Сабақтың тақырыбы Компьютерлік жад



Дата07.02.2022
өлшемі122,26 Kb.
#82703
түріСабақ
Байланысты:
Компьютерлік жад





Күні: 14.09.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Кунтуарова Айдана

Сынып: 7




Сабақтың тақырыбы

Компьютерлік жад

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.1 Компьютердің жад түрлерін, қызметін ( ЖЕСҚ (жедел есте сақтау құрылғысы), ТЕСҚ (тұрақты есте сақтау құрылғысы), СЕСҚ (сыртқы есте сақтау құрылғысы), кеш-жады) сипаттау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:
Есте сақтау құрылғыларын атай алады және компьютер жадысын түсіне алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Компьютерлік жадының жұмыс жасау принципін біледі, ішкі, сыртқы жадыларын ажырата алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Компьютерлік жадының жұмыс жасау принципін біледі. Жадының сипаттамасын түсіндіре алады.

Ойлау дағдылары

Біліу, түсіну, жинақтау

Бағалау критерийі

  • Компьютерлік жады туралы біледі.

  • Оқушылар жаданың түрі мен қызметін біледі.

  • компьютердің ішкі, сыртқы жадыларын ажырата алады.

Тілдік мақсаттар



Компьтердің жады
Компьютерная память
Computer memory

Құндылықтарға баулу

Жауапкершілік, татулық, жақсы қарым-қатынасқа баулу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
оқушылармен амандасып, түгелдеп, сабаққа әзірліктерін тексеру;

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Жаңа сабақты видео ролик арқылы бастау. https://www.youtube.com/watch?v=YRBa436HLhY&ab_channel=

Видео ролик

Сабақтың ортасы
10 мин



Компьютерлік жад – бұл ақпаратты сақтау немесе есте сақтау құрылғысы. Жад компьютердің негізгі бөлігінің бірі болып табылады.
Компьютерлік жад ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Сыртқы жад ақпаратты ұзақмерзімді сақтауға негізделсе, ал ішкі жад компьютерлік жүйелер үшін қолданылады.
Жедел жад – процессордағы орындалатын программалар мен өңделген деректерді жазуға, есептеуге және сақтауға арналған шағын жедел есте сақтау құрылғысы.
Кэш-жады – бұл шағын көлемді жылдам есте сақтау құрылғысы. Ол микропроцессор мен жедел жад арасындағы ақпараттарды алмасу жағдайына қолданылады.
Тұрақты жад – деректерді сақтауға арналған жад. Ол ешқандай өзгерістер енгізілмейтін деректерді сақтау үшін қолданылады.
Бейнежад – кодталған бейнелер сақталатын есте сақтау құрылғысының бір түрі.
Сыртқы жад программалар мен деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған. Ол процессорға тәуелсіз, компьютер іске қосулы немесе өшірулі жағдайға байланыссыз жұмыс істей береді.
Сыртқы жадтан процессорға ақпараттар келесі тізбек бойынша үздіксіз беріліп отырады:




Оқулық



Кері байланыс
15 мин

15 беттегі 1-2-кестені орындау

Дәптер

Сабақтың соңы
10 мин

  1. Жад дегеніміз не?

  2. Ол не үшін қажет?

  3. Оның қандай түрлері бар?

  4. Ішкі жадта қандай құрылғылар орналасқан?

  5. Сыртқы жадта қандай құрылғылар орналасқан?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет