Наурыз мейрамы Наурыз



Дата26.05.2018
өлшемі46,79 Kb.
#40755
Наурыз мейрамы

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу,алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан»айналасындағы тамашамен аяқталатын.

Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан ;;кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.

Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті˝, - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын.



Праздник Наурыз

 Казахстане весна теснит зиму и полноценно вступает в свои права 21 марта – именно в этот особенный день отмечается светлый праздник Наурыз, знаменующий собой не только весеннее равноденствие, но и обновление природы. Наурыз в Казахстане символизирует плодородие, дружбу и любовь. В этот день люди одеваются нарядно, ходят в гости к родным и близким и не смолкают добрые пожелания. Для восточных народов Наурыз всё равно, что Новый Год, ведь оба праздника считаются вестниками новой жизни. Праздник Наурыз на персидском языке означает не что иное как «новый день».

Наурыз – праздник, который начали отмечать до появления ислама, он достался восточным народам в память о языческих верованиях, когда в почете у предков были природные культы. Так в Северной Индии отмечают Лори – день окончания суровой зимы, в Египте начало весны называют Жам эн-Нессим; в Израиле чествуют Ту би-шват– конец сезона дождей, в Исландии есть Сумарсдаг – день прихода лета. Наурыз не относится к религии, в этот день по всему Казахстану люди поют и танцуют, а также участвуют в народных играх и праздничных гуляниях.

Непременным в Наурыз считается наличие на каждом праздничном столе традиционного блюда наурыз-коже. Казахи считают, что в праздник Наурыз нужно досыта наесться этим блюдом, и тогда год пройдет в достатке. Наурыз-коже - это сытный наваристый суп, который готовится из семи ингредиентов: мяса, воды, муки, масла, пшена (можно заменить рисом или кукурузой), соли и молока.Каждый компонент блюда символизирует одно из семи жизненных начал: рост, удачу, счастье, богатство, здоровье, мудрость и покровительство небес. Наурыз вообще полон символов. Так особое значение в праздновании Наурыза имеет число семь - семь ингредиентов в наурыз-коже, который потом разливают в семь чаш и ставят перед мудрыми старцами-аксакалами. Семь гостей в свой дом должен пригласить каждый, а также обязательно самому побывать в семи домах.



Пьют в праздник Наурыз кумыс – кисломолочный напиток, приготовленный из кобыльего молока. Традиционно в этот день поздравляют словами «Коктем туды!». В Наурыз проходят импровизированные состязания поэтов-острословов, которых в Казахстане называют акынами; праздник не обходится без национальных соревнований, среди которых народная борьба "казакша курес", игра на логику под названием "тогуз кумалак" и конечно же конные игры "кыз-куу" и "байга". Прямо на улицах актерами разыгрываются театральные представления и сценки. Другая старинная традиция празднования Наурыза, чтимая и по сей день, называется "алтыбакан" - девушки и парни собираются вместе, чтобы пообщаться и покататься на качелях.

Наурыз не только является государственным праздником Казахстана, празднуемым на протяжении трёх дней, но и признан ООН в качестве международного праздника. Наурыз отмечают во всех странах Средней Азии, а также в Грузии, Индии, Иране, Китае, Турции и многих других странах по всему миру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет