Назарғали Әдемі Мақсотқызы 8-сынып оқушысы



Дата10.11.2023
өлшемі32,49 Kb.
#190895
Байланысты:
mazmundama0


Назарғали Әдемі Мақсотқызы
8-сынып оқушысы
+77771810136
@adema.maqsotkyzy
Адалдық пен арамдықтың өлшемі
Шағын ауылда қарапайым отбасы тұрады. Олар – ата-анасы, үш қызы және атасы. Әкесі жұмыс істемейтін, былайша айтқанда, еріншек болатын. Көбінесе үйде жатқаннан басқа ештеңе білмейтін. Мұндай қылығын құптамаған әйелі күйеуіне:
– Қыздарымызды асыраудың орнына, не істеп жатқаныңды қара, бірдеңе ойлап тап, жұмысқа тұр! –деді. Бірақ әкесіне бәрібір болды. Тек – «Иә, иә», – деп жауап беретін.
Бір жылдан кейін…
Сара жүкті екенін байқады. Ол бірден үйдегілерге айтып, УДЗ-ге қаралды. Әрине олар ұрпақтарын жалғастыратын, отбасын асырайтын перзент күткен. Бірақ, УДЗ нәтижесі бойынша қыз екені көрсетіліп, қатты қынжыла бастады. Атасы қызына келіп:
– Кім болса да аман есен туылсын. Қыздың атын Альфия деп қойыңдар, – депті. Осы кезден бастап атасы қатты науқастанып, қайтыс болғаны туралы хабар баршаға жеткізілді.
Содан бері тоғыз ай өтті. Анасы босанғалы жатыр… Әкесі ұлды қалағандықтан онша қуанбады. Бірақ анасы босанғанда УДЗ қате нәтиже беріп, ұл екені белгілі болды. Ата-ананың қуанышында шек болмады. Анасы ауруханадан шыққан бойда үйіне асықты. Үйіне келісімен қыздарына:
– Сендердің інілерін туылды! – деп беттерінен сүйе бастады.
Арада талай уақыт өтті, жылдар, айлар өтті.
Кішкентай балалары да есейіп, ұлы Альфир он беске толды. Екі қызы тұрмысқа шығып, біреуі қалаға жұмысқа тұрды. Әкесі тым болмаса уақытша жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүр. Осы кезде анасы баласына:
– Альфир балам, сен міне он беске келіп қалдың. Бізді бағып-қағатын сенсің. Сурет салуды доғар. Оқуыңа көңіл бөл. Жақсы оқы, жұмысқа кіріс, – деп ақыл айта бастады. Альфир бұл сөздерді жүрегіне жақын қабылдады. Өйткені, – анамның үмітін ақтай алмаймын, – деп жиі ойлайтын. Бірақ бағасы төмен болса да, бәрін білетін және бос уақытын тек сурет салумен өткізетін. Күндіз-түні анасының айтқанын ойлап отыратын. Бір кезде ол айнаға қарап:
– Әй, Альфир, сен не істеп жатырсың? Анашың айтқандай жасайсың ба, әлде қалағаныңша сурет сала бересің бе? – деп өзіне сұрақ қоя берді. Альфир ойланып, қалыпты жұмысқа тұру үшін қолындағы суретке арналған барлық қаламдарын лақтырып жіберді. Ол тіпті қыруар қаржы бөлінетін жұмысқа тұруға да бет бұрады. Бірақ жас бала бәрібір сүйікті ісін тастай алмады, оның жалғыз арманы суретші болу еді. Ата-анасының қуанғанын көрген Альфир:
– Мен бұл іске қайтып оралмаймын, жұмысыма, сабағыма көңіл бөлемін, – деп өз-өзіне уәде берді. Қаншама күндер өтті. Альфир әлі күнге дейін ақша табудың жолын іздеп жүр, ол енді әлгі көңілді бала емес, тіпті жұмыс істеуге де құлшынысы жоқ. Жұмыстан қатты шаршап, үйіне келіп бірден ұйықтап кететін.
Бір күні ол ұйықтап жатырғанда көзіне бір адам көрінеді. Сол түні бейтаныс адам Альфирге сиқырлы қалам сыйлады. Альфир шошып оянған кезде:
– Түсім бе, әлде, өңім бе? – дегенде түсіндегі сиқырлы қалам үстел үстінде тұр екен. Оның есеңгіреп қалғаны сонша, не істерін білмей қалды. Қаламды тексеріп көру үшін сурет салатын компьютерін қосып, қаламын қолға алды.
Түрлі суреттер сала бастады. Мысалы, мультфильм кейіпкерлерін салды. Бір күні оған досы хабарласты:
– Альфир, сен теледидар қарамайсың ба? Әр минут сайын кейіпкерлер шығып, мультфильмдер көрсетіліп жатыр, – деп сұрай бастады. Яғни, мультфильмдерге байланысты сурет салса, сол сурет теледидардан көрсетіледі екен. Сонымен қатар, Альфир не істесе де, сол нәрсе бірден пайда болады. Ол кітап салған кезде, кітап пайда болды. Әкесі мұны көріп:
– Балам, қандай жақсы болды! Енді бай боламыз, көлік, үй салып көрші, – деп қуанып қалды. Сол кезде Альфир:
– Жоқ, мен олай істей алмаймын», – деді әкесіне. Әкесі қатты ашуланып, баласына өмірінде естімеген сөздерді айтты. Сәлден соң анасы баласына келіп:
– Балам, мүмкін ойланып көрерсің. Біздің тұрмысымызды білесің, былай айтқанда тақыр кедейміз, – деп баласына жалынған көрінеді. Бірақ та, Альфир алған бетінен таймады, – жоқ, – деп жауап қайтара берді. Альфир достарымен бірге жұмыс істеген кезде аспаннан үлкен ұшақ көретін. Бірақ бұл ұшақ емес, ұшатын көлік болып шықты. Альфирдің бір жақтыртпайтын танысы бар. Ол керісінше бай, ештеңе білмегенімен сабағы тек бес. Оның есімі – Аббас. Аббас Альфир секілді сурет салады. Ең қызығы оған да дәл осындай сиқырлы қалам берген екен. Бірақ, ол керісінше қалам арқылы арманын орындаған. Яғни, өзіне көлік, соңғы үлгідегі ұялы телефон алған деседі. Альфир Аббастың көлігін көріп:
– О, Аббас, қалай бұл көлікті алдың? – деп сұрақ қояды.
– Сен мұны түсінбейсің. Мүмкін кедей болғандықтан болар, – деп күлді. Альфир ашуланып:
– Жақсы, мен кеттім, – деді достарына. Альфир бірден үйге келіп, компьютерді қосып, сөйлейтін жануарлардың суретін сала бастады. Ол жануарлардың тілін түсіну үшін бәрін жасады. Жасағаны орындалғанын көру үшін үйіндегі мысығына келді. Сол кезде мысығы:
– Мен қатты қуаныштымын, енді мені түсінетін адам бар! – деп мияулады.
– Ал мысығым маған айтатыныңды айт, – деді. Мысығы осындай керемет сәтті пайдаланып сөйлеп-сөйлеп алды.
– Маған тамақтың суретін салып берші, қатты ашпын, – деді. Альфирдің көңіл-күйі лезде түсіп кетті. Мысықтың өлгенін қаламады. Сол себептен толтырып тамақтың суретін салды. Кенет оның қасынан бірден тамақ пайда болды. Оның басқа арманы жоқ десе де болады. Альфирді мысықпен сөйлесіп жатқанын көрген әпкесі:
– Жындысың ба!? Адамның мысықпен сөйлескенін бірінші рет көріп тұрмын, – деп күліп кетіп қалды. Альфир күн сайын жақсылық жасағанды ​​ұнатады. Ол сурет салғанда жетім балалардың қасына ата-аналарын салып, көп отбасыға жақсылық ойлап жүретін. Салған суретінің арқасында жетім балалардың барлығын жаңа отбасы асырап алатын еді. Дәл осылай жақсылық жасауды жалғастыра берді.
Осылай бірнеші күндер өтті…
Қазір қыс мезгілі. Жер тайғақ. Автобустар, көліктер көп болғанымен олардың көбі апатқа ұшырайды. Міне, тағы бір жол апаты. Қаншама адам жараланып, дәрігерлер емдей алмай жүр, Зере де дәрігерлердің арасында болды. Оған осы кезде інісі есіне түсті. Үйіне жүгіріп барып:
– Альфир, емделген адамдардың суретін салшы, маған көмектес! – деп көмек сұрады. Альфир былай деді:
– Әрине, көмектесемін. Бірақ, сен қашаннан бері адамдарды өзіннен бірінші орынға қоятын болғансың?! – деді. Зере ашуланып:
– Қазір әзілдеп отыратын жағдай емес. Мен үлгере алмай жатырмын. Мені жұмыстан шығарады әйтпесе. Тез болшы! – деп, кері емханасына қарай жүргіріп кетіп қалады.
– Бәсе, өзіңді ойлағасын келген екенсін ғой. Мен сен үшін емес, тек сырқат науқастарға ғана сурет саламын, – деп, жұмысын бастап кетті. Әпкесі жұмысқа келгенде, барлығының жақсы екенін көріп таң қалды. «Інім мен ойлағаннан да тез бітірді», деп Зере іштей сөйледі. Альфир адамдарға көмектесіп, жұмысын істеді. Оның әрбір салған кейіпкерін теледидардан көрсетіп, миллиондаған адамдардың сүйіспеншілігіне бөленді. Сонымен қатар, оның кейіпкерлерін салу үшін көбі Альфирге ақша төлейді. Бірақ, ол ақшаны өзіне жұмсамай, отбасына беруге дайын еді. Альфир үйіне келген кезде мүлдем жыламайтын әкесі жылап жібергенін көріп:
– Әке, сізге не болды, мен Аббас сияқты баюға тырыспаған соң ба? – деп мұңайып сұрайды.
– Иә, бірақ әкемнің қайтыс болғанына қынжыламын. Ол сені көруді қатты қалады. Әрине, ол сені қыз деп ойлап, есіміңді Альфия деп қойғысы келді. Сол себепті әкемнің құрметіне Альфия деген есімді Альфир деп өзгерттім.
– Әке маған атамның суретін беріңізші, – деп сұрады Альфир әкесінен. Осы кезде әкесі бөлмесіндегі сөрелерді ақтарып, ұлына әкесінің суретін әкеп берді.
Альфир сиқырлы қаламын алып, атасының портретін сала бастады. Оның жалғыз ойы атасын қайтару
болды. Оған бес сағаттай уақыт кетті. «Ең бастысы уақыт текке кетпесінші» деп қалады. Кенет әкесінің қасынан атасы пайда болды. Әкесінің көзіне жас толып кетті. Қуанышын қалай жеткізерін білмеді. Осы кезде анасы келіп:
– Бәрі жақсы ма, әке? – деп сұрады.
– Әрине, бәрі дұрыс. Бірақ сен жүкті едің ғой!? Немерем қайда?
Үйдегілердің бәрі:
– Ата бұл ұзақ әңгіме – деп күліп жіберді.
– Айтпақшы, ата, бұл сіздің немереңіз Альфир – деді немересі Хадиша.
– Қой қайдағыны айтпа, қалай ол бір күнде өсіп кетеді, әлі туылмаған бала ғой. Әсіресе қыз. Анасы барлығын айтқысы келген кезде, Альфир:
– Ата қартайған соң ұмытып кеткен шығарсыз. УДЗ қыз деп қателесті. Уақыт тез зымырап өтіп жатыр, міне менде есейіп кеттім, – деп, күлімсіреді.
– Кәне, құлыным бері келші, – деп ата немересінің маңдайынан сүйді.
Солай олар бақытты өмір сүре бастады.
Осылай талай күндер өтті. Ал Альфир болса бұл қалам арқылы ақша табудың жолын әлі күнге шейін іздеп жүр. Соңында ол анимация жасап, суреттерін көрмеге сатуға шешім қабылдады. Тым болмаса, осылай ақша табамын деп ойлады. Ісіне кірісіп кетті. Альфир бұл қаламды байлық үшін құртқан жоқ. Ол тек тынымсыз еңбек етіп, жұмысын атқарды. Яғни, «адал еңбек абыройға бөлейді» деген ұғыммен жүретін. Аббас болса, ең бай адамдардан кем емес, тамаша өмір сүреді. Оның үйі – зәулім қонақүй секілді. Аббастың тек анасы, қарындасы бар еді. Екеуіне жағдай жасап берген деседі. Қарындасының ойыншықтары көп, ал анасының үй жинайтын көмекшілері бар. Неткен керемет өмір еді десеңші!
«Gadjaib El» телестудиясының басшысы келесі жаңалықтарды хабарлайды:
– «Біздің телестудияға сиқырлы қалам алған 2 адам ғана келіп, өнерлерін көрсетуі керек, ең жақсы туындыға бір миллион қаражат береміз», – деп хабарлады. Бұл жаңалық барлық теледидардан көрсетілді. Мұны естіген Аббас:
– Мен әрқашан жеңдім, бұл жарыста да жеңемін – деді ол. Альфир де естіп, күмәнмен айтты:
– Мен бағымды сынап көрейін. Ұтсам да, ұтылсам да ең бастысы менің қатысқаным – деді күлімсіреп. Міне жарыс басталмақшы. Бұл телестудияның басшысы:
– Екеуінің қайсысы «Ең керемет өмір» атты анимация жасаса, сол жеңетінін хабарлады. Аббас зәулім ғимарат салып, халықты байытып, аспаннан түсіп жатқан ақша салса, Альфир ең бақытты отбасыларды, көрікті табиғат, сонымен қатар ең бастысы адал еңбек ететін адамдарды салды. Мұны көрген басшы:
Менің ойымша, кімнің жеңгені белгілі болды, – деп айтып жатырған кезде:
Теледидардың арғы бетінде отырған көрермендер – «Аббас!» – деп айғайлап бастады.
– Ал, бір… екі…үш…… «Альфииир жеңді!» – деп хабарлады. Альфирге бір миллион қаражат бөлініп, «Үздік халық қорғаушысы», «Әйгілі суретші» атағы берілді. Барлығы оны үлгі тұтып, отбасы да мақтан тұтты. Осы мезетте екеуінің де қаламдары жоғалып кетті. Олар не болғанын түсінбеді. Ең қызығы, Аббастың жасаған сиқыры жойылып, Альфирдің жақсылыққа толы сиқыры қалды. Бірақ ең өкініштісі, қайтыс болған адамның сиқырмен де қайтып келмейтінін есіне алған Альфир бірден үйіне жүгіріп кетті. Үйіне келсе, атасы бірте-бірте жоғалып бара жатыр екен. Атасын құшақтап:
– Ата, кешіріңіз, мен сізбен бірге бола алмадым. Сіздің осындай болғаныңызға мен кінәлімін, – деп көзіне жас алды. Осы кезде атасы Альфирге қарап күлімдеді де:
– Құлыным, мен сені жақсы көремін! – осыны айтып, немересінің құшағында ғайып болды. Альфир бұл сиқырлы қаламына өкінсе де, атасымен аз ғана уақытқа кездескеніне дән риза.
Міне «Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді,
Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді», – деген осы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет