Н. Алдабергенов атындағы орта мектеп Ерлік сағаты Тәрбие сағаты 2022-2023 оқу жылы Ерлік сағаты



бет1/3
Дата04.12.2022
өлшемі1,91 Mb.
#161133
  1   2   3
Байланысты:
тәрбие сағаты Ерлік сағаты




Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп
Ерлік сағаты
Тәрбие сағаты


2022-2023 оқу жылы


Ерлік сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты: Ерлікті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Отан алдында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі-өнеге тұту.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, портреттер, видео
«Жаңашыл ұлдан Отаншыл ұл артық».
Мұхтар Шаханов.
«Батырлық – тәуекел мен ақылдың есебінен шығуы тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды».
Бауыржан Момышұлы.
«Ерлік – саналы әскери тәрбиенің жемісі. Өзіңді саналы түрде қауіп қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі».
Бауыржан Момышұлы.
«Ерлік – басыңа төнген қауіп қатерді жеңу деген сөз. Ол тек қасарысқан қажырлы күресте ғана туады».
Бауыржан Момышұлы
Мұғалім сөзі: Бейбіт өмір! Осынау сөздің астарында азаттық пен еркіндікті және бас бостандығын білдіретін үлкен мағына жатыр. Бұл сөзде қай халықтың болмасын жердің бүтіндігі мен елдің амандығы үшін, бейкүнә сәбилердің тыныш ұйқысын қорғау үшін небір тар жер тайғақ кешуден өткенін баяндайтын тарихы жатыр. Бейбіт өмір қалыптасқан жерде әрбір ұлттың жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса бермек.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз алда келе жатқан Республика күніне орай ұйымдастырылған ерлік сағатына арналмақ. Балалар қалай ойлайсыздар ЕРЛІК ПАТРИОТ БЕЙБІТШІЛІК сөздері бір-бірімен қандай байланысы бар?
/Оқушылар топқа бөлініп берілген сөздердің мағынасын ашады, бір-бірінің ойлары тыңдалады/


Мұғалім сөзі: Отанымызды жаудан қорғаған ,өзінің ерлігңмен,батырлығымен белгілі болған қандай батырларды білесіңдер?
/Оқушылар жауабы тыңдалады/
Сөз кезегі жүргізушілерге беріледі

Жүргізуші :
Бейбітшілік деп салған,
Халықтардың ұраны
Қара күшке жұмсалған
Ел жеңімпаз құралы
Таң шапағы атқанда
Серпілмейтін күн барма
Әділеттік қашан да
Жеңбей қалған күн барма
Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып, елін, жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ержүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші!...Осындай батыр болмысты, қайсар рухты, биік тұлғалардың бірі – Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет