Н айта кетсем, IX ғасырда өмір сүрген Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазды, негізгі еңбектері Фарабиден екі ғасыр өмір сүрген Жүсіп Баласағұн "Құтты білік" шығармасын араб әрпімен түркі тілінде жазған
Факультеті «Халықаралық қатынастар» Кафедрасы «Халықаралық қатынастар»
СӨЖ Эссе Тақырыбы:«Философия тарихындағы бір ойшылдың философиясын, оның жеке және шығармашылық өмірбаянына тоқталып, философиясын - онтология, гносеология, философиялық антропология, аксиология, логика, этика, эстетика және әлеуметтік философия тұрғысынан түсіндіретін шығармашылық жұмыс дайындау»
Орындаған:Ерланқызы А Тексерген:Оразхан.Т.О
Алматы 2021 Әбу Насыр әл Фараби
Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдерін айта кетсем, IX ғасырда өмір сүрген Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазды, негізгі еңбектері Фарабиден екі ғасыр өмір сүрген Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” шығармасын араб әрпімен түркі тілінде жазған. Ал аса көрнекті Қожа Ахмет Иассауи өз шығармаларын түркі тілде жазғанмен араб әрпін қолданған . Жүсіп Баласағұннан кейінгі түрк ойшылдарының қатарына Ахмет Югнаки, Махмұт Қашқари, Жамал Қарши т.б. жатады. Қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына бұл ойшылдардың ықпалы зор болды. Әл-Фарабидің мұрасы -әлемдік деңгейдегі философ, ойшыл. Әл-Фараби дүниетанымының қайнар көзі өте тереңде. Себебі, қазақ даласында оған дейін де ғұлама ойшылдар көп болған. Мысалы, гректерді өнерімен тәнті еткен, аузымен құс тістеген шешен Анахарсистің өзі бір төбе болса, Тоқсары, Тоныкөк, қобызымен кең дүниені күңіренткен Қорқыт Ата және басқа да ойшыл данышпандар болған. Осының бәрі – ғұлама ғалымның бастау алған қайнар көздері.
Ажал келмей кісі өлмес,
Өлген адам тірілмес.
Демекші осы тұста, , Әл Фараби атамыздан сұхбат алғым келеді.
-Сіздің бір жазбаңызды оқыдым бұл жерде сіз бізге нені жеткізгіңіз келді?, айналандағы адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт баянсыз: «…бір адам басқаның өмір сүруіне қажет нәрсенің бір бөлігін беру арқылы адамдардың бір-біріне көмектесуіне негізделген көптеген бірігудің нәтижесінде ғана адам табиғатынан маңдайына жазылған кемелденуге жетеді»,-дейді. Әл Фараби
-Қазіргі кездегі жастарға қандай өсиет айтасыз?.
-Әл Фараби ,қайырымды қалаға қарсы қалаларды да сипаттайды: надан, азғын, адасқан, қажеттілік және тағы басқа қалалардың ортақ мақсаты жоқ, көздегендері бақытқа жету емес, өткінші байлық пен алдамшы рахатқа бөлену. Мұндай қалаларды алдап-арбау мен сұмдықтың неше түрі, моральдық құлдырау, нәпсіқұмарлық, мансапқорлық, билік құмарлық, надандық, діннен безушілік секілді ізгілікті адамға жат, тағылық қасиеттер жайлайды.Бұл сөзі біздің қазіргі заманымызға дәл ме дәл..
Бір қарағанда әл Фарабидің бұл ізгілікті қаласы утопия немесе қол жет- пейтін идеалды, мінсіз қоғам секілді болып көрінуі мүмкін. Бірақ осы модельдің өзінен біздің жас мемлекетімізге пайдалы көп нәрсені байқауға болады..
-Осы орайда, Платон мен Аристотельді атап өткен жөн. Әл-Фараби олардың ғылыми мұрасын оқып қана қоймай, әрі қарай жалғастыра зерттеп, дамытқан едіңіз атап бере аласыз ба?
- Әл-Фараби ,тағылым алған дүниелер өте мол. Солардың бірі ежелгі «Авеста» мен Құранды атап өтпеуге бола ма? Рухани толысуына Құранның игі әсері көп болған. Кеңес дәуірінде мұрасын аударғанда исламға қатысты жағын кесіп тастап, көбіне материалистік, атеистік жағына мән беріп, ислам руханияты, ислам мәдениеті мен антикалық мәдениетті синтездеу жағына ешқандай мән бермедім .
Әл-Фарабидің әлем өркениетінде алар орнына тоқталмас бұрын, ғылымдағы әл-Фарабиге қатысты түрлі көзқарастарға тоқтала кетейік.
-Сіздің үлкен екі жаңалық ашты деседі сол жаңалықтарыңызды айта кетсеңіз?
-Біріншіден, антикалық заман мен исламды өзара жақындастыра синтез жасап, жаңа бір мәдениеттің өркендеуіне жол аштым. Келесі кезекте ол грек ойшылдарының асыл мұрасын жаңғыртты. Сөйтіп, шығыста үлкен қозғалыс, жаңа бағыттар басталды. Араб-мұсылман мәдениеті негізінде антикалық дәуірдегі шешілмеген мәселелерді шешіп, оны ілгері дамыттым.
-Барлығымызға мәлім, әл-Фараби өмір сүрген уақыт айрықша кезең ретінде аталады. Отырар өлкесінде әл-Фарабиге дейін ойшылдар өте көп болса, оның өз заманында да ғұламалар аз болмаған. Ол жастайынан туған өлкесінде білім алып, Отырар кітапханасында отырып, шаң басқан қолжазбаларды ақтарып, көз майын тауысып, талмай кітап оқып, оқу-білімге ерте құмартқан едім. Отырар кітапханасына алыс-жақын елдерден керуенмен сан түрлі кітаптар ағылып келіп жататын. Осы аралықта өмір сүрген аталарың IX-X ғасырларда Отырар өркениетінде рухани мұра жоғары бағаланған. Араб-Мысыр әлемінде Александрия кітапханасының шоқтығы биік.
Одан кейінгі орынды Отырар кітапханасын иелендім. Сүйтіп,сол кітапханадан мен жиырма жасқа дейін тәлім-тәрбие алып, ондағы бар кітаптарды, трактаттарды оқып зерттеген едім. Одан кейін білімін толықтыру үшін керуенге ілесіп, араб еліне аттандым. Бағдад, Дамаск сынды басқа да өркениеті дамыған ірі шаһарларда болып, артында ғылыми-зерттеу еңбектерін жаздым.
-Қандай тамаша,сіздің еңбекке білімге құмарлығыңызға тәнтімін…
.- Әл-Фараби дүниетанымына келетін болсақ, кеңестік дәуірде оны маркстік-лениндік, атеистік дүниетанымға алып келді. Бірақ шын мәнінде сізді ислам руханиятындағы айтулы тұлға болған деседі бұған не дейсіз?
Біріншіден, ол-әлем мойындаған философ, Платон мен Аристотельдің еңбектерін шығыс, араб-мұсылман әлеміне таратқан үлкен ғұлама. Екіншіден, әл-Фараби – үлкен ғалым. Әл-Фарабидің философиялық көзқарасы өте күрделі. Оны бір сөзбен айтып шығу мүмкін емес. Әл-Фарабидің көзқарасында диалектика да, таным теориясы да, ғылыми рационализм де бар. Әл-Фараби ислам өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан. Сондықтан әл-Фарабидің дүниетанымы туралы айтқанда оны материалист, болмаса идеалист немесе атеист деп айтуға болмайды. Ол белгілі бір ғылым академиясы тәрізді.
-Әл-Фараби сіздің тағы қандай ерекшеліктеріңіз бар, мәселен өнер?
-Мен, қобызда ойнаймын. . Шын мәнінде Қорқыт Атадан кейін меніңде қобызды дамытып, оның құлағында ойнаған ойшыл, көп тілде сөйлеген ғұлама едім. Және қазақ өркениетінің, музыка философиясының негізін қалаған үлкен ойшыл. Бірақ – тек қазақтың ғана емес, қазақ халқы қалыптаса қоймаған кезеңде өмір сүргендіктен, бүкіл түркі халықтарынада ортақ едім. -Бүгінгі күнге дейін қандай салаларда трактаттарыңыз сақталған?
- Әл Фараби ,логика, метафизика, этика, саяси және әлеуметтік философия, музыка мен медицинаға арналған жүзден аса трактаттары сақталған. Ол ең алғаш болып музыканы математикалық негізде жүйеленді
Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби сіздің берген сұхбаттарыңызға шығармашылығына қатысты шағын зерттеуімізді қорыта келе айтарымыз: Мәдени жаңару үдерісі жүріп жатқан қазіргі кезеңде “өркениеттер арақатынасында төңкеріс болып, Шығыстың өркениеттің алтын бесігі, Европа қайта өрлеуінің негізі болғандығы мойындалып , Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Халдун, Ибн Рушдтардың европа философиясына қосқан үлесі баса көрсетілгенімен” , Фараби еңбектерінің әлі де ашылмаған қырлары көп. Мұның бір бөлігіне жоғарыдағы талдаулар дәлел. Демек, біздің есімін мақтан тұтар даңқты жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби жайлы зерттеулердің арнасы келер күндерде де ортаймақ емес.