Сабақ Сабақтың тақырыбы: «ҚР медициналық құқығы негізі.»



Дата26.05.2020
өлшемі19,32 Kb.
#71243
түріСабақ
Байланысты:
№17 2фА құқық негіздері 23.05 Есентаева А.С.



«Құқық негіздері» 4 семестр 36 сағат

17 теориялық сабақ



Сабақтың тақырыбы: «ҚР медициналық құқығы негізі.»

Сабақтың сұрақтары:
- ҚР тұрғындарының денсаулығын қорғау аясындағы қатынастарды реттеу, сонымен қатар ҚР нормативтік құқықтық актілері және ҚР субьектілері, тұрғындардың денсаулығын қорғау аясындағы отандық заңнамаларды жетілдіру және реттеу бойынша ұйымдар мен басқа мемлекеттік қызметтерді реттейтін құқықтық нормалар.

- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі перспективалары.



Денсаулық сақтауға құқықтық негіздің заңдық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабымен және Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 87-бабымен бекітілген  Республика азаматтары денсаулықты сақтауға ғана емес, сондай-ақ заңмен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға да құқылы. Оның үстіне мамандардың нақ білікті көмегін алуға құқылы, олар үшін медициналық стандарттарды, медициналық әдеп пен деонтология өсиеттерін сақтау кәсіптік борыш және ар-ұждан ісі болып табылады. Медициналық қызметкердің кәсіптік қызметі – бұл оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Ең маңызды міндеті – өзінің кәсіптік функцияларын тиісті дәрежеде орындау.  Пациентке медициналық көмек көрсету үдерісінде дәрігер өзіне өз іс-әрекеттерінің салдарлары мен сапасы үшін моральдық, сондай-ақ заңдық жауапкершілік алады. Соңғыларды орындамау немесе жеткілікті дұрыс немесе тиісті дәрежесінде орындамау кәсіптік бұзушылықтарға әкелуі мүмкін. Жол берілген бұзушылықтар үшін медициналық қызметкер тәртіптіктен бастап қылмыстыққа дейінгі заңдық жауапкершіліктің алуан түрлеріне тартылады. Заңдық жауапкершілік – бұл жеке және/немесе мүліктік сипаттағы белгілі бір шектеулерге байланысты міндет. Жауапкершілікке тарту үшін кейбір жағдайларда тек міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамауды анықтау ғана жеткіліксіз болады. Бұдан кейін басталатын салдарлары – олардың сипаты мен ауырлығы да маңызды рөл атқаруы мүмкін. 2015 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жаңа заң актілері – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекс (бұдан әрі – ҚР ҚК) мен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘҚБК) күшіне енді, олардың шеңберінде медициналық құқық бұзушылықтар жасағандығы үшін жауапкершілік көзделген. Медициналық құқық бұзушылық – бұл медициналық қызметкердің кәсіптік міндеттерін орындамауы  немесе тиісінше орындамауы жағдайында пациенттің денсаулығына залал келтіруге әкелетін немесе әкелуі мүмкін мінез-құлық (белсенді немесе енжар). Медициналық құқық бұзушылықтар жасағандығы үшін дәрігерлер ғана жаупкершілікке тартылмайды. Денсаулық туралы Кодекстің 1-бап, 1-тармағының 67) тармақшасына сәйкес «медицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар». Медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі. Сондықтан кәсіптік медициналық дайындық деңгейі де, дәрігерлік мамандық та заңдық жауапкершілікке тартуға әсер етпейді. Осылайша, дәрігерлермен қатар,  фельдшерлер, медициналық бикелер, акушерлер де жауапкершілік субъектілері болуы мүмкін. Алайда қылмыстық жауапкершілікке тек нақты тұлғаны тартуға болатын болса, онда әкімшілік жауапкершілік заңды тұлғаға да жүктелуі мүмкін. Медициналық ғылымның айтарлықтай прогресіне қарамастан, барлық жағдайларда пациенттің жазылып кетуі туралы шексіз кепілдік берілуі мүмкін бола қоймайды. Дәрігерлік және өзге де медициналық қызмет әрқашанда белгілі бір тәуекелмен қатарлас болады. Медициналық практика белгілі бір жағдайларда пациенттің –  денсаулығына немесе өміріне зиян келтірілумен қатар жүруі мүмкін. Мұндай іс-әрекеттердің себебі медициналық персоналдың заңды, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттері де болуы мүмкін. Заңсыз іс-әрекеттер жағдайларында кінәлі тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе туындайды. Медициналық құқық бұзушылықтың әкімшілік немесе қылмыстық әрекеттер тобына қатыстылығы жасалған іс-әрекеттердің қауіптілік дәрежесімен, салдарларының болуымен немесе жоқтығымен анықталады. ҚР ӘҚБК-мен мынадай медициналық құқық бұзушылықтар көзделген: 80-бап. Медициналық көмек көрсету тәртiбiн, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету. 81-бап. Медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы. 82-бап. Медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дәрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын және рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы 424-бап. Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет. 425-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу. 426-бап. Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының қағидаларын бұзу. 428-бап. Денсаулық сақтау саласындағы анық емес жарнама. 432-бап. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпарат беру. 433-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті органдарға хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы.

Үй тапсырмасы. «ҚР медициналық құқығы негізі.»



«Құқық негіздері» оқулығы. Ибраева А.С. 2009ж. 111-119б .Дәрісті оқу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет