Т. И. Петракова құндылықтар жүйесінің жіктемесін өз зерттеуінде құндылықтарды үш түрге бөліп қарастырған



Дата07.02.2022
өлшемі95,83 Kb.
#96698
түріБілім беру бағдарламасы

Абай атындағы Қазақ Үлттық Педагогикалық Университеті
Математика,Физика және Информатика институты
Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері
Орындаған: Сахиева Ж.А.
Тексерген: Нургалиева Д.А.
Алматы, 2017
«Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.
Назарбаева Сара Алпысқызы
Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту, Ең қиын нәрсе – өзіңді-өзің түсіну.
Әл-Фараби
Кімде-кім өзін-өзі тани білсе, ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, тағылымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі тану» пәні бастауы бұрыннан болған, біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес деуге болады.
Адамның өзін — өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде маңызы артып келеді
оқыту жүйесіндегі көзқарастар
тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербенстігін дамыту туралы идеялар
отандық және щетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой – пікірлер
тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік – психологиялық қырларын қарастыру
Мұғалімнің түпкі мұраты
Баланың рухани өсуіне, өзін-өзі тануына басшылық жасау
Кісілік қасиетін дамыту
Шығармашылық қабілетін дамыту
Дүниетанымын кеңейту
Т.И. Петракова құндылықтар жүйесінің жіктемесін өз зерттеуінде құндылықтарды үш түрге бөліп қарастырған:

Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б.)
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
Әркімнің рухани байлығы оның ісінен, мінез-құлқынан, адамдармен қарым-қатынасынан, өмір сүру салтынан, ағайын, еңбек ұжымы, ел алдындағы абырой, сый-құрметінен айқын көрінеді. Жан тәнді нәзік болмыс арқылы билейді. Сондықтан жан неғұрлым таза болса, адамның іс-әрекетіде соғұрлым саналы болып келеді. Бұл адам өмірін мазмұнды етіп, бақытқа бөлейді
Білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін ингерациялау арқылы ақиқатқа жетуде риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етуге, дұрыс іс-әрекет жасауға баса назар аударатын болса жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, үлгілі өнеге беруге болатыны, өзін-өзі тәрбиелей отырып жүрегінде ішкі тыныштық орнату арқылы ешкімге, ешқашанда қиянат жасамауға үйрету басты ұстаным болып қалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет