Арнайы мектепте әліппе кезеңінің мақсаты, міндеттері, мазмұнына тоқталыңыз. Әліппе кезеңінде әріптерді оқыту кезеңдері қандай? Әліппе кезеңінде оқушылар қандай ұғымдармен танысады



Дата31.10.2022
өлшемі22,67 Kb.
#155780
Байланысты:
әліппе кезеңі 55


Орындаған: Д.Игембаева
Арнайы педагогика ДОТ 2 курс
Арнайы мектепте әліппе кезеңінің мақсаты, міндеттері, мазмұнына тоқталыңыз. 2. Әліппе кезеңінде әріптерді оқыту кезеңдері қандай? 3. Әліппе кезеңінде оқушылар қандай ұғымдармен танысады
Арнайы мектепте сауат ашу кезеңі ең қиын тараудың бірі болып саналады. Сондықтан әліппе кезеңі көмекші мектепте бір жылға созылады: Әліппеге дейінгі, Әліппе кезеңі 1 сыныпта өтіледі, ал кейінгі кезең 2 сыныпқа қалдырылады да, 1-ші тоқсанда аяқталады. Себебі, 1-ші сыныпқа келген оқушыларда әртүрлі қиындықтар байқалады: дыбыстарды дұрыс айта алмайды (р – л, с – ш, з - ж), сөздің ішінде тастап кетеді, акустикалық және артикулярлық ұқсас дыбыстарды шатастырады, фонетикалық есту қабілеттері, көру, кеңістікті бағдарлау қабілеттері өте төмен, қолдың ұсақ бұлшық еттері және танымдық әрекеттері дамымаған. Осы типтік қиындықтар сауат ашу кезеңінің ерекшеліктерін біраз ғалымдар көрсетіп кеткен (Аксенова, Воронкова, Гнездилов, Коломыткина т.б.).
1. Алдымен тез қабылдап, игере алатын дыбыстар өтіледі, мысалы, бірінші тоқсанда а, о, л, т, м.
2. Айтылуы ұқсас дыбыстарды бірден қатар беруге болмайды. Неге? Алдымен олар жеке оқытылып, жазылып сосын ғана салыстырылады.
3. Балаларды оқытуға жазуға үйрету кезінде жеңіл мағынасы түсінікті сөздер алынады.
4. Бірінші тоқсанда сөздік (ал, ол, ат, от) сияқты қысқа түрлеріалынады.
5. Үйретілетін сөздің дыбыстары мен әріптері оқуда, жазуда өзнеріске түспей ұқсас болу жағы есекріледі.
6. Балалардың оқу дағдысы алғашқы кезде жабық сосын ашық буында ол, ал, ла, ло машықтанады, біраз дағдыдан кейін жеңіл бітеу буында (нар, мал, дос) сөздерді оқу арқылы қалыптастырылады.
7. Тұйық бір буынды, ашық екі буынды сөздерден соң біреуден соң біреуі бітеу буынды болып келетін екі буынды сөздер оқытылады. Мысалы: Ас – Ас – қар. Шық. А – шық. Та – ра. Та – рақ.
8. Басқа тілдерден енген дыбыстар әліппенің ең кейінгі кезеңінде үйретіледі. Сол себепті олар әліппенің соңғы кезеңінде оқылады, жазылады. Мысалы: хат, хор, шах-мат, ва-гон, фер-ма. Осы кезеңде төрт дыбыстан құралатын ауыр бітеу буынды сөздер де оқытыла бастайды. Мысалы: құрт, жұрт, плащ, цифр...
9. Талдау – жинақтау әдісті қолданып, оқытқанда, талдау мен жинақтау тәсілдері бір-бірімен алмасып отырады.
Мысалы: талдау тәсілдері:
– Сөйлемді сөздерге ажырату
– Сөзді буындарға айыру
– Буыннан жаңа дыбысты тауып, оны оқып үйрену
– Дыбыстың баспа түрдегі әрпін көрсету
Жинақтау тәсілдері:
– Әріптерден буын, буындардан сөз құрау
–Құрастырылған буындарды және сөзді оқу
– Жаңа сөзді әліппе кітабынан оқу
– Әліппедегі буын кестесін, сөздер мен сөйлемдерді оқу
Қолжазба әріпті көрсету, содан кейін мұғалім тақтаға жазып талдап көрсетеді бойынша тиісті жаңа әріптің қандай және неше элементтен тұратынын көрсетеді. Бұл элементтерді оқушылар тақтаға жазып және айтып жаттығады. Содан кейін дәптерлеріне жазады.
Сауат ашудың алғашқы кезінде сөзді буын жігімен оқытуға, жазуға мән беріледі. Соның нәтижесінде балалар сөзді қатесіз тұтас оқуға, жазуға үйренеді. Сонымен бірге әріп тастамай, олардың орнын алмастырмай дұрыс оқуға, жазуға дағдыланады. Ол үшін қолданылатын тәсілдер: талдау ізімен оқу, созып оқу, лабирингпен оқу, әріппен буынды қосып оқу т.б.


Әліппе
1 сынып
№ 1 Сабақ____ Күні:______
Сабақтың тақырыбы: Менің –Отаным Қазақстан.
Астана .
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балаға Астана бас қала туралы түсінік беру. Отанға деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылығы: Сөздік қорларын молайту.Сурет бойынша әңгімелеп , тілдерін
дамыту.
Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Астананың суреттері.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап
Пәнаралық байланысы: Әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы. 1) Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық
2) Жаңа сабағы
3) Оқулықпен жұмыс
4) Сергіту сәті
5) Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі а) Психологиялық дайындық
Туған жерім мекенім,
Сенде өсіп жетермін.
Топырағынан нәр алам,
Керегіңе жаралам.


Жаңа сабақ. Астана.
біз қандай Республикада тұрамыз.
- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Ия, дұрыс айтасың.Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет.Оның астанасы
қай қала?
- Астана қаласы.
- Бұл жаңа астана ,жаңа бас қала.
- Тәуелсіз еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?
- Көк туымыз, Елтаңба,Ән ұран.
- Ал, біздің президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Назарбаев .


Оқулықпен жұмыс.
Әліппенің 6-бетін ашқызу. Оқушыларға ондағы суреттерді көрсету.
Астанада президенттің сарайы бар.Президент Нұрсұлтан Назарбаев сол жерде қызмет істейді, шетел басшыларын қабылдайды.
- Астана туралы кім тақпақ біледі?
- Оқушылардан білетін тақпақтарын сұрау.
Бірнеше тақпақтар оқып беру.
Жаса, жаса астанам,
Өркен жая бастаған .
Болашақтың есігін ,
Оң қолыңмен аш маған!
Заман жаңа ,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала
Өз Астанам –өз Ордам
Сүйенерім сен ғана.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш
Жинап қолға күш
Қолға қалам аламыз.
Әдемілеп жазамыз

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет