушылардың алдын – ала білімі мен білігіне сүйене отырып, жаңа модуль оқытса, ұғымдарды игеру дәйекті, білімі терең және тиянақты болып қалыптасады, іс – әрекеттері толықтырылады, оқушылардың ақыл – ойын дамытады.



Модульдік бағдарламаның үшінші бағанасында оқушылардың өз бетінше игеретін білімі мен білігі, яғни оқушылардың модульді игеру барысында жүргізілетін жұмыс түрі: зертханалық тәжірибе, оқулықпен жұмыс, деңгейлік үлестірме тапсырмаларды орындау, эксперименттік есептер шығару, тірек – сызбамен жұмыс істеу, қосымша материалдар дайындау және т.б. жұмыс түрлері берілді [5].

Соңғы бағанада осы модуль бойынша өткізілген сабақтарда қолданылатын интерактивті (белсенді) оқыту әдістерді: әңгімелесу, баяндау, оқытуды өзіндік ұйымдастыру, объектіні зерттеу, салыстыру, өзара оқыту, практикалық, индукция, дедукция, және т.б. берілді. Мысалы: әңгімелесу – екі жақты баяндауға жатады. Әдістің мәні мұғалім – сұрақтар қояды да, оқушылар жауап қайтарады. Баяндалғалы отырған материалдың кейбір мәселелері оқушыларға таныс болғанда қолданылады. Мұғалім мен оқушы іс – әрекетінің сипаты және мақсатына қарай бұл әдіс хабарлама, эврикалық және бақылау, қорытынды әңгімелесу әдістері деп жіктеледі. Әңгімелесу мұғалімнің шеберлігін және сезімталдығын қажет ететін күрделі әдіс, оған қойылатын талаптар: әңгімелесудің мақсатын, негізгі міндетін оқушыларға жеткізу, белсенді қатысуға ынталандыру; әңгімелесудің мазмұнын анықтайтын сұрақтарды белгілеу және жіктеу, қойылу ретін және тұжырымдалуын ойластыру; негізгі және қосымша сұрақтардың ара қатынасын анықтау; әңгімелесудің нәтижесін жинақтап, қорытынды жасау. Оқулықпен өзіндік жұмыс – қазіргі педагогиканың және мектеп реформасының негізгі талабы – оқушыларды оқи білуге үйрету, оларда оқу еңбегінің жалпы және әр пән үшін арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осындай оқу біліктерінің ішіндегі ең маңыздысы – кітаппен жұмыс істей білу. Оқулықпен жұмыс істеу әдісі жаңа материалды игеру, алынған білімді бекіту, қолдану және тексеру үшін пайдаланылады. Оқулықпен өздігінен істелетін жұмыстардың түрлері: қарапайым тексті жеке бөліктерге бөлу, әр бөлігіне ат қою; текстегі материалдың баяндалу жоспарын жасау, ғылыми білім жүйесінің құрылым элементтерін, яғни ғылыми деректер, ұғымдар, заңдар, теориялар, зерттеу әдістері және қолданбалы білімді табу оны сызбанұсқа түрінде өрнектей білу. Элементтер және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы және қолданылуы тәрізді деректі материалдарды оқулықпен өздік жұмыс істеу арқылы жақсы үйренуге болады. Практикалық сабақ кезіндегі байқауларды оқулықтан теориялық тақырыптарды оқып, тапсырмаға сәйкес оқушылар белсенді жұмыс істейді. Оқушылардың эксперименті бұл сарамандық іс – әрекетті тиімді ұйымдастыру болып табылады. Мұнда заттар мен химиялық реакцияларды танып біледі және ол арқылы заттардың құрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті, заттардың генетикалық байланысын, химиялық құбылыстардың мәнісін түсінеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алады. Зерттеу әдісіне қойылған мәселені шешкенде оқушылардың дәйектілігі арта түседі. Үлестіріліп берілетін материалдармен жұмысты, химиялық тәжірибелерді өздігінен орындайды, құралдар құралады,модельдер жасайды; графикалық жұмыстар және т.б орындайды.

Модульдік бағдарламаларда білімді жүйеге келтіру және қорытындылауда рольдік ойын, сынақ түріндегі өткізілетін сабақтарда қарастырылған. Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын қортынды тексеру сынақ түрінде жүзеге асырылады. Сынақ кезінде белгіленген сұрақтар бойынша жауап береді немесе эксперимент және сан есептерін шығарады. Оқушыларды толық қамту үшін жартылай жазбаша (химиялық диктант, бақылау жұмысы), жартылай әңгімелесу түрінде өткізілуі мүмкін. Химияны модульдік оқытуда мектеп бағдарламасы бойынша өткізілген сабақтар санымен салыстырғанда сағат саны ұтымды пайдаланылады. Оқушының танымдық іс-әрекеті тиімді ұйымдастырылады. Ұсынылған оқу материалын оқушылар толық игеруге мүмкіндігі болады.

Модульдік бағдарламаға 1, кестеге сай, 9 – сынып химия пәнінен модуль арқылы өткізген сабақта, мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырушы, бірлескен іздену іс – әрекетінің мүшесі қызметін ғана атқарады. Модуль арқылы өткізген сабақтар құрылымын ойластырғанда оның барлық бөлімдері арасындағы сабақтастық пен оған бөлінетін уақыттың сәйкестігін ескерген жөн. Орындалатын жұмыстарға уақытты тиімді бөлу – педагогикалық еңбектің ең негізгі элементі (Кесте 1).

Үнемделген сағаттарды теориялық білімді пайдалана отырып, эксперименттік есептер шығаруға жіберіледі.



Оқушылардың модуль оқу мазмұнын толық игергендігін білу үшін күрделі тапсырмалар орындалады, бұл кезде әр оқушының өзінің білімінің олқы жақтары анықталынып, түзету, толықтыру мүмкіндігі болады.

Оқушылардың материалды толық игеруге:

  • Ондағы материалды бірнеше рет салыстырмалы түрде қайталануынан;

  • Әр сабақта барлық оқушыдан іс – әрекет кезінде еске түсіру мүмкіндігінің болуынан;

  • Эксперименттік есептер шығару арқылы теориялық материалдарды қайталау мүмкіндігінің болуынан барлық жағдай жасалған (Сурет 1).

Сондықтан да мұндай жағдайда мұғалімнің алға қойған мақсатқа толық жете алды деп айта аламыз. Мақсаттың анық болуы, білік пен дағдының көрсетілуі, оқушыға да өз бетінше білім алу мен уақытылы толықтырулар жасауға мүмкіндік береді.

Егер, модульдік бағдарламалардағы әрбір модульдің мазмұнына тоқталсақ, бастапқы «Электролиттік диссоциациялану теориясы» модуліне оқушылардың химиялық элементтердің, олардың қосылыстарының қасиеттері туралы білгендерін кеңейту жаңа бір саты болып табылады. Бұл модульді сабақтың нәтижесінде электрон – иондық тұжырымдар негізінде оқушылардың бейорганикалық заттардың негізгі кластары туралы білімі кеңейеді. Модульдік сабақтың мақсаты – диссоциация процесінің мәні, механизмі және жүру жағдайы туралы ұғымдарды қалыптастыру, электролит заттар, иондардың ерітіндідегі жағдайы және олардың өз араларында жүретін реакциялар туралы білім беру (Сурет 2).

Бұл модульдік сабақтың нәтижесінде оқушылар мыналарды: электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қарағандағы бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін білуі; негіздердің, қышқылдардың, тұздардың диссоциациялану реакцияларын, сонымен қатар, иондардың алмасу реакцияларының толық және қысқартылған тендеулерін жаза білулері тұздардың гидролизге түсетін, не түспейтінін, олардың ерітінділерінің индикаторларға әсерін және ол бойынша электролиттің диссоциациялану дәрежесі және ол бойынша электролиттің күшін (әлсіз, күшті) анықтау сияқты білімі мен біліктерін қалыптастыруы керек [6].



Кесте 1 – «Электролиттік диссоциациялану теориясы бойынша модульдік бағдарлама (9-сынып химия пәнінен)»


Оқыту әдістері

7

Объектіні зерттеу әдісі, үлгі көрсету әдісі, салыстыру әдісі.

Өзара оқыту әдісі.

Оқытуды өзіндік ұйымдастыру әдісі.

Бағалау, бақылау жұмысы.

Оқушылардың өз бетінше игеретін білімі мен білігі

6

Зертханалық тәжірибе: заттардың электр өткізгіштігін анықтау және тәжірибе нәтижесін түсіндіру. Зертханалық тәжірибе: еру процесінің химиялық реакцияларға қатынасын дәлелдеу.

Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың судағы ерітінділерінің электролиттік диссоциациялану теңдеулерін деңгейлі түрде үлестірме тапсырмаларды орындау.

Оқулықпен жұмыс: электролиттік диссоциациялану дәрежесітуралы сұрақтарға жауап беру.

Ойын түрінде қорытындылау.

Оқушылардың алдын-ала білімі мен білігі

5

Электр тогы; өткізгіштердің тектері; полюсті ковалентті және иондық химиялық байланыс; кристалдық тор түрлері; «катион» және «анион» ұғымдары; су молекуласының құрылысы.

Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың формулалары. Заттардың ерігіштігі туралы түсінік. Ерігіштік кестесін қолдана білу.

Индикатор түсінің түрлі ортада (бейтарап, қышқыл, сілтілік) өзгеруі жөніндегі түсінік. Концентрациясы бірдей заттардың ток өткізгіштігі.




Модуль мазмұны

4

Электролиттер және бейэлектролиттер туралы түсінік; электролиттік диссоциациялану; электролитті еріту процесін жүзеге асырудағы су молекуласының ролі

Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың судағы ерітінділерінің электролиттік диссоциациялануы.

Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Әлсіз және күшті электролиттер.

Модуль бойынша білімдерді жүйеге келтіру және қорытындылау.

Сағат саны

3

2

1

1

1

Модуль-дің аты

2

Э

Л



Е

К

Т



Р

О

Л



И

Т

Т



І

К




1

1


6

5



4

3

2



1

Есеп шығару алгоритмдерін қолданатын әдіс.
1 – кестенің жалғасы



Ұғымдарды жинақтау әдісі.

Салыстыру әдісі, зерттеу әдісі.

Практикалық жұмыс.

Индукция, дедукция, анализ, синтез.

Салыстыру әдісі, эвристикалық зерттеу.




Химиялық теңдеулер бастапқы заттардың мөлшерде алынған жағдайдағы есептеулерді үлестірме түрде тапсырмаларды орындау.



Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттерін үлестірме түрде тапсырмаларды орындау.

Зертханалық тәжірибе: натрий хлоридінің, калий карбонатының және алюминий хлориді тұздарының ерітінділерінің лакмусқа әсерін бақылау және тәжірибе нәтижелерін түсіндіру.

Эксперименттік есептер шығару.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Зертханалық тәжірибе: барий хлориді мен күкірт қышқылының; натрий карбонаты мен тұз қышқылының, натрий гидроксиді мен азот қышқылының әрекеттесуі.

Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер Авогадро заңының қолданылуы.

Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттері.

Ерітінді ортасы және индикатор туралы түсінік.







Электролиттер туралы түсінік. Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттері.

Химиялық теңдеулер бойынша бастапқы заттардың бірі артық мөлшерде алынған жағдайдағы есептеулер.

Электролиттік диссоциациялану тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттері.

Тұздар гидролизі.

Практикалық жұмыс №1

Бақылау жұмысы

Ион алмасу реакциялары. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар.

1

2




1

1

1

Д

И



С

С

О



Ц

И

А



Ц

И

Я











Сурет 1 – 9–сынып химия пәнінің мазмұнын модульдеу




1 – модуль

Электролиттік диссоциациялану

Сағат саны

Химиялық бағдарлама

бойынша - 12

Модульдік бағдарлама

бойынша - 10



Үнемделген сағат: 2



Сурет 2. 2-модуль. Электролиттік диссоциация


Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс – әр пән бойынша жүйелі білім қалыптастыратын күрделі әрі ұзақ процесс, яғни белсенді интерактивті іс – әрекет. Мұғалім осы процесті ұйымдастырып, оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтап, оқытушылардың іс –әрекеттерін басқара отырып, оқыту, дамыту және тәрбиелеу процесін іске асырады. Оқытушылар белсенді оқу танымдық іс –әрекет барысында қажетті білімді меңгереді. Оқытушылардың іскерлігі мен білімді игеру сапасына оқушы мен мұғалім арасындағы іс –әрекеттің дұрыс ұйымдастыруы ғана емес, оқу – танымдық процеске енгізілген тапсырмалар да жатады. «Оқу тапсырмасының ұғымы оқушының оқу процесі барысында барлық мүмкін іс – әрекет түрлерін теориялық және практикалық тұрғыда іске асыру қабілеті бар екенін білдіреді»[7].

Жалпы айтқанда осылайша ұйымдастырылып өткізілген модуль бойынша өткізілетін сабақтарда мұғалімнің барлық оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндігі болады. Сөйтіп оқушы өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модуль арқылы мақсатталған нәтижеге жетеді.




  1. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. www.akorda.kz.

  2. Жанпейсова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». – Алматы, 2002.

  3. Васильева Г.В. «Модуль самообучения». // Вестник высшей школы. – Москва, 2008, №6 – С. 86 – 87.

  4. Гареев В.М., Куликов С.И., Дурко Е.И. «Принципы модульного обучения». // Вестник высшей школы. – Москва, 2007, №8 – С. 9 - 10.

  5. Құрманәлиев М.Қ. «Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу құралы». – Алматы, 2010 – 242б.

6 Өнербаева З.О. «Химия пәні мазмұнының модульдік құрылымы». – известия вузов, №4, 2009 – 259-262бб, Бишкек.

7 Миронова М.Д. «Модульное обучение как способ реализации индивидуального подхода». – Казань, 2013 – 147с.


Аннотация

Методы и приемы в обучении химии

Унербаева З.О. – доцент, к.п.н., uner_68@mail.ru


В статье рассматриваются взгляды и мнения ученых на примере методики преподавания химии методы и приемы, а также их систематизация в учебном процессе. Так как дисциплина «Методика преподавания химии» является педагогической наукой, а также преподаваемой дисциплиной в ВУЗе, многие понятия и взгляды изъяты из педагогики и дополнены химическими особенностями.

Несмотря на разные определения дидактиков, объединяющие все взгляды факт – методы обучения приведены как путь организации учебно-познавательной деятельности. А также подводя их итог приводим их определения.

В педагогике, а также в методике преподавании химии методы обучения классифицируются по разным критериям. Е.Я. Голан впервые полностью охарактеризовал систему методов сформированный в 1960 г.

В дальнейшем по результатам работ дидактики в классификации методов свои взгляды выдвинули М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, Б.П. Есипов, М.А. Данилов, а также казахстанские видный методист И.Н. Нугманов. И.Н. Нугманов и А.М. Мырзабаев проделав подробный обзор классификации всех методистов предложили свою классификацию методов.

Методы обучения в методике преподавании химии одна из педагогических наук как важнейшие особенности категории. Приведены ответы ученых, методистов и учителей практиков на вопрос «Как необходимо учить?». Дается объяснение связи и этимологии понятии «Метод» с давно используемым альтернативным словом «Методика».

Ключевые слова: процесс обучения, метод обучения, приемы обучения, эволюция методов преподавания, классификация методов обучения, учебно-познавательная деятельность учащихся, уровни познавательной активности, учебная деятельность, ожидаемые результаты.
Аnnotation

Methods and techniques in teaching chemistry

Unerbaeva Z.O. – Docent, Cand. Ped. Sciences, uner_68@mail.ru

Kazakh National Pedagogical University named after Abay


In the article looks and opinions of scientists are examined on the example of method of teaching of chemistry methods and receptions, and also their systematization in an educational process. Because discipline «Method of teaching of chemistry» is pedagogical science, and also taught discipline in Institute of higher, many concepts and looks are withdrawn from pedagogics and complemented chemical features.

In spite of different determinations of didaktikov, uniting all looks fact – teaching methods are resulted as a way of organization of educational-cognitive activity. And also working out their total bring their determinations over.

In pedagogics, and also in a method teaching of chemistry teaching methods are classified on different criteria. E.Ya. Golan first fully described the system of methods formed in 1960.

In future on results works of didactics in classification of methods the looks pulled out M.N. Skatkin, I.Ya. Lerner, B.P. Esipov, M.A. Danilov, and also Kazakhstan visible methodist I.N. Nugmanov. I.N. Nugmanov and A.M. Myrzabaev doing the detailed review of classification of all methodists offered the classification of methods.



Teaching methods in a method teaching of chemistry one of pedagogical sciences as major features of category. Are the answers of scientists, methodists and teachers of practical workers resulted for a question «As necessary to teach?». Explanation of connection and etymology is given concept «Method» with an a long ago in-use alternative word «Method».

Keywords: teaching process, teaching method, receptions of teaching, evolution of teaching methods, classification of teaching methods, educational-cognitive activity of student, levels of cognitive activity, educational activity, expected results.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет