19)Еңбек үрдісін зерттеу әдістері. Еңбек үрдісі келесі кезеңдерден құралады: адамның мақсатталынған қызмет түрінде еңбектің өзі, еңбек заты, еңбек құралдары және еңбек нәтижесі.
Өндіріс құралдарсыз еңбек үрдісі жүрмейді, бірақ адам еңбегінсіз өндіріс құралдары ештеңе құра алмайды. Өндіріс құралдарын тек қана еңбек іске асырады және адам мақсатының жүзеге асуына әсер етеді. Сол сияқты, еңбек байлықтың маңызды көзі ғана емес, сонымен қатар барлық адымзат өмірінің негізгі шарты болып табылады.
«Еңбек үрдісі» түсінігі «өндіріс үрдісі»түсінігімен салыстырғанда тар мағынада.
Өндіріс үрдісі еңбек үрдісінң толық комплектінің негізінде орындалады. Әрбір еңбек үрдісі дайын өнімді алудағы тек балгілі бір кезеңді білдіреді. Кей кезеңдері өндіріс үрдісі адам еңбегінсіз тек табиғат факторының әсер етуімен жүреді.
Ғылыми-техникалық прогресстің жылдамдауы еңбек құралдарының жақсаруына, жаңа еңбек құралдарының өндіріс процесіне енуіне септігін тигізеді. Алайда, ғылым мен техниканың дамуына қарамай еңбек өндіріс процесінде өзінң белгілі орнын, ал адам еңбек процесіндегі ролін жоғалтқан жоқ.
Еңбек ресурсының ең белсенді бөлігі жұмыс күші болып табылады. Жұмыс күші дегеніміз адамның қажет заттарды құрудағы қолданатын физикалық рухани қабілеттіліктің жиынтығы. Яғни, адамның еңбек процесінде физикалық және рухани қабілеттілктері іске асқанда ғана еңбек ресурсы жұмыс күшіне айналады.
Еңбек ресурсының құрамына қоғамдық өндірістегі жұмыскерлер, сонымен қатар еңбек процесіне қатыспайтын, бірақ сәйкес келетін жағдайда өнім өндірісінде қолданылуы мумкін тұрғындар бөлігі кіреді.
Қызмет ететін заңға сәйкес еңбек ресурсына тұрғындардың еңбекке қабілетті: 16-дан 63 жастағы ерлер және 16-дан 58 жастағы әйел адамдар жатады. Бұдан басқа, еңбек ресурсының құрамына сол жерде тұратын жасөспірімдер және пенсия жасындағы тұлғалар жатады.
Қоғамдық өндіріске қатысатындардан басқа еңбек ресурсына еңбек қорының потенциалдық бөлігі жатады, яғни өндіріске қатыспайтын, бірақ қолайлы жағдайда өндіріс процесіне қатысуы мүмкін адамдар (студенттер, солдаттар, оқушылар).
Еңбек ресурсы жұмыскерлердін келесі категорияларын өзіне енгізеді: тұрақты, уақытша және сезондық.
Тұрақты жұмыскерлер деп жұмысқа мерзімі белгіленбеген уақытқа алынған тұлғаларды атайды. Сезондық жұмыскерлер 6 айдан көп емес, белгілі бір уақытқа қабылданады. Уақытша жұмыскерлер жұмысқа 2айдан көп қатыспайды.