НҰСҚаулық Ақтау қаласы 2016 жыл


-тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ



бет6/7
Дата07.07.2018
өлшемі274,95 Kb.
#48286
1   2   3   4   5   6   7

2-тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ

      8-бап. Мекеме

      1. Құрылтайшысы басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.
      Мекеменiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiкке құқығы азаматтық  заңдарға сәйкес айқындалады.
      2. Меншiк нысанына байланысты мекемелер мемлекеттiк және жеке меншiк мекемелер болып бөлiнедi.
      3. Мекемелердiң жекелеген түрлерiнiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен реттеледi.

      9-бап. Мемлекеттiк мекеме

      Ескерту. 9-бап алып тасталды - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      10-бап. Жеке меншiк мекеме

      1. Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн жеке және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттiк құрылымның бөлiгi болып табылмайтын ұйым жеке меншiк мекеме деп танылады.
      2. Жеке меншiк мекеменiң мүлкi оған оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiледi.
      3. Жеке меншiк мекеме өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Ақшасы жеткiлiксiз болған жағдайда мемлекеттiк емес мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

      11-бап. Қоғамдық бiрлестiк

      1. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе қоғамдық бiрлестiк болып табылады.
      2. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) сол бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Өздерi мүшелерi (қатысушылары) ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша олар жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      3. Қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi "Қоғамдық бiрлестiктер туралы"  Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      12-бап. Қор

      1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.

      2. Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешiмiмен тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органы - қордың атқарушы органы тағайындайтын қамқоршылық кеңесi құрылады, ол қор қызметiнiң оның жарғылық мақсаттарына сай келуiне бақылау жасайды, сондай-ақ қордың жарғысында бекiтiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


      Жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар қордың қамқоршылық кеңесiнiң көпшiлiк мүшесi, сондай-ақ осы қордың штаттағы қызметкерлерi бола алмайды.

      3. Қордың атқарушы органы қордың жоғары басқару органының және тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органының (қамқоршылық кеңестiң) шешiмдерi негiзiнде және оларды орындау мақсатында жұмыс iстейдi және соларға есеп бередi.


      Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерi қордың құрылтай құжаттарын, осы заңды және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiн бұза отырып өздерi қабылдаған шешiмдерiнiң салдарынан келтiрiлген шығынның орнын бiрлесе толтыруға мiндеттi. Мұндай шешiм қабылданған кезде қарсы дауыс берген, қалыс қалған немесе отырысқа қатыспаған адамдар шығынның орнын толтыру мiндетiнен босатылады.

      4. Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтерi болуға тиiс. Бiр адамның екi қызметтi қатар iстеуiне болмайды. Басшы құрылтай құжаттарының, қорды басқару органының шешiмдерi негiзiнде қордың атынан мәмiлелер жасауға құқылы. Қордың жарғысында өз бетiнше әрекет етiп, мәмiлелер жасай алатын басқа уәкiлеттi адамдардың қызмет аясы белгiленуi мүмкiн. Қор басшысының сотта, мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда қордың атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етуге құқығы бар.

      5. Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.
      Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқығы жоқ және оларды мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жарғыда белгiленген тәртiппен құрылтайшылардың жалпы жиналысы қордан шығаруы мүмкiн.

      6. Қор жарғыда белгiленген мерзiмде қаржы қызметiн тексерудi жүзеге асыруға мiндеттi. Тексерудi тексерушi немесе аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Тексерушiнi сайлау тәртiбi жарғыда белгiленедi; аудиторлық ұйымдар заңдарда белгiленген тәртiппен тартылады.

      7. Қор өз мүлкін пайдалануы туралы есептерді жыл сайын интернет-ресурстарда орналастыруға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.05.05 N 139; 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Қордың түрлерi

      1. Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтiк, қоғамдық, мемлекеттiк қорлар құрылуы мүмкiн.
      Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм қорлары және өзге де қорлар құрылуы мүмкiн.

      2. Бiр жеке адамның немесе жеке адамдардың - бiр отбасы мүшелерiнiң өзiнiң (өздерiнiң) жеке қаражаттары есебiнен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәландырылған өсиетi бойынша да құрылуы мүмкiн.


      Жеке қордың мүлкi жеке тұлғадан (құрылтайшыдан) немесе жеке тұлғалардан - бiр отбасы мүшелерiнен (құрылтайшылардан) бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, өсиет бойынша түскен мүлiктен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және жеке қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.
      Жеке меншік қор құрылтайшысының (құрылтайшыларының) құқықтары, егер ол құрылтай құжаттарында көзделген жағдайда, мұраның құрамына кіргізілуі мүмкін.

      3. Бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебiнен құрған қоры корпоративтiк қор деп танылады.


      Корпоративтiк қордың мүлкi бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалардан - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардан (құрылтайшылардан) бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және корпоративтiк қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.

      4. Бiр отбасының мүшелерi болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың - қоғамдық бiрлестiктердiң құрған қоры қоғамдық қор деп танылады.


      Қоғамдық қордың мүлкi заңды тұлғалардан - қоғамдық бiрлестiктер мен жеке тұлғалардан бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және қоғамдық қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.
      Қоғамдық қордың мүлкi бiр отбасы мүшелерiнен - аталған қордың бiрден бiр қатысушыларынан түсетiн түсiмдер есебiнен құрала алмайды.

      5. Мемлекеттiк органдардың шешiмiмен құрылған, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы берiлген; қордың мақсаттары мен мiндеттерiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын қор мемлекеттiк қор деп танылады.


      Мемлекеттiк қордың мүлкi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң қаражаты есебiнен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген және мемлекеттiк қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.

      6. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мiндеттi төлемдер есебiнен құрылған қорлардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты туындайтын қатынастар осы Заңмен реттелетiн мәселелер болып табылмайды.


      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Тұтыну кооперативi

      1. Мүшелiк негiзде қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.
      Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар да кiре алады.

      2. Алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 373-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Тұтыну кооперативтерiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша жарнасының енгiзiлмеген бөлiгi шегiнде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.

      4. Тұтыну кооперативi алған кiрiстердi оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

      5. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жинақталып қалған шығынды жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен кейiн үш ай iшiнде қосымша жарналар арқылы жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн.

      6. Тұтыну кооперативтерін құқықтық реттеу ерекшеліктері арнаулы заңнамалық актілерде реттеледі.


      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 373-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      15-бап. Дiни бiрлестiк

      1. Рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен бiрiккен азаматтардың ерiктi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады.

      2. Дiни бiрлестiк қатысушыларының (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

      3. Дiни бiрлестiктiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заңмен реттеледi.

      16-бап. Коммерциялық емес акционерлiк қоғам

      1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлiк қоғам деп танылады.

      2. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

      3. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қол қоюы арқылы жасалады.

      4. Коммерциялық емес ұйым ретiнде құрылған қоғамның коммерциялық ұйым болып қайта құрыла алмайтыны сияқты коммерциялық ұйым ретiнде құрылған қоғам да коммерциялық емес ұйым болып қайта құрыла алмайды.


      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi талаптар:
      1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор биржаларының қайта құрылу;
      2) коммерциялық акционерлік қоғамдардың «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес дербес кластерлік қор болып қайта құрылуы;
      3) Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес құрылған кредиттік бюролардың қайта құрылуы;
      4) мемлекет қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып қайта құрылуы жағдайларына қолданылмайды.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.21 № 309, 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      17-бап. Коммерциялық емес ұйымның өзге де


               ұйымдық-құқықтық нысаны

      1. Коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.


      2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсiби аудиторлық ұйымдар, пәтерлердің меншiк иелерi кооперативтерi және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
      3. Өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заң актiлерiмен реттеледi.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.05.05 № 139, 2003.07.09 № 482, 2010.04.02 № 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      18-бап. Дара кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды


               тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанында бірігуі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Дара кәсiпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру және қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.

      2. Коммерциялық емес ұйымдар осы ұйымдардың қауымдастықтарына (одақтарына) ерiктi түрде бiрiге алады.

      3. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өзiнiң дербестiгiн және заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады.

      4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде және тәртiппен субсидиарлық жауаптылықта болады.

      5. Қауымдастық (одақ) мүшелерi, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталған соң өзiнiң қалауы бойынша қауымдастықтан (одақтан) шығуға құқылы. Бұл жағдайда қауымдастық (одақ) мүшесi өзi қауымдастықтан шыққанға дейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша шыққан кезiнен бастап екi жыл бойына оның өзiнiң жарнасына бара-бар субсидиарлық жауаптылықта болады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қауымдастықтың (одақтың) мүшесi қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң шешiмi бойынша одан шығарылуы мүмкiн. Қауымдастықтың (одақтың) шығарылған мүшесiнiң жауапкершiлiгiне қатысты қауымдастықтан (одақтан) шығуға қатысты қағидалар қолданылады.

      6. Қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң келiсiмiмен оған қауымдастықтың жаңа мүшесi кiре алады. Қауымдастыққа (одаққа) жаңа мүшенiң кiруi қауымдастықтың (одақтың) ол кiргенге дейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша оның субсидиарлық жауаптылықта байланыстырылуы мүмкiн.

      7. Қауымдастықтың (одақтың) атауында "қауымдастық" немесе "одақ" деген сөздердi қоса отырып, осы қауымдастық (одақ) мүшелерi қызметiнiң негiзгi мәнiне көрсетпе болуға тиiс.
      8. Қауымдастық (одақ) қызметін «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым ретінде жүзеге асыра алады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 391-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДЫ ҚҰРУ,


ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

      19-бап. Коммерциялық емес ұйымды құру

      1. Коммерциялық емес ұйым, оны қалыптастыру арқылы, сондай-ақ бұрын бар коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылуы мүмкін.
      Дербес білім беру ұйымының ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрылуы мүмкін.
      Дербес кластерлік қор ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда акционерлік қоғам болып қайта құрылуы нәтижесінде құрыла алады.

      2. Коммерциялық емес ұйымды (қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қоспағанда), оны қалыптастыру арқылы құру құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады.


      Қоғамдық бiрлестiктер олардың жарғысы қабылданып, органдары қалыптастырылатын құрылтай жиналысын (съезін, конференциясын) шақырушы кемiнде он адамнан тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.
      Азаматтардың қоғамдық бірлестіктерді құру құқығы тікелей жеке тұлғаларды біріктіру жолымен де, саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер арқылы да іске асырылады.
      Жарғы қабылданатын және басшы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін (конференцияны, жиналысты) шақыратын жеке тұлғалар және (немесе), саяси партияларды қоспағанда, заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қоғамдық бірлестіктің құрылтайшылары болып табылады. Қоғамдық бірлестіктің құрылтайшылары – жеке және (немесе) заңды тұлғалар тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.
      Кәсіптік одақтар кәсіптік одақтың құрылтайшылары болып табылуы мүмкін.

      3. Заңды тұлға ретiнде коммерциялық емес ұйымның құқық қабiлеттiлiгi ол мемлекеттiк тiркелуден өткен кезден бастап туындайды.


      Коммерциялық емес ұйымның айналысуға лицензия алу қажет болатын қызмет саласындағы құқық қабiлеттiлiгi осындай лицензияны алған кезден бастап туындайды.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), ҚР 2011.10.11 № 484-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      20-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары


               (қатысушылары)

      Ескерту. 20-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай, егер осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары бола алады.

      2. Коммерциялық емес ұйымды, тұтыну кооперативiн, қауымдастықтарды (одақтарды) құру жағдайларын және коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, жеке тұлға құруы мүмкiн.

      3. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға коммерциялық емес ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21-бап. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары

      1. Коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттары:

      1) мекеме үшiн - меншiк иесi (меншiк иелерi) бекiткен ереже (жарғы) және меншiк иесiнiң (меншiк иелерiнiң) құру туралы шешiмi;

      2) қор, тұтыну кооперативi, коммерциялық емес акционерлiк қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар бiрлестiктерi үшiн - құрылтайшылар бекiткен жарғы және құрылтай шарты;

      3) қоғамдық бiрлестiк, дiни бiрлестiк үшiн - жарғы болып табылады.

      2. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық емес ұйымның өзiнiң, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындауы үшiн мiндеттi.

      3. Коммерциялық емес ұйымның бiрiнiң құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылықтар болған жағдайда:

      1) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;

      2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен қатынасы үшiн маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиiс.

      22-бап. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы

      1. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы:

      1) коммерциялық емес ұйымның атауын, соның iшiнде ұйымдық-құқықтық нысанын, қызметiнiң мәнi мен мақсатын;

      2) коммерциялық емес ұйымның орналасқан жерiн;

      3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртiбiн және құзыретiн;

      4) коммерциялық емес ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен мiндеттерiн;

      5) коммерциялық емес ұйымның мүшелiгiне (егер коммерциялық емес ұйымның мүшелiгi болған жағдайда) қабылдау және одан шығу шарты мен тәртiбiн;

      6) коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерiн;

      7) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiн;

      8) коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру және оның қызметiн тоқтату шартын;

      9) коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану тәртiбiн;

      10) филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi көздеуге тиiс.

      2. Коммерциялық емес ұйымның жарғысы Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн, өзге де ережелердi көздеуi мүмкiн.

      3. Егер коммерциялық емес ұйымды бiр тұлға құрған болса, онда оның жарғысында мүлiктердi құрау және кiрiстердi пайдалану тәртiбi де белгiленедi.

      4. Осы баптың 1-тармағы 4) және 5)-тармақшаларының ережелерi қорларға қолданылмайды. Қордың жарғысында осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа, қор органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау және оларды қызметiнен босату тәртiбi туралы, ол таратылған жағдайда қор мүлкiнiң тағдыры туралы нұсқау болуға тиiс.

      5. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа, кооператив мүшелерi пайларының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң пайларын енгiзу құрамы мен тәртiбi және пай енгiзу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғандығы үшiн олардың жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы, соның iшiнде шешiмдi бiрауыздан немесе басым көпшiлiк дауыспен қабылдау мәселелерi туралы; кооператив мүшелерiнiң оларға келтiрiлген шығынның орнын толтыру тәртiбi туралы шарттар болуға тиiс.

      6. Адвокаттар алқасының жарғысында мүшелiктi тоқтата тұру тәртiбi, заң консультацияларын құрудың және олардың қызметiнiң тәртiбi, мүлiктi құрайтын көздер және оларға билiк ету тәртiбi, мүшелiк жарналарды төлеу тәртiбi, адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбi және соттың, анықтау және алдын ала тергеу органдарының тағайындауы бойынша адвокаттар арасында заң көмегiн реттеп бөлу тәртiбi, адвокаттарды аттестациядан өткiзу тәртiбi, адвокаттар алқасы мүшелерi мен тағылымдамадан өтушi адвокаттардың тәртiптiк жауапкершiлiгi және жауапкершiлiкке тарту тәртiбi, адвокатты лицензиясынан айыру туралы өтiнiш қозғау тәртiбi болуға тиiс.

      6-1. Республикалық адвокаттар алқасының жарғысы Республикалық адвокаттар алқасының құрылымын, оның органдарының құрылу тәртібі мен құзыретін, мүлкін қалыптастыру көздерін және оған иелік ету тәртібін, адвокаттар алқалары жүзеге асыратын аударымдар мөлшерін, сондай-ақ Республикалық адвокаттар алқасын қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін қамтуға тиіс.

      7. Қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында олардың органдарының құрамы және құзыретi, олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы және қауымдастық (одақ) таратылғаннан кейiн қалған мүлiктi бөлу тәртiбi туралы шарттар да болуға тиiс.

      8. Коммерциялық емес ұйымның жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар оның жоғары органының (жалпы жиналыс, съезд, конференция, құрылтайшы) шешiмi бойынша енгiзiледi. Қор жарғысына өзгерiстер мен толықтыруларды, егер қор жарғысында оған осындай құқық берiлген болса, қордың басқару органы енгiзедi.

      9. Коммерциялық емес акционерлiк қоғам жарғысында қоғамның коммерциялық емес ұйым екендiгi де, дауыс беру рәсiмi, дивидендтердi төлемеу туралы ережелер де, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген басқа талаптар да көрсетiлуге тиiс.
      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2012.01.01 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      23-бап. Құрылтай шарты

       1. Құрылтай шарты - коммерциялық емес ұйым құру туралы құрылтайшылардың келiсiмi, мұнда оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбi, оның меншiгiне (жедел басқару) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу шарттары айқындалады. Мұнда, егер коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, коммерциялық емес ұйымның қызметiн басқару, құрылтайшылардың оның құрамынан шығу шарты мен тәртiбi де белгiленедi.
      Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.

      2. Құрылтай шартына барлық құрылтайшылар немесе олар уәкiлеттiк берген адамдар қол қояды.

      3. Қорды, жекеше мекемені, дербес білім беру ұйымын, дербес кластерлік қорды бір тұлға құрған жағдайда, онда құрылтай шарты жасалмайды.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палаталары құрылған кезде құрылтай шарты жасалмайды.
      Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      24-бап. Коммерциялық емес ұйымның филиалдары


Каталог: web -> img -> article -> textImages -> 100
web -> От Ивелина Стоянова Студентка Компютърна химия 1 курс
web -> Реферат по истории и философии соответствующей отрасли наук по согласованию с научным руководителем диссертации и кафедрой философии
web -> Урок Воздушная оболочка Земли. Физика 7 класс. Учитель: Злобина Л. Л. Тема урока: Воздушная оболочка Земли. Вид урока: комбинированный Тип урока: изучение и первичное закрепление знаний
web -> Конспект урока по биологии в 11 классе «Предпосылки возникновения учения Ч. Дарвина»
web -> Веб 0 терминологиясының сөздігі. Әлеуметтік желілердің сөздігі Аватарка


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет