Наурыз мерекесіне арналған іс-шара
Іс шараның барысы:
Қатысатындар: 9-сынып оқушылары (9-10 сынып Зухраның тобы)
|
(Р. Рымбаеваның орындауындағы «Наурыз»әні)
|
фонограмма
|
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
|
Бірінші жүргізуші:
|
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Шашу шашып, ел боп бірге қарсы алайық!
|
«Наурыз» қыз шығады
9-сынып оқушы қызы
|
Амансың ба, халқым!
Есенсің бе, жұртым!
Орындалды ойларың,
Құтты болсын тойларың!
Күн мен айға әлемнің,
Берем ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйініп,
Сәлем берем иіліп.
|
Екінші жүргізуші:
|
Наурыз келді, жаңартып жаңа күнді,
Наурыз келді, сағынтып бала бізді.
Құтты болсын, ағайын, жаңа жылың
Құтты болсын, жаңа жыл Наурыз тойың.
|
|
Үй – дастарқан,
Дала – сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз!
|
Бірінші жүргізуші:
|
Шығыс халықтарының күнтізбесі бойынша Наурыз – жыл басы, қуаныш пен шаттықтың, шаруа мен еңбектің, татулық пен бірліктің мерекесі! Бұл мереке күні күн мен түн теңеліп, жан–жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиіп, жер бетіне шаттық орнайды. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.
Енді оқушылардың наурыз тілектерін қабыл алыңыздар.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |