Нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.«Отбасы педагогикасы»



бет1/41
Дата26.12.2022
өлшемі128,86 Kb.
#164499
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Отбасы
1 дәріс контенты

1 Отбасы педагогикасының пәні, міндеттері.
Отбасы педагогикасы – бұл отбасындағы бала тәрбиесі, оның ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін зерттеуге, бала тұлғасын қалыптастыру туралы ата-аналарға ғылыми негізделген нұсқаулар дайындауға бағытталған ғылым.« Отбасы педагогикасы» ғылымының курс мазмұны :
-отбасы педагогикасы ғылым ретінде;
-отбасы педагогикасының қалыптасуы мен дамуы;
-отбасы әлеуметтендіру және тәрбиелеу субъектісі ретінде;
-отбасының құқықтық -нормативтік базасы;
-отбасы тәрбиесінің психологиялық -педагогикалық негіздері;
-отбасы тәрбиесінің мазмұны;
-отбасында әртүрлі жастағы балаларды тәрбиелеу мәселесі;
-отбасында бала тәрбиелеу әдістері
-отбасын зерттеу әдістері;
-шетелдердің бала тәрбиелеу тәжірибелері.Отбасы педагогикасының нысаны мен пәні. Отбасы педагогикасының нысаны – тәрбиелеу институты ретінде отбасының қазіргі жағдайы мен негізгі даму тенденциялары. Отбасы педагогикасының пәні – отбасында баланы тәрбиелеудің мәні мен механизмдері, оның тұлға дамуына әсері. Отбасы педагогикасы қалай өмір сүру керектігі, қалай бала тәрбиелеу керектігі туралы дайын рецептер бермейді, тек қандай жағдайларда бала тәрбиесі оң нәтиже беруі, ал қандай жағдайда өкінішке алып келу мүмкіндігі туралы мәселелерді зерттейді.Отбасы педагогикасының негізгі міндеттері:
- болашақ педагогтарды отбасы және неке институтының пайда болу тарихымен, отбасы жүйесінің қызмет ету заңдарымен таныстыру;
- болашақ педагогтарда отбасын әлеуметтік топ ретінде ғана емес, сонымен бірге өзіндік тұлғалық және кәсіби жағынан қалыптасуы туралы біртұтас көзқарас тудыру;
- оларды отбасы тәрбиесінің психологиялық -педагогикалық негіздерімен таныстыру;
- отбасының құқықтық -нормативтік базасымен таныстыру;
- әртүрлі отбасы типтерімен жұмыс жасаудың негізгі әдіснамалық принциптерін түсіндіру және отбасымен өзара әрекет жасаудың негізгі әдістерімен таныстыру;
- отбасы тәрбиесінің мәні мен маңызы туралы тұрақты көз қарасын қалыптастыру;
- студенттерді ата-аналар мен педагогтардың арасында серіктестік қарым- қатынас орнатуға қатысты білім, біліктермен қаруландыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет