Облыс, аудан, қала, село атауы



бет1/2
Дата05.11.2016
өлшемі280,22 Kb.
#1072
  1   2

Облыс, аудан, қала, село атауы

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Білім беру мекеменің атауы

А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясы

Байқау мен номинацияның атауы

« Ұлы Дала елі- Ұлт тағдыры »

Қатысушының аты-жөні, лауазымы

Мулдагалиева Бибигул Беибитовна

Телефоны, е-mail

8-702-336-40-83 bibi_10_65@mail.ru

3*4 фотосы













  1. «ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»

тақырыбындағы факультатив сабақтың бағдарламасы

( жоба)


2. « Қазақтың бір туар ұлдарының бірі- Ә. Бөкейханов»

( сабақ жоспары)



Түсінік хат
Пайғамбардың үмбеті – мұсылманмын,

Пайғамбарым қолдайды қысылған күн,

Алсын Тағалам, ант етем, ант етемін,

Алла есімін кеудемнен ұшырған күн!


М. Мақатаев.
Бұл факультатив сабақ бағдарламасында ислам дініндегі құндылықтарды мәдени антропологиялық феномен ретінде қарастырып, қазақ мәдениетіндегі ислам дінінің этикалық ұғымдар бастауларын философиялық, тарихи, мәдениеттану, дінтану секілді ғылымдар тоғысында, кең пәнаралық шеңберде таныстырады. Қазақстандағы мұсылмандық дүниетанымның аксиологиялық сипаттамасын мәдениеттанулық тұрғыдан талдайды.Қазақ мәдениетінің қалыптасуы мен даму процесіндегі ислам құндылықтар жүйесінің моральды-этикалық категорияларын анықтап, ислам философиясындағы ел бірлігі туралы ойлар хақында, Қазақстан үшін дәстүрлі исламға жат радикалды ағымдардың таралмауының оңтайлы мәселелері туралы қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық салаға нақты мәдени-танымдық таныстыру ретінде ұсынып отыр.

Әрбір ұлт пен халықтың жүріп өткен жолымен ұзақ сонар тарихы болады.Содан әр ел өмірлік сабақ алып, келешегін жоспарлайды. Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын, дінін сақтап қалғаны – оның еркіндікке ұмтылған ерік-жігерінің, асқақ рухының, отансүйгіш иманы мен ибалылығының арқасы. Еліміз егемендігін алып, дінімен, дәстүрі мен қайта қауышты. Біз дін мен дәстүрді даналықпен үйлестіріп, өнегелі өмір сүрген халықпыз.

Бұл – бабаларымыздан келе жатқан сара жол. Қазақтың салт-дәстүрлері Исламның асыл құндылықтарымен біте қайнасып кеткен. Пайғамбар (с.ғ.с.) айтқан хадистер қазақтың нақылына айналып, халқымыздың таным- түсінігімен қабысып, тұрмыс-тіршілігімен ұштасып кеткені ешкімге жаңалық емес. Ислам дінінің Қазақстанға келгеніне 1250 жылдан асты. Өз табиғаты мен болмысына барынша жақын асыл дінді танып-білген бабаларымыз оны сонау VIII ғасырда-ақ қабылдаған. Содан бері Ислам жұртымыздың жүрер жолы, бағыт-бағдары, қорғаны, тірегі де болып келеді. Ел басына күн туып, ұлттың сақталып қалуын таразылар шақ туғанда да ата дініміз көңілге медеу, күш-қуат болды, солай болып та келеді. «Құдай жоқ» деп ұрандатқан кешегі Кеңес үкіметінің қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат заманында да тар жол, тайғақ кешкен мұсылман қазақ бір Аллаға сыйынып, тура жолдан танбады. Діндарларға қысым жасалса да ақын-жырауларымыз: «Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен...» деп, қасқайып тұрып жырлады. Иә, дінмен, иманмен, сеніммен біте қайнасып жатқан тарих қашан да сәулелі, нұрлы һәм берекелі болмақ. Ислам өркениеті қазақ халқына Отырар, Сайрам, Түркістан, Өзкент, Сығанақ, Тараз, Баласағұн және т.б. білім һәм үлкен мәдениет ордаларымен талай ғұлама ғалымдарды, танымал теологтар мен шайырларды берді. Ислам қайнарынан сусындаған ондай кемеңгерлер ғылым мен білімді дамытуға барынша үлес қосты. Патшалық Ресейге бодан болған кез бен атеизм үстемдік еткен кешегі 70 жылғы қызыл империя саясаты оларды ұмыттыруға тырысқанымен, халқымыздың ата дініне деген ынта-ықыласын жоя алмады. Ел егемендігін алғалы руханиятымыз да қайта түлеп, Әбу Насыр әл-Фараби, Исмайыл әл-Жауһари әл-Фараби, Махмуд ат-Тарази, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри секілді даланың дана да дара перзенттері салған ғылым, білім, парасат жолы қазір қайта жаңғыру үстінде. Дәстүрлі Ислам дінінің Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын халқымыз өркениет пен даму жолына түсті. Мемлекеттің қолдауының, халық бастамасының арқасында осы аз уақыт ішінде мыңнан астам мешіт бой көтеріп, жұртымыздың жақсылыққа жұмылуына, рухани құндылығының артуына мүмкіндігінше ықпал етуде. Ендеше осы бағдарламаны жүргізу арқылы аз да болса ислам құндылықтары туралы оқушыларды сауаттандыра алар едік. Илам әлемінің аса құндылығын оқушы бойына сіңіре білуі тиіс.

Жастардың діни санасы мен діни білімін қалыптастыру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Еліміздің барлық мектептерінде 2009-2010 оқу жылынан бастап «Дінтану негіздері» пәні 2016 оқу жылынан бастап «» Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің оқытылып келе жатқандығы баршамызға мәлім. Өкінішке қарай, осы пәнді оқытатын мамандар өте аз. Сонымен қатар « Зайырлылық жіне дінтану негіздері» пәні бойынша оқу- әдістемелік құралдардың жоқтығы қиындық туғызып келеді. Бірақ білім беру ұйымдарының алдында тұрған үлкен міндет осы қиындықтардан өту боп отыр. Хазіреті Әли: «Перзенттеріңізді өздеріңіз болмайтын уақыт үшін тәрбиелеңіздер. Өйткені, олар сол уақыт үшін жаралған»- деп өсиет еткен. Таразылай білсек, бұл арада ата-ананың балаға өмір бойы серік бола алмайтынын, олай болса оны дербес өмірге дайындау қажет екенін, оның өз өмірі өз қолында екенін оқушыға ұғындара білуіміз керек.

Қазақстан азаматтарының діни сауаттылығын арттыруда қазақ халқының исламға дейінгі кезеңіндегі мінез-құлқын, әдет-ғұрпын исламның құндылықтарымен салыстырған, олардың ұқсастығын анықтап, әділеттілік, ықылас, әдептілік, сенімділік, үнемшілдік, сыпайылық, ынсап, жылы жүзді болу, салмақтылық, кішіпейілділік және басқа көптеген этикалық ұғымдардың қазақ мәдениетіне біте қайнасқан нақты ислам құндылықтары екендігін үйретуді мақсат еткен «Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары» тақырыбындағы факультатив сабақтың маңызы зор.
Мақсаты:
Қазіргі кезеңдегі біздің қоғамның рухани саласындағы бір жетіспеушілігіміз -діни сауаттылығымыздың төмендігі. Осы сауатсыздықтың салдарынан дін мен дәстүрдің диалектикалық бірлігін тарихи-дүниетанымдық тұрғыдан қарастыра алмай келеміз.Зиялыларымыз, ғалымдарымыз, тіптен діни мәселелерге жауапты қарастырып, ажыратып бере алмай жатады. Халықты аузына қаратып, сөзіне тоқталатын білікті мамандары бар шетелдерде, соның ішінде мұсылман елдерінде , халықтың бөтен діни бағыттың уағызына еру проблемасы сирек байқалады. Себебі, ол елдердің осы сала мамандары халықтың дұрыс діни сауатын қалыптастырумен бірге, бұрыс бағыттардың қателіктерін де танымдық-тағылымдық тұрғыдан әлеуметке жеткізе біледі. Міне, осы тұста біздің қоғамда діни сауаты терең, халықты өзіне ерте алатын және оның сеніміне ие бола алатын теолог-ғалымдардың қажет екендігін айта кеткеніміз жөн.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері 46 діни конфессия тіркеуден өткен екен. Бұл исламнан басқа 45 конфессия тағы бар деген сөз.Бізде діни сенім мен ар-ождан бастандығы бар.Заңдарымызда белгілі тәртіппен елген келген миссионерлердің діни үгіт-насихат жасауына рұқсат етілген.Азаматтар заңда көрсетілге ережелерді сақтай отырып, діни бірлестіктер құра алады.

Осыншама көп конфессияның ұлттық тұтастығымызға, еліміздің бүтіндігіне ұлтымыздың болашағына кеселін тигізуі мүмкін бе деген заңды сұрақ мазалайды. Діндер тарихын зерттеген мамандар діни сезімдердің адамдарды біріктіруде қандастық, жерлестік, руластық, нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен де күшті болғанын дәлелдеген. Дін тану пәні сабағында ислам әлемі туралы сағаттың аздығы оқушылардың діни сауатсыздығына да әкелуі мүмкін.

Атақты Бауыржан Момышұлының «Жаудан да , даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмін, дәстүрін сыйламаған балалар өсіп келеді. Міне, солардан қорқам» деген ескертпе сөздің мәніне тағы да бір ой жүгіртіп біз арқалаған міндеттің ауқымдылығын сезінсек деймін. Ол үшін әрбіріміз өз қол астымыздағы тәрбиеленуші ұрпаққа саналы түрде Отан сүйгіштік сенімдерді бойларына дарыту үшін аянбай еңбек ететін болсақ, болашағымыз баянды болары хақ. Басты бағдар, дұрыс жол – ұлтымыздың бірлігін, дініміздің әлсіремеуін басты назарда ұстайтын болсақ, қоғамның ілгерлеуі сөзсіз.

Міне, осындай іс- әрекеттердің алдын алудың бірден-бір жолы – мектеп қабырғасында дінтану сабағымен қатар ислам тарихын кең түсіндіру мақсатында факультатив сабақтардың жүргізілуі болып отыр.

Факультатив сабақтың басты міндеттеріне:


  • Оқушыларды ислам тарихымен, оның қазақ даласына әр кезеңде таралуының жолдарын таныстыру;

  • Ислам дінінің танымдық –дүниетанымдық және психологиялы-педагогикалық аспектілерін ашу;

  • Ислам ілімінің негізгі гуманистік жағдайын және негізін түсіндіру;

  • Деструктивтік діни культтардың , діни және экстремистік ұйымдардың идеологияларын қабылдамау ұстанымдарын қалыптастыру жатады.

Қазақстан жері әлемдік діндердің исламның , христиандықтың және буддизмнің тоғысқан жері. Қазақ елі үш өркениеттің елеулі түрде ерекшеленетін әлемдік үш дүниетанымның тоғысқан жерінде тұр. Қазақ халқы діни көзқарасы айқын да терең, діни мәдениеті өте жоғары, имани түсінігі мол ұлттардың қатарына жатады. Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, тұтастықтың ұлы үлгісін қалдырды. Мектеп мұғалімдерінің алдындағы үлкен міндет ежелден «Ерен дарып ер болған, Қыдыр дарып ел болған, Шілтеннің шылауы шалған» қазақ деген халықтың неше ғасырлар бойы молынан қорланған рухани мұрасы көздің қарашығындай қорғап, кез-келген теріс пиғылды дінге, жат мәдениетке қарсы тұруға дайын ұрпақ тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже:
Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғынатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал-мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: біріншісі-иманы, екіншісі- ырысының тұрағы, үшіншісі- дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаған жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары.»

«...Жолаушы адаспай тура жетуі үшін біреуді басып озуы қажет емес, бәрінен де маңыздысы - бағыттың дұрыстығы » деген айтылған шығыстың мақалының астарында жатқан үлкен тәрбиелік мән- мағынаға зер салып келешек ұрпақты имандылық жолға адастырмай сала білсек, әлімсақтан кісілік кейпін сақтауға, ана сүтін ақтауға талпынған, дін мен дәстүрді үйлестіріп, үйлесімді, өнегелі өмір сүруге қанат қаққан, салт-дәстүріміз, бітім-болмысымыз исламмен біте қайнасып, өркениетке қадам басқан ұрпақ тәрбиеленеді..


«ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ИСЛАМ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»

тақырыбындағы факультатив сабақтың бағдарламасы

аптасына 1 рет 34 сағат



Р.с

Мазмұны

Тақырыптың мақсаты

С.с

уақыты

І тарау: Қазақ мәдениетіндегі ислам философиясыныңорны

1


Қазақ даласына ислам діні таралуының мәдени, тарихи және рухани бастаулары



Тарих сахнасында 14 ғасырға жуық өмір сүрген ислам дінінің қазақ жерлеріне таралуы және ислам дініне дейінгі қазақ тайпаларының арасындағы діни сенім-нанымдар туралы түсініктер

1





2

Мәңгі мұғжиза.

Құран-кімнің сөзі



Құранның Алла Тағаланың кітабы екніне сендіру. Құран аяттары мен хадистерінің айырмашылығы нақты дәлелдермен қызықты да түсінікті дәйектермен жазылғанын көрсету

1





3


Қожа Ахмет Йасауидің діни философиясы (хикмет ілімі)

Қожа Ахмет Йасауидің діни философиялық хикметтерінің мазмұнын, мағынасын түсіндіру

1




4

Қазақстандағы мұсылмандық дүниетанымның аксиологиялық сипаттамасы.

Қазақ мәдениетінің негізгі мәселелерінің бірі кісілік пен әдептілікті айқындау. Мұсылмандық дүниетанымның әдеп мәселесі туралы түсіндіру







5

Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтарының мәдени-әлеуметтік құрылымы

Алланың бар екеніне куәлік сөз айта отырып әрбір мұсылман исламның негіздерінің мағынасын біліп, соған сай өмір сүре білу керектілігін жеткізу

1





ІІ тарау: Ислам құндылықтары – мәдениантропологиялық феномен

6

Ислам философиясын-дағы гуманистік құндылықтардың типологиялық сипаттамасы

Алла сөзінің сипаттары, алла тағала тарапынан келетін құндылық сипатындағы жас ерекшеліктер, алла тағаланың адам баласынан күтетін нәрселері, адамның жеке жауапкершілігі туралы түсінік алады



1




7

Ислам құндылықтары мәдени антропологиялық фонемен

1





8

Қазақ мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы дискурсындағы ислам құндылықтары парадигмасы.

Түйсіктен тыс болмыс, түйсікке негізделген болмыс, құндылық түрлері мен оның маңызы туралы түсіндіру.

1




III тарау: Дін мен дәстүр

9

Дәстүр туралы түсінік

Қазақтың өзіне тән дәстүрлері мен салттары туралы, ұлттық ерекшелік, діни нанымдар туралы түсінік беру

1




10

Дәстүрдің діндегі орны

Сан ғасырлық қазақ тарихында әр түрлі басқыншылық соғыстардың, кешегі кеңестік кезеңдегі кері тартқан идеологияның дәстүр мен дінге әкелген зор қиянатын айта отырып, ислам шариғатының дұрыс ұғымдарды, ізгі мұраттарды бекітіп келе жатқандығын ұғындыру.

1




11

Дәстүр мен діннің айырмасы

1





12

Қазақ халқының имани дәстүрлері

Көшпелі және отырықшылықпен айналысқан қазақ халқының ата-баба жолын ұстай білуі, нақыл сөз, мақал-мәтелдердің мағынасы туралы түсінік беру. Иманды жолды таңдай білуі

1




13

Имани қарым-қатынас

1




IV тарау: Ислам жазба мәдениетінің ескерткіштері және сәулет өнері

14

Әл-Фараби, философиялық-ағартушылық және діни қөзқарастары

Орта ғасырлық түркі ойшылдарының дүниетанымдық ізденістерінде Құран құндылығы мен даналығын, білім мен ғылымды, әдептілік пен әділеттілікті, ізгілік пен мейірімділікті насихаттағандығын көрсету

1





15

Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари

1




16

ХІХ-ХХ ғасырдағы дін ғұламалары Абай мен Шәкәрімнің діни мұралары

Ұлт мақтанышы және рухани көсемі Абай мен Шәкәрімнің шығармаларында адамзатты жаратқан Алланы сүю және мұсылмандық мәдениет құндылықтарының өркениеттік астарлары толыққанды түрде айшықталғандығын түсіндіру.

1





17

Қазақстандағы исламдық сәулет өнері

Қазақ жеріндегі кесенелер, олардың тарихы мен маңызы туралы жан-жақты түсінік беру.

1





V тарау: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлі.

18

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы исламның рөлі

XVI-XVII ғғ. Қазақстанда исламның таралуына қазақ халқының орта азиялықтармен және Еділ татарларымен тығыз экономикалық, мәдени байланыстары ықпал етуі, Қазақ хандығында қалыптасқан қоғамның құрылымы заңды түрде бекітілуі туралы түсіндіру

1





19

ХХ ғасырдағы және қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы ислам

Кеңестік кезеңдегі атеистік саясат дін атаулыға тыйым салу діни-ұлттық бірегейлікке сына қағу, «Ұлт» және «дін» деген ұғымдардың бір-бірінен ажыратылуы, ұлт рухания-тының өзегі болып табылатын дін атаулы мансұқталу туралы баяндау.

1




20

Ханафи құқықтық нормаларының Қазақстанда таралуы

Ханафи мазхабында әдет-ғұрыптар ,шариғат пен әдеттің қатар өмір сүру формалары, халықтың әдет-ғұрып пен салт-дәстүрі халықтың рухани дамуының негізін қалайтындығын көрсету.

1





VI тарау: Жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның мәдени даму аясы және ислам құндылықтар жүйесі

21

Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтар жүйесінің этикалық категориялары

Адамның биологиялық және рухани болмысына негізделген құндылық жүйелерінің оның мінез-құлқына ықпалын тигізетіндігін түсіндіру

1





22

Жаһандану үрдісі және ислам құндылықтары.

Ислам іліміндегі қазіргі індет секталар мәселесін айта отырып, келешек ұрпақты ол індеттен құтқару жолдарын көрсету

1




VII тарау: Жаңа діни қозғалыстар. Діндегі шетін көзқарастар мен ұстанымдар және алдын алу

23


Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік, сипаты және ерекшеліктері. Жаңа діни қозғалыстар мен дәстүрлі діндер дилеммасы: танымдық, психологиялық және болмысты қайшылықтар

Жаңа діни қозғалыстар – IX-XX ғасырларда пайда болған, әлемдік діндердің басты принциптерінің идеяларына негізделген діни құрылымдар. Олар – дәстүрлі діндерге қарсы көзқарастардағы жаңа конфес-сиялар. Жаңа діни қозғалыстардың негізі дәстүрлі әлемдік діндердің қағидаларын модернизациялау, діни мифологияның жаңа түрін (мысалы, халықаралық сайентологиялық шіркеу) қалыптастыру болып табылатындығын түсіндіру.

1





24

Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері және зардабы

Дін атын жамылған радикалды және теріс пиғылды ағымдардың белсенді әрекеті салдарынан дәстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырған рухани құндылықтар күйреуге ұшырап, ішкі тұрақтылыққа қауіп төнуде екендігін жеткізу және сақтандыру

1





25

Тыйым салынған діни ұйымдар

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шешімі негізінде тыйым салынған экстремистік және террористік ұйымдарды айтып, сақтандыру


1




26

Діни экстремизм және терроризм: ұғымы, шығу негіздері мен көріністері

Дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн iс-әрекет ұйымдастыруы және (немесе) жасауды мақсат еткен қауіпті топты айта отырып, сақтандыру

1





27

Терроризм – дінге жат ұғым. Діни экстремизм мен терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке қатері

1





VIII. Қазақстан-дінаралық келісім елі

28

Қазақстан Республикасының дін туралы заңнамасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші бабына сәйкес Қазақстан демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылатынын,ар-ождан бостан-дығы – Ата заң арқылы танылған адам құқықтарының ең маңыздыларының бірі екендігін ұғындыру

1




29

Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің тұғыры

Зайырлылық – діни дүниета-нымнан өзгеше қағидаттар мен ұстанымдарға негізделетін көзқарастар жүйесі екендігін түсіндіру.

1





30

Діни сенім бостандығы туралы түсінік

Діни сенім бостандығы – адам-ның жеке өзі немесе басқалар-мен бірге қандай да бір дінді ұстануға немесе ұстанбауға, еркін таңдауға, діни сенімде болуға және таратуға, соған сәйкес әрекет етуге құқықты адамның негізгі жеке бостандықтарының бірі екенін ұғындыру.

1





31

Толеранттылық. Қазіргі Қазақстандағы дінаралық татулық пен келісім тұғырнамасы.

Дінаралық және ұлтаралық келісімді нығайту, діндер үнқатысуын қамтамасыз ету, діни тағаттылықты (толеранттылық) дамыту – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының шешуші басымдықтарының бірі болып отырғандығын түсіндіру

1




32

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасында және халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты

Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді ұлтаралық және дінаралық диалогтың теңдессіз институты құрылғанын,еліміздегі көптеген конфессиялардың басшылары Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері болып табылатынын, олардың қоғамдық-саяси шараларға қатысуы, өз қауымындағы сенуші азаматтар мүдделерін жергілікті және жоғары биліктер назарына ұсынуы дәстүрге айналғандығын түсіндіру.


1





33

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы. Дін саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер


Қазақстан Республикасының азаматтары дiнге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бiрдей жауаптылығын, ешкiмнiң де өз діни сенiмдерiн себеп етiп азаматтық мiндеттерiн атқарудан бас тартуға қақысы жоқтығын, дiни наным себебiмен атқарылуға тиiс бiр мiндеттi екiншiсiмен алмастыруға тек қана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол берiлетінін түсіндіру

1




34

Қайталау сабағы

Жыл бойына өткен сабақтарды саралап, еске түсіру, есте сақтау

1




Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет