Razdel1 1 Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде



бет1/37
Дата01.03.2023
өлшемі489,79 Kb.
#170578
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Ekonomika Baza


RAZDEL1
1)Кәсіпорын –нарықтық экономиканың негізі ретінде.
Экономиканың барлык даму кезеңінде кәсіпорын негізгі буын болып табылады. Дәл осы кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмыскердің өндіріс құралдарымен тіқелей байланысы қалыптасады. Дербес өнеркәсіптік кәсіпорын деп өндірістік-техникалық тұтастығы, ұйымдық-әкімшілік және шаруашылык дербестігі бар өндірістік бірлікті айтады. Кәсіпорын өз қызметін дербес атқарады, шығарылатын өнімді, салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған таза пайданы (кірісті) өзі пайдаланады. Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкер - басты тұлға болып табылады. Кәсіпкер мәртебесіне кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізу арқылы ие болады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі жеке азамат, сонымен бірге олардың бірлестігі болып табылады. Сонымен, кәсіпорын дегеніміз - бұл кәсіпкер немесе кәсіпкерлер бірлестігінің қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырып, таза пайда табу мақсатында кұрган дербес шаруашылық субъект. Кәсіпкерліктің басты мақсаты - таза пайда (кіріс) табу (бірақ кез келген амалмен емес.Кәсіпорын құруға кірісерде, кез келген кәсіпкер немесе олардың тобы өздерінің айқын әрі түсінікті мақсатын білуі тиіс. Бұл ой өз өнімі немесе кызметіне тұрақты тапсырыс алып, отыру жүйесіне сүйенуі керек. Көзделген өнімді өндіру неме-6е қызмет көрсету барлық қажет материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс және жаңа іс бастай отырып, өз капи-талын жүйелі, түрақты түрде толықтырып отыру мүмкіндігін ойластырған жөн. Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіптік мекемені үйымдастырудың негізгі үш бағыты бар. Олар:

  • өндірісті ғылыми ұйымдастыру;

  • еңбекті ғылыми ұйымдастыру;

  • басқару жүйесін ғылыми ұйымдастыру.

#
2)Кәсіпорын экономикасы пәнінің мақсаты, мәні.
Кәсіпорын экономикасы – өндіріс факторларының жиынтығы (меншіктік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала бақшалар, профилактория және т.б.), айналыс қоры, дайын өнім кәсіпорындарының есепшоттарындағы ақша қаражаттары, құнды қағаздар, материалдық емес меншікті қор (патенттер, лицензиялар және т.б.), өнімді сату нәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлы қызмет көрсетулер.
Кәсіпорынның барлық жұмыс қызметін сипаттау және түсіндіру «Кәсіпорын экономикасы» пәнін зерделеу болып табылады. Өндірістік қызметтердің заңдылығын түсіну негізінде нақтылы өндірістік мақсаттарды іске асыруда шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туады.
Кәсіпорын экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына обьективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару – бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.

Қәзіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін өзі басқару оргондарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.


«Кәсіпорын экономикасы» бағамын зерделеуде, оның негізгі міндетін тұжырымдау қажет. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз қабылданады және оның мәні мынада:

  • кәсіпорын меншік нысанына салалық құрамында болуына қарамастан бірінші буына халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады, ақырғы соңында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеу деңгейі жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әлауқатының деңгейіне байланысты болады;

  • нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық тетігін жан жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысындар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. қажет етеді.

Осыған сәйкес пәннің негізгі мақсаты мына төмендегілерден тұрады:

  • кәсіпорындарда негізгі әрекет ететін шаруашылақ тетіктерінің негізгі элементтерін құрау;

  • алдын ала анықтайтын нарықтық экономиканың талаптарына сай шаруашылық жүргізудің жаңа нысандары мен әдістерін кеңінен енгізу;

  • меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорын экономикасы мен ұйымдастыру ерекшеліктерін зерделеу.

«Кәсіпорын экономикасы» пәні «Кәсіпкерлік экономикасы», «Менеджмент», «Маркетинг», «Бухгалтерлік есеп жіне шығармашылық қызметін талдау», «Қаржы», «Статистика» және т.б.пәндерімен тығыз байланысты.
Кәсіпорын экономикасы үшін берілетін шама бар. Ол әр уақытта есепке алынады. Халық шаруашылығындағы кез келген өзгерістер, мысалы, қажеттілік құрылымының өзгеруі, демографиялық ілгерілеу, халық табысының өзгеруі, ғылыми техникалық жетістіктер және т.б.кәсіпорындарының жағдайын өзгертуге әкеліп соқтырады. Керісінше, кәсіпорын экономикасын зерделеу объектісі, мысалы, өндіріс шығындары макроэкономиканың мәліметтері болады, сондықтан да зерттеулерде осыларды ескеру қажет.
Сонымен, кәсіпорын экономикасы дербес экономикалық пән болып табылады, пәннің мән мағынасын зерделеу кәсіпорынның іс-әрекетін әзірлеу процессін және шаруашылық шешімдерін қабылдау.
#


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет