ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Эссе
Тақырыбы: Мен және менің мотивациям
Орындаған: Елтаев Орал
Қабылдаған:Қойшыбаева Н.И
Тобы: ТП 19-3К
Шымкент 2021 жыл
Мотивацияны табу қиын емес. Ол үшін тек қандай нәтиже қалайтыныңды білуің керек. Егер елестеткен нәтиже көңіліңді аспандатса, мақсатың айқын. Ал егер, нәтиже көңіліңді көншітпесе, бұл мақсат айқын емес, саған мұның қажеті де жоқ. Мотивация кез келген жерде қажет. Арықтау үшін, ең әдемі болып жүру үшін, жетістікке жету үшін немесе бизнес бастау үшін, оқуға түсу үшін де мотивация керек. Құлшыныстың бар болуы жеткіліксіз, мотивацияны демеу керек, онымен жұмыс істеу керек. Былайша айтқанда, мотивацияңыз өз әсерін, пайдасын жоғалтып алмау үшін оны «қоректендіру» керек.Мотивация жоқ болса, нәтиже де жоқ.
Мотивацияны демеу үшін сәтті 5 қадам:
– Қандай нәтижеге ие болатыныңды жарқын түрде елестет. Өз еңбегіңнің жемісін көз алдыңа елестет. Мотивацияң таусылған сайын немесе шаршаған сәттерде жемісіңді, жететін нәтижеңді ойла.
– Мақсатың физикалық тұрғыда өзіңмен бірге болуы керек. Демек, құлшынысыңды арттыратын, оған қараған сайын мақсатыңды есіңе түсіретін белгілі-бір зат болуы қажет.
– Жоспарларың мен мақсаттарыңды қағаз бетіне түсір. Орындалған жоспарларыңды түртіп отыр.
– Өз-өзіңе сөз бер. Аяғына дейін баратыныңа, тайсалмастан нәтижеге жететініңе уәде ет немесе жақындарыңа сөз бер.
– Еліктейтін тұлға болса, соған қарап бой түзеп, «Ол жеткен жетістікке мен де жетемін» деген ұранмен өмір сүр.
– Идеяластарыңды тап. Жақындарың немесе достарыңның арасынан сенің бастамаңа қолдау білдіретін немесе өзіңмен бірге іске кірісетін адамдар болса, нағыз мотивация сол болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |