Сабақтың тақырыбы: Келіңдер, құстар. Қ. Ыдырысов. Заттың атын білдіретін сөздер. Сілтеме Оқулық
Дата 13.08.2017 өлшемі 76,31 Kb. #23399 түрі Сабақ
Қысқа мерзімді жоспар 01.03.2014ж Мұғалім: Бисенова У
Ана тілі
1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Келіңдер, құстар. Қ.Ыдырысов.
Заттың атын білдіретін сөздер.
Сілтеме
Оқулық
Мақсаты
Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін арттыру. Сөздік қорларын молайту. Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге машықтандыру. Құстар туралы әңгімелеу.
Нәтижесі
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады. Тақырып бойынша білім алады.Оқушылар алған білімдерін тиянақтауға,пысықтауға,өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді. Ұйымшылдыққа ,бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады.
Көрнекілі-гі
Интербелсенді тақта,оқулық,жұмыс дәптер,кластер,стикер.
Сабақтың барысы
Стикерлер арқылы топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Модуль
Кіріспе
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жақсы тілек тілеу.
Міне осылай, кең пейілділікпен жақсы тілек тілей отырып , сабағымызды бастаймыз.
Топқа бөлінеді. Назарларын сабаққа аударады.
Сыни тұрғыдан ойлау
АКТ
диалог-тік оқыту
оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
талантты және дарынды балаларды оқыту
оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Білу
Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар,үйге берілген тапсырманы тексеріп жіберейік. Үй тапсырмасына дайынбыз ба?
Өлеңді жаттап алдық па?
Үйге берілген тапсырманы орындайды.
Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.
Түсіну
Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Асық,қасық,ана,жер,доп,қой,бала,дәптер-лер,оймақ,Айгүл,те-ледидар,гүл,Мойнақ,шеше,сиыр,адамдар,әкелер,құда,құстар,жусан,домбыралар,Серік,тырма,шөптер;
Сұрақтар қою арқылы түсініктерін пысықтайды.
Сөздерді оқып,сұрақ қойдырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Сөздерге сұрақ қояды.
Қолдану
85-жаттығуды орындау.
Оқулықпен жұмыс.
Автор туралы мағұламат беру.
«Келіңдер, құстар» өлеңін мәнерлеп оқып , түсінгендерін баяндау.
Жаттығуларда берілген сөйлемдерден не? сұрағына жауап беретін сөздерді таптыру.
Автор туралы мағұламат береді.
«Келіңдер,құстар» өлеңін мәнерлеп оқып, түсінгендерін баяндату.
Жаттығуларда берілген сөйлемдерден не? сұрағына жауап беретін сөздерді табады. Дәптерге теріп жазады.
Автор туралы мағұламат алады.
«Келіңдер,құстар» өлеңін мәнерлеп оқып, түсінгендерін баяндайды.
Талдау
Топтық жұмыс.
1-топ,3-топ:«Көктем белгілері» сөзіне,2-топ,4-топ: «Жыл құстары» сөзіне кластер жасату.
1-топ,3-топ:«Көктем белгілері» сөзіне,2-топ,4-топ: «Жыл құстары» сөзіне кластер жасатады.
1-топ,3-топ:«Көктем белгілері» сөзіне,2-топ,4-топ: «Жыл құстары» сөзіне кластер жасайды.
Жинақтау
Не? Сұрағына қандай сөздер жауап береді?
Кім? Сұрағына қандай сұрақтар жауап береді?
Жыл құстары туралы не білеміз?
Сұрақтарға жауап алады.
Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау
Топтық бағалау.
Сабақ туралы өз ойын стикерге жазу.Рефлекция.
Үйге тапсырма беру.
Топ бірін –бірі бағалайды. Мұғалім бағалайды.
Үйге тапсырма береді.
Топ бір-бірін бағалайды.
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
Қысқа мерзімді жоспар 01.03.2014ж мұғалімі: Бисенова У
Дүниетану
1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Аңдардың көктемгі тіршілігі. Құралай желі. Көктем қарбаласы. Малды көктемде бағып күту.
Сілтеме
Интернеттен алынған мәліметтер
Мақсаты
Аңдардың көктемгі тіршілігімен таныстыру. Малды көктемде бағып-қағу туралы білім беру.
Нәтижесі
Жануарлар тіршілігі туралы түсінік – ұғымдарын кеңейтеді ,толықтырады. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы оянады.
Көрнекілігі
Интербелсенді тақта,оқулық,жұмыс дәптер,қима қағаз,постер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құру. Бір-біріне жақсы тілектер айту.Оқушыларды топқа бөлу.
Жаңа сабақ кезеңдері
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Модуль
Кіріспе
Амандасу,оқу-шылардың бар назарын сабаққа бағыттау ,топқа бөлу.
Назарларын сабаққа аударады. Топқа бөлінеді.
Сыни тұрғыдан ойлау.
АКТ
Диалогтік оқыту.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағала.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Білу
Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар,үйге берілген тапсырманы тексеріп жіберейік. Үй тапсырмасына дайынбыз ба?
Үйге берілген тапсырманы орындайды.
Түсіну
Аңдар көктемде қалай тіршілік етеді деп ойлайсыңдар?
Малды көктемде қалай бағып-қағуға болады?
Тақырыппен таныспас бұрын берілген сұрақтарға өз ойларымен жауап алады.
Тақырыппен таныспас бұрын берілген сұрақтарға өз ойларымен жауап береді.
Қолдану
Оқулықпен
жұмыс:
Мәтінмен танысу.
Оқулықтан тақырыптарды өз беттерінше оқиды.
Сергіту сәтін өткізу
Талдау
1-топ:
Көктемгі қарбалас
2-топ:
Құралай желі
3-топ:
Көктемгі аңдардың тіршілігі
4-топ:
Көктемде малды
күту
Топ бойынша берілген тақырыпқа кластер жасатады.
Топ бойынша берілген тақырыпқа кластер жасайды.
Жинақтау
Көктем белгісі неден көрінеді?
Құралай желі дегенді қалай түсіндіңдер?
Көктемде малды қалай күтеміз екен?
Сұрақ –жауап арқылы оқушылардың ой-пікірін талдау.
Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау
Бағалау парағын топ басшысына бағалату. Стикер толтыру.
Үй тапсырмасын беру.
Топ мүшелерінің қойған бағаларымен салыстыра отырып бағалайды.
Топ басшы бағалау парағындағы топ мүшелерінің бағасын оқиды. Рефлекция.
Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
Достарыңызбен бөлісу: