Сабақтың тақырыбы: «Информатика мейрамханасы»



бет1/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,92 Mb.
#35586
түріСабақ
  1   2   3   4   5
«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ

Сабақтан тыс жұмыс



Орындаған: информатика пәнінің

оқытушысы Максутова К.М

Жезқазған 2012


Сабақтың тақырыбы: « Информатика мейрамханасы »



Мақсаты: Пәнге деген студенттердің танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, құрметтеуге тәрбиелеу.

Даяшылар: Рагима, Жулдыз

Әділ – қазылар: Экон -201 тобының студенттері Жібек, Мөлдір

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Информатика мейрамханасы » атты кешімізге қош келдіңіздер! Бүгін біздің мейрамханамызға 4 ауылдың қонақтары келіп отыр. Біздің мейрамханамыздың бір ерекшелігі бар. Біздің есігіміз қалталы бай азаматтарға емес, білімді, парасатты азаматтарға айқара ашық, бізде «ақша» ұғымы «білім » ұғымымен алмастырылған. Яғни кім білімді сол ғана тәтті дәмділерден, түрлі тағамдардан дәм тата алады.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.


Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.




  1. Таныстыру. Төрт топ өздерін таныстырады. 3 мин. 10 балл.
    РЭС 204 топ аты – «Windows »
    ПВ - 204 топ аты – « Apple»
    РЭС -101 топ аты – « Web »
    ЭКОН -101 топ аты – «Ipone»
    (топтың эмблемасын, атауының мағынасын таныстырады)

Даяшылар барлық топқа бауырсақ апарады.

  1. Сұрақ – жауап.

Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О, толқындар арпалысып алға шық!

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін информатика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған студенттерге сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпін. Ал, жас қырандар енді ІІ-турымызды бастаймыз.



Әр топқа он сұрақтан беріледі.1 - сұраққа 1 бал. Жауап берілмеген сұраққа басқа топтың жауап беру мүмкіндігі бар. Ең көп бал жинаған топқа тәтті әрі дәмді тамақ апарылады.


РЭС -204 тобының сұрақтары




Сұрақтар

Жауаптар

1

Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ

тапсырмалар тақтасы

2

Windows сөзінің қазақша аудармасы

терезе

3

Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ

терезе

4

ЭЕМ-нің екінші буыны

(1955-1965)

5

Жою пернесі

Delete

6

Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады

корзина

7

Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне

Delete

8

ЭНИАК

(1946)

9

Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

есептеу

10

Сурет салуға арналған бағдарлама

Paint


ПВ -204 тобының сұрақтары.




Сұрақтар

Жауаптар

1

1 байт неше биттен тұрады?

8

2

Ақпараттық процестер?

сақтау, алмасу, өңдеу

3

Марк-I

(1944)

4

Компьютердің ең негізгі құрылғылары?

жүйелік блок, пернетақта, монитор

5

Лейбниц машинасы

(1672)

6

Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі

Caps Lock

7

Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы

принтер

8

Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды

1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде

9

Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory

мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.

10

Сканер (ізкескіш)

қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.


РЭС -101 тобының сұрақтары




Сұрақтар

Жауаптар

1

Монитор, жүйелік блок, пернетақта компьютердің қандай құрылғылары?

негізгі

2

Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы

дисплей немесе монитор

3

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым

информатика

4

Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы

компьютер

5

Екілік жүйенің сандары

0,1

6

Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы

интернет

7

Компьютердің ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғысы

оперативті жады

8

Логарифм сызғышын ойлап тапқан оқымысты

Д.Робертсон

9

Алғашқы автоматты есептеуіш техниканың авторы

Чарлз Бэббидж

10

Компьютердің “миы”

процессор


Экон -101 тобының сұрақтары


1

Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғы

модем

2

Басу құрылғыларының түрлері

лазерлік, матрицалық, бүріккіш

3

Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы

монитор

4

Компьютер жанына қойылатын өсімдік

кактус

5

Алғашқы есептеу құралдары

Сүйектерге салынған кертіктер

6

6-разрядты сандарды қосуға және көбейтуге арналған құрылғының жобасын кім ойлап тапты

В. Шиккард (XVI ғасыр)

7

Компьютерлердің V буыны – қашан қай елде шықты

Жапония, 1980-жылдар

8

UPS – дегеніміз не?


кернеу ауысқанда немесе электр энергиясы өшіп қалған жағдайда компьютерді қорғайды.

10

Монитордың экранындағы түрлі түсті нүктелер

пиксель



3.Үй тапсырмасы. Ақындыққа әркімнің бар таласы... ( Информатика 5ылымы жайында өлең шығару)

Ең жақсы ұйқасты, мағынасы ашылған өлең шығарған топқа салат апарылады.





  1. «Кім жылдам?» Әр топтан 6 студент қораптарымен шықсын. Сіздерге берілетін тапсырма қойылған сұраққа жауапты өз қораптарыңыздағы әріптерден көрсетесіздер. Бұл сайыста сіздер өздеріңіздің білімдеріңізбен бірге ұжымшылдықтарыңызды көрсетесіздер. Ал, іске сәт! Ал ең үздік болған топқа дәмді жеміс –жидек апарылады.



ЭКОН -101 ТОБЫНА ТАПСЫРМА
А, К, И, Д, Е, М, Т, С, О, М, Н, Р.
1 интернетке қосылу үшін қажет құрылғы (модем)

2 электронды тасымалдаушы (диск)

3 енгізу құрылғысы (сканер)

4 қырғыз ақшасы (сом)

5 физика заңдарының бірі (ом)

6 өтірік сөзінің антонимі (рас)

7 бейнесіз хабар таратушы (радио)

8 жеті қазынаның бірі (ит)

9 белгілі бір ғылым саласында қолданылатын сөздер (термин)

10 адамның арқауы не (ас)


ПВ -204 ТОБЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Л, С, Р, К, О, П, У, Д, Е, Е, Б, А
1 белгілі бір ақпарат (дерек)

2 жүйелік блоктың сыртқы қорабы ( корпус)

3 жеке адамның компьютері қандай компьютер (дербес)

4 біз бағдарламаны неден бастаймыз (пуск)

5 электронды тасымалдаушы дисктің түрі (сд)

6 тіршіліктің көзі не (су)

7 жоқтың антонимі (бар)

8 оқытушылардың тақтаға жазатын қаламы (бор )

9 араның тамағы (бал)

10 заң жинағы неден тұрады (бап)


РЭС -101 ТОБЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

З, Н, А, Т, Ы, Ш, Қ , О, Ж, Д, Б, А
1 басқару тетігі (тышқан)

2 ежелгі римде ойлап табылған алғашқы есептеу құрылғысы (абак)

3 жүйелік блоктың ішінде орналасқан аналық, желілік, дыбыстық, бейнелік не (тақша)

4 есте сақтау құрылғысы (жад)

5 Х VII ғасырда ойлап табылған алғашқы есептеу құрылғысы (шот)

6 бардың антонимі жоқ

7 біздің қажеттіліктеріміздің бірі (ақша)

8 үлкендерден алатын ақ тілек (бата)

9 до ре ми фа сол ля си до (нота)

10 Ең аяулы жан (ана)


РЭС -204 ТОБЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

А, Б, Э, Н, И, А, К, Р, Е, Т,

1 бейне түрінде көрсететін құрылғы (экран)

2 Алғашқы есептеу құрылғыларының бірі (Абак)

3 Электронды есептеуіш машинасының қысқартылуы (Эем)

4 Алғашқы компьютерді ойлап тапқан ғалымдардың бірі (Марк)

5 Жоқ сөзінің антонимі ( Бар)

6 нота (Ре)

7. Жіктеу есімдігі (Мен)

8. Ақпарат өлшем бірлігі (Бит)

9. Компьютердің қосымша құрылғысы ( Сканер)

10 Кең сөзінің антонимі (Тар)


  1. «Біз техник – құрастырушымыз» Егер бізде техника құрастыру мүмкіндігі болса, біз.... техниканы құрастырар едік. Ең үздік құрастырылған техникаға Тәтті нанымыз тортымыз бар, ал достар тәтті наннан құр қалмайық!

Осымен біздің сайысымыз да өз мәресіне жетті. Топтардың бағасын беретін әділ – қазыларымызға сөз береміз. Дастарханында тамағы мол, тәттісі көп топ «Білімді қонақтар» номинациясымен марапатталады. Сау болыңыздар, информатиканың келесі кешінде кездескенше!






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет