Наурыз мерекесіне арналған іс-шара Іс шараның барысы



бет2/4
Дата21.08.2023
өлшемі63 Kb.
#179896
1   2   3   4
Байланысты:
Сценарий - Наурыз

9-сынып оқушылары
(бірнеше оқушы бөліп айтады)

  • Наурыз тойы құтты болсын!

  • Ақ мол болсын!

  • Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

  • Төрт түлік ақты болсын!

  • Ұлыс береке берсін!



Дүниеге жарық берген, көрік берген,/ бірлік пен махаббат берген,/ бақыт пен шаттық берген,/ татулық пен ынтымақ берген /шырайлы жыл басы Наурыз құтты болсын!

Бірінші жүргізуші:



Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Тойға той ұлассын!



Екінші жүргізуші:



Дәстүр бойынша наурыз күні көрісуден басталады. Ер адамдар қол алысып, төс қағыстырады. Ал әйелдер құшақтасады.



10-сынып оқушылары
(Осы дәстүрді көрсету: сахнаның екі жағынан бір- бірлеріне қарама қарсы оқушылар шығып, бір- бірімен амандасады)
Сахналық көрініс:

Екі оқушы сахнаның екі жағынан шығады. Олар ортаға келіп, бір бірімен сөйлесе бастайды.)
Бірінші оқушы:

  • ........, халқымыз наурызда «Самарқанның көк тасы жібиді» деген ғой. Сені бір ренжіткен кезім болса, кешір. Адам баласы болған соң, бірде біліп, бірде білмей қателесіп жатамыз ғой. Сондықтан сен мені кешір! Достығымызға еш қаяу түспесін.

  • ........., менің қателігім болса, сен де кешір.

Екеуі қол алысып, төс қағыстырады.



Бірінші жүргізуші:



Иә, наурыз күні – адамдардың бір -бірін кешіріп, татулық пен достық, бірлік пен ынтымақ орнайтын күн. Оның аяғы ойын сауық, ән күйге ұласады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет