Огюст Конт Исидор Мари Огюст Франсуа Ксаве Конт (фр. Isidore Marie Auguste François Xavier Comte; 9 қаңтар 1798 — қыркүйек 1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы



бет1/3
Дата20.06.2022
өлшемі53,66 Kb.
#146862
  1   2   3
Байланысты:
РЕФЕРАТ О КОНТ
Документ (1), Список не сдавших заявлении, тест база эк нег және кәсіпкерлік 2022 2, Ekonomika Baza

Огюст Конт



Исидор Мари Огюст Франсуа Ксаве Конт (фр. Isidore Marie Auguste François Xavier Comte; 19 қаңтар 1798 — 5 қыркүйек 1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқа алғаш рет еңгізген. Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады.
Конттың философиялық эволюциясы кезеңдерін, адамзат бірлігі туралы тезисті түсіндіретін және ақтайтын, дәлелдеулердің үш тәсілі ретінде көрсетуге болады. Бұл кезеңдер Конттың үш негізгі еңбектерімен белгіленген.


Бірінші кезең (1820-1826) – мынадай кішігірім жұмыстарды жазу кезеңі: «Әлеуметтік философия опускулдары»; «Қазіргінің өткендігі элементтерін жалпы бағалау» (көкек, 1820 ж.); «Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыстар жоспары» (көкек, 1822 ж.); «Ғылымдар және ғалымдар туралы философиялық ойлар» (қараша−желтоқсан 1825 ж.). «Рух қуаты туралы ойлау» (1825-1826 жж.).


Екінші кезеңді «Позитивтік философия курсы» дәрістері (жеке томдармен 1830 жылдан 1842 жылға дейін жарыққа шығып отырған) құрастырады. Үшінші кезең «Позитивтік саясат жүйесі, немесе Адамзат діндері негіздері туралы социологиялық трактат» (1851 жылдан 1854 жылға дейін жарыққа шығып отырған) еңбегінде көрініс табады.


Бірінші кезеңдегі өзінің «Опускулдарында» («Позитивтік саясат жүйесінің» 4-і томының аяғында оны қайта шығарып отырып, Конт өз ниетінің бірлігін осылай атап көрсеткісі келеді), Политехникалық мектептің жас бітірушісі өз уақытындағы қоғам туралы пайымдайды. Социологтардың көпшілігі үшін олардың әрекеттерінің бастамасы болып, онда олар өмір сүретін, дәуір сипаты туралы пайымдаулармен байланысты. Бұл Огюст Контқа да тән. оның «Опускулдары», ХІХ ғ. басында еуропалық қоғам өз басынан өткізіп жатқан, тарихтың сәтін суреттеу және түсіндіру болып табылады.


Үш күйлер заңына сәйкес, адам ақылы бірінің артынан бірі келетін үш фазадан өтеді. Адамның өзімен салыстыруға тұратын, мәндерді немесе күштерді оларда мойындай отырып, ол біріншісінде құбылыстарды түсіндіреді, екіншісінде ол, табиғат сияқты, абстрактілі мәндерге көңіл аударады. Үшіншісінде адам феномендерге байқау жүргізумен және олардың арасында не осы мезгілде, не басқа уақыт барысында өмір сүре алатын, тұрақты байланыстарды тағайындаумен шектеледі. Ол деректердің себептерін ашудан бас тартады және оларды басқаратын заңдарды ашумен риза болады.


Теологиялық фазадан метафизикалыққа, ал кейін поитвтікке ауысу әр түрлі интелектуалдық пәндерде бір мезгілде жүрмейді. Үш күйлер заңы Конт ілімінде тек ғылымдар жіктемесімен қоса қатаң мағынаға ие бола алады. Әр түрлі ғылымдардың таратылу тәртіб біз үшін әр түрлі салалардағы позтвтік ақыл қалыптасу тәртібін ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет