Нурхожаева Арайлым
104-топ
Қазақ-тілі мен әдебиетті пәнінің мұғалім мамандығы
Тақырбы; Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар;
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; Қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі. Саяси партиялардың қалыптасуына және дамуына мынадай факторлар өзіндік әсерлерін тигізген: Ұлттық сана-сезімнің оянуы;Жалпы ұлттық революция;
Қоғамдық-саяси ұйымдар мен;бірлестіктердің құрылуы (кәсіподақтар);Жаппай сайлау құқығының берілуі.
Партияның мақсаты-саяси билікке келу және
оны уысында ұстап қалу; Қоғамның белгілі бір әлеуметтік топтарының
мүдделерін саясатта танытып, сол үшін күресе
алуы.
Саяси партияның құрылымы және қызметі.
Саяси партияның құрылымы-партиялық аппарат; қатардағы мүшелер;партияның жақтастары. партия активтері; партия мүшелері;партияға жылы қараушылар.
К. фон Бейме-саяси партияның мынадай төрт қызметін ажыратады:
1. Мақсатты айқындау. Идеология мен
бағдарламаларды құра отырып саяси
партиялар азаматтарға альтернативті жол
көрсетеді;
2. Қоғамдық мүдделерді топтастыру және
білдіру;
3. Азаматтарды саяси әлеуметтендіру және
мобилизациялау;
4. Билік етуші элита мен үкімет құрамын
жасақтау.
«Партия» ұғымының этимологиясы латын тіліндегі «pars» бөлшек деген сөзінен шығады.
Ресми заңға сәйкестігіне партиялар жіктеледі: ресми партия; Жартылай ресми партия; Құпия партиялар.
Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді.Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде
рұқсат етіледі.
Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, тек кейбір жұмысына шек қойылған. Олар саяси билік үшін таласқа түсе алмайды.
Құпия партиялар - заң бойынша тыйым салынған,жұмысын жасырын жүргізетін партиялар. Яғни,Конституцияға, Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер туралы заңға қайшы келтін, ресми тіркеуден өтпеген, сот шешімі бойынша ҚР-ның аумағында жұмыс істеуге тыйым салынған партияларды айтамыз.
Қортынды; Президент өз сөзінде, «Егер мемлекет әр азаматтың өмір,сапасына,қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады.
Достарыңызбен бөлісу: |