СӨЖ Тақырыбы: Ойшылдың ойына ой білдіру : Өз шаруаларыңды өзгемен ақылдасу үшін, алдымен оның өзінің шаруаларымен қалай айналысып жатқанын қара! (Сократ)
Өз шаруаларыңды өзгемен ақылдасу үшін, алдымен оның өзінің шаруаларымен қалай айналысып жатқанын қара! (Сократ)
Әрине бұл сөзді бір қайтара оқып ой түю қиынның қиыны, себебі ойшыл Сократтың не айтқысы келіп тұрғанын оны жанымен түсініп тәнімен ұққан адам ғана жетістікке жетері анық. Бұл сөздерден адам өзіне көп нәрсе алуға болады. Бірінші айтылған тақырыпты қоршаған ортаңнын идеясы деп айтсақ иә ақылдасу арқылы адамның жұмысы алға жылжуы сөзсіз. Ол туралы Бернард Шоу былай дейді:”Егер сізде бір идея, менде де бір идея болса, сосын оларды өзара алмастыратын болсақ, екеуімізде де екеуден идея болады”. Ақылдасу арқылы адамның танымдық жүйесі, ойлауы әрі ойлағанын толықтыруы мүмкін осы нәрселер арқылы белгіленген нәрсесін өзі ойлағаннан екі есі бәлкім одан да көп есеге артық әрі жоғарғы деңгейде істеуі мүмкін.Ақылдасу адамға осы үшін керек. Келесі айтылған ойды осындай сұрақпен бастасақ, кіммен ақылдасу керек ?, яғни бір істі ақылдасар алдында ол адамды толық тануың қажет. Сократ айтқандай “шаруаларымен қалай айналысып жатқанын қара” бір шаруа сұрамас бұрын оның сол шаруа да икемі немесе тәжірбиесі барма сөзі қаншалықты өтімді әрі рас екеніне мән беруіміз керек. Бұл мәселе де адам өз икеміне лайық даму жолындағы орта таңдағаны дұрыс, Абай айтқандай:«Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі — ақымақтық». Осы қағидалар адамды жетістікке жетуіне жол болып қалмақ. Адамның дұрыс орта таңдауы дұрыс ақылдасуы үшін қажет екені осылай түсінікті ал, дұрыс орта таңдау үшін адам баласы өзі дұрыс болуы керек деп ойлаймын оған бір мысал келтірсем: “ адам баласы ара емес бал сияқты болса білімді, ізденісте болса оны аралар сияқты адамдар іздеп орта қалыптасады, әлбетте өзіңіз біліміңіз жоғары болғаннан кейін келген адамыңыз да ортаңыз да сол дейгейде болуы заңдылық. Сөз сонын Сократ ойшылдың сөзімен аяқтасам тақырыпты толықтырып кетердей “Әлемді өзгертпес бұрын, өзіңді өзгерт”.