Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы



бет1/5
Дата22.01.2017
өлшемі1,77 Mb.
#7577
  1   2   3   4   5
08.04.2016.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Наурызға шашу. Наурыз мерекесі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Сөздік жүмыстары арқылы сөздік қорларын байытумеп бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.

Тәрбиелік: Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу

Оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: әліппе- дәптер, наурыз мерекесіне арналған суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Жылулық шеңбері

Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын!

Той құтты болсын! Ақ мол болсын!

Музыка ойнап тұрады.

Педагог: - Көктем мезгілі. Жер әлемі бәрі жап - жасыл. Күн шуағын төгіп түр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді. Қар астынан қылтиып көктемнің алғашқы гүлдері де көріне бастады.

Алма ағаштары аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Ересектер, балалар, ұлттық әдемі киімдерін киіп, мерекеге келе жатыр. Бәрі бір - біріне «Наурыз құтты болсын!» деген сөздер айтып, қуаныштарын білдіруде.

-Кәне, балалар, бізде бір-бірімізге «Наурыз құтты болсын!» деп айтайық.



Қол ұстасып шеңберге тұрып, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру


Негізгі бөлім



Топқа бөлу. Асық алу арқылы топқа бөлу.

Жаңа тақырып: Кіріспе бөлім.

а) Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет