Негізгі қарастырылатын мәселелер



Дата23.09.2022
өлшемі196 Kb.
#150452
Байланысты:
АТУ Дәріс

Негізгі қарастырылатын мәселелер:

  • ҚР стандарттаудың құқықтың негізі
  • Техникалық реттеудiң нeгiзгі мақсаттары
  • Стандарттау мақсаты
  • Стандарттау бойынша нормативті-құқықтық құжаттар
  • Стандарт түрлері
  • Стандарттарды жасау реті
  • стандарттау жүйесінің ұйымдастыру құрылымы

ҚР стандарттаудың құқықтың негізі

  • 1993 ж. «Сертификаттау және стандарттау туралы» ҚР заңында бекітілді
  • 1998 жылы«Стандарттау және серификаттау туралы заң» Қазақстанның өркендеуіне және нарықтық-реформаның жүруіне байланысты қайта қаралып, ҚР «Стандарттау туралы» жаңа заң қабылданды
  • 2003жылы 10 маусымда өзгертіліп толықтырылды.
  • 2004 жылдың 9 қарашасында бекітілген ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен Қазақстанда стандарттаудың құқұқтық негізі тағайындалған.
  • Заңның ережелерін мемлекеттік басқару органдары, меншігіне қарамастын шаруашылық іс-әрекет субъектілері және қоғамдық ұйымдар орындауға міндетті.

Техникалық реттеудiң нeгiзгі мақсаттары

  • 1) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, соның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
  • 2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
  • 3) өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу;
  • 4) саудадағы техникалық кедергiлердi жою;
  • 5) өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру.

Стандарттау бойынша нормативті-құқықтық құжаттар

  • Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжат - стандарттау жөнiндегi қызметтiң әр түрiне немесе оның нәтижелерiне қатысты нормаларды, ережелердi, сипаттамаларды, принциптердi белгiлейтiн құжат
  • Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiшi техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерiнiң жiктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын бiлдiретiн құжат

Стандарттау бойынша нормативті-құқықтық құжаттар

  • Техникалық регламент (Р) – бұл орындалуға міндетті ережеден тұратын құжат
  • Стандарт - уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен бекiтiлген, көп мәрте және ерiктi пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне ережелердi, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат

НҚ талаптарының сипаттамалары

  • НҚ талаптарының сипаттамалары: заңнамаға (техникалық регламентке) сәйкес орындалуға міндетті талаптар, альтернативтік талаптар мен ережелер.
  • Шетел тәжірибесінде стандарт талаптары жалпы заңмен міндетті орындалуға талап етіледі, немесе, егер ол стандартқа техникалық регламентте немесе Директивада сілтеме болса.

Стандарттарды жасау реті

  • Техникалық комитеттің жұмысы стандартты жасауға өтінім алудан басталады.
  • Мемлекеттік органдар мен ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-техникалық қоғамдар, кәсіпорындар, фирмалар, кәсіпкерлер өздерінің тіркелген стандарттау объектілеріне сәйкес ТК өтінімдерін береді.
  • Өтінімде нормативтік құжатты жасау қажеттілігінің негіздемесі болуы тиіс, немесе бұрын жасалған стандарт жобасында қоса беруге болады.
  • Өтінімдер негізінде ҚР Мемстандарты Қазақстанның стандарттау бойынша мемлекеттік жылдық жоспарын құрады.

Стандарт жасау жұмыстары 6 кезеңнен тұрады

  • 1) стандартты жасау жұмыстарын ұйымдастыру және техникалық тапсырма құру(жасаушы ұйым немесе ТК);
  • 2) стандарт жобасын жасау және оны пікірге жіберу;
  • 3) пікірлерді талдау және соңғы нұсқасын жасау;
  • 4) стандартты дайындау, ұсыну және бекітуге ҚР Мемстандартына жіберу;
  • 5) Қарастыру, бекіту және тіркеу, Мемстандартта қарастырылады, бекітіледі және тіркеледі;
  • 6) Стандартты басып шығару.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ҚР техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы.

  • ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ҚР техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы.
  • Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң техникалық реттеу саласындағы НҚА белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.

Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы)

  • 1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгi үшін;
  • 2) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн;
  • 3) Заңда көзделген мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн ҚР заңдарына сәйкес жауапты болады.

ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдастыру құрылымы

  • 1) Территориялық бөлімдер мен ведомствалық ұйымдарда стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша өкілеттік ұйымы;
  • 2) Стандарттау саласындағы олардың құзыреттілігі шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару ұйымы;
  • 3) Стандарттау бойынша сарапшы-аудиторлар, техникалық комитеттер, жеке және заңды тұлғалар;
  • 4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қоры.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет